«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты



Pdf көрінісі
бет26/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92
ӨТЕГЕН АҚЫННЫҢ ҰЛЫЛЫҒЫ 
 
Жаксылыкова М., 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Магистранты
Қызылорда қ., Қазақстан 
Өтеген Күмісбаев елімізге танымал ақын болды. Лирикаға толы нәзік жырлары 
жырсүйер қауымның көңіл түкпірінен орын тауып, талайдың жүрегінде ән болып 
тербетілді. Ол көрнекті шығыстанушы ғалым еді. Оның ғылым жолындағы сүбелі із-
деністері, қол жеткізген табыстары ұшан-теңіз. Қазақтың сүлей ақыны Т.Ізтілеуов 
шығармашылығын егжей-тегжейлі зерттеп, шығыс поэзиясы мен қазақ ақындық дәстүрі 
арасындағы Алтын көпірге айналды. Ол тамаша аудармашы болатын. Оның аударма сала-
сында да атқарған еңбегі өз бағасын алды. Сонау кеңес заманында Шығыс шайырларының 
інжу-маржандарын қазақ тіліне аударып, қазақ поэзиясында жаңа қырынан танылды. Ол 
ұлағатты ұстаз болды. Оның алдынан жүздеген шәкірттер түлеп ұшып, тәуелсіз еліміздің 
ғылым-білім, дипломатия саласында қомақты қызметтер атқарды 
Белгілі шығыстанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор 
Өтеген Күмісбайұлы еліне алдымен ақын ретінде танылды. Ол «Тұңғыш» атты алғашқы 
жинағынан «Гүлсана бағы» жыр кітабына дейінгі көркем шығармашылық жолында белгілі 
ақын ретінде, «Жапырақтар түсіп жатыр» туындысынан «Тіршілік тоқтамайды» кітабына 
дейінгі әр алуан жанрдағы прозалық кітаптарында қара сөздің кесте тіккен шебері ретінде 
танылды. Оның бірсыпыра туындылары орыс, ағылшын, поляк, украин, қырғыз, башқұрт, 
т.б. тілдерге аударылса, өзі әрідегі Әмір Хұсрау Дехлеви, берідегі М.Рыльский, Р. Ғамзатов, 
Қ.Құлиев, Вс.Рождественский сынды әлем оқырмандарына белгілі әдебиет алыптарының 
шығармаларын қазақша сөйлетті. Ол ғылыми жолда да сол әлем әдебиетінің небір 
жұлдызды тұлғаларын өмірге келтірген парсы әдебиетіне аса іңкәр болатын. 
Оның Тұрмағамбет Ізтілеуовтің «Рүстем-Дастанынан», «Абай мен Шығыс», 
«М.Әуезов және әлем әдебиеті», «Қазақ әдебиеті және Шығыс», «Иран әдебиетінің тарихы» 
секілді іргелі еңбектерінің өнбойынан – шығыстық ренесанстың биік тұғырнамалы шығар-
маларымен қазақ әдебиетінің рухани байланыстары жайын ашсам деп еңбектеніп өткен 
және сол жолда елеулі табыстарға жеткен ғалымдық, азаматтық болмысын танимыз. 
Ардагер азаматтың жиырма жылдық өмірі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институтының қабырғасында өтті. Ол академик Зәки Ахметов, әдебиет тарихының терең 
білімпазы, ұлттық академияның мүше-корреспонденті Әнуар 
Дербісәлиннің қарамағында қызмет етті. Академик Серік Қирабаевтың институт 
директоры кезінде директордың орынбасары, филология ғылымдарының докторы атағына 
диссертация қорғататын мамандандырылған кеңестің ғалым-хатшысы болды. Сол 
уақыттың өнбойында оның біреумен сөзге келіп, қабақ шытысып жатқан жайсыз кезін 
көрмеппіз. Осы мінезімен ол өмірден өткенге дейінгі қызмет еткен әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің әр алуан басшылық қызметінде жүрген кезінде де 
айнымағаны даусыз. Оны сол жайсаңдығы үшін де әріптестері ерекше сыйлайтын.
Бір сөзбен айтқанда, ол өзінің барша саналы өмірін халқына қызмет етуге арнады.
Жазмыш кесімі, тағдыр ісі десек те, қатарды ойсыратып, орнын үңірейтіп, 
ортамыздан аяулы, абзал азаматтарды алып кететін құшағы салқын өлім қисынына жан 
көндігуі мүмкін емес. Бүгін де сондай бір хал. Өтекең, Шығыс поэзиясының хош иісті 
хошуақ лебізін қазақтың жусан жұпарлы даласына жалғаған шұғылалы ақын Өтеген 
Күмісбаев өмірден озды. Тағы да сол, жазмыш бұйрығы… 
Бұл заманда өскіндері өркенге құлап, «Батыс-Шығыс» деп айшықталатын әлем-
дүниеге тамырын терең жібере бастаған Қазақ әдебиетіндегі Жаратқанның жаһан 
кеңістігіне өріс кеңейтсем деген елеулі талпыныстар өткен тарихтардан бастау алып жатыр. 
Бұл талап – өзімізде барды өзгеге ұқсатып ұсыну, өзге әлемнің құнарынан талғап-таңдап 
сусындау мақсаты ғой.


80 
Өтеген Күмісбаев, сонау өзі әдебиет табалдырығын аттаған ХХ ғасырдың екінші 
жартысында осы бағытты алғаусыз өмірлік нысана, шығармашылық мұрат етіп таңдаған 
сияқты. Бұл тағдырлы таңдау бағдарында, жарық жұлдыздар сипатты Абай, М.Әуезов, 
Т.Ізтілеуов, Қ.Шаңғытбаев сынды өнеге мысалдары тұр еді оның маңдай тұсында.Сол 
жолда, ақын поэзиясынан бөлек, «Терең тамырлар», «Абай және Шығыс», «М.Әуезов және 
әдебиет әлемі» атты ғылыми кітаптар өмірге келді. 
Р.Ғамзатов, Қ.Құлиев, Вс.Рождественский өлеңдері қазақ тілінде, тағы бір қырында 
сөйледі. 500-ден астам ғылыми, зерттеу мақалалары жарық көрді.«ХІХ-ХХ ғасырлардағы 
қазақ және парсы әдеби байланыстары» деген тақырыпта докторлық диссертация 
қорғалды.Әлем әдебиеті мен мәдениетіне қазақ топырағынан тартылған алтын көпір сондай 
жауһарлармен кемелдене түсті. Бұл үдерістегі Ө.Күмісбаев арқауы аса елеулі құбылыс еді. 
Кейінгі, ғылым жолына түскен ізбасарларына, ілім-білім қуған қазақ жастарына бұл 
еңбектер – мол мағлұматты, болмысы терең қазына-кеніш ретінде енді. 
Шығыстану ғылымына келуі, өзінше бөлек бір қызық әңгіме болған. 1960 жылдары 
ҚАЗМУ-дің филология факультетінде оқып жүргенінде араб тілі мен әдебиетіне деген 
ерекше қызығушылығы болды. Араб тілі мен әдебиеті Өтеген ақынның шығыс әлеміне 
бетін бұрғызып, шығыс шығармаларына деген ішкі шырайын тудырып, шығыс 
жұлдыздарына деген ілтипатын арттырды. Бұрын араб ақындарының өлеңдерін орысша 
аудармасынан оқыса, араб тілін үйрене бастағаннан кейін, араб шығармаларын түп 
нұсқадан оқи бастаған. Араб ақындарының өлеңдерінің шуағы ақындыққа жетелеп, Өтеген 
1964 жылы «Тұңғыш» деген өлеңдер жинағын шығарды. 1964-69 жылдары Қазақстан 
Жазушылар Одағының көркем әдебиетті насихаттау бөлімінде қызмет атқарды. 
Сонымен қатар, «Егеменді Қазақстан» газетінің әдебиет бөлімінде қызмет етті. 1969 
жылы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы, М.Әуезов атындағы әдебиет институтында кіші 
ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа қабылданды. Ол кезде оны жұртшылық ақын ретінде 
танығанмен, оның негізгі ойы ғылыммен шұғылдану болатын. Академияда бір жылдай 
жұмыс істеді. Бір күні институттың директоры Мүсілім Базарбаев ақын ағамызды 
кабинетіне шақырады. Ол кісі Қазақстанның екі рет сыртқы істер министрі болған, 
жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиетін, дәлірек айтатын болсақ, Шәкәрім мен 
Мағжанды зерттеп, докторлық қорғаған адам болатын. Мүсілім ағамыз: «Мәскеуге оқуға 
барасың ба?» деді. Ол кезде 22-23 жастағы бойдақ кезі. Осы бойдақтықты қимады ба, 
білмеймін, Өтеген ақын бірден жауап бере алмайды. Мүсілім ағамыз: «Мәскеудің 
Шығыстану институтынан шақырту қағаз келіп отыр. Бұл шақырту бойынша біз Мәскеуге 
бір жас маманды оқуға жіберуіміз керек. Осыған сені таңдадық» деген. Өтеген: «Бір күн 
ойланып көрейін» деген. Ертесіне келіп, келісімін береді. Мүсілім ағамыз: «Кіммен 
ақылдастың?» деді. Өтеген: «Жүріп жүрген қызым бар еді, сонымен ақылдастым. 
Қалыңдығым: «Үлкен кісілер, сенім артып, жіберіп отырса, барғаның жөн» деп отыр. 
Қабырғаммен кеңесе келе барсам барайын деген шешімге келдім» деген. Сонымен Өтеген 
Мәскеуге аттанып кетеді. Алғашқыда, Шығыстану институтына машықтанушы-зерттеуші 
болып жұмысқа қабылданады. Бір жылдан соң осы институттың аспирантурасына түседі. 
Аспирантурада оқып жүріп ғылыми жұмысының тақырыбын «Тұрмағанбет Ізтілеуов және 
оның Рүстем дастаны» деп бекіттірген. 
Шығыстану институтының «Иран әдебиеті бөлімінде» жұмыс істей жүріп, шығыс 
әдебиетінің тұңғиығын зерттей бастайды. Ақынның ғылыми жұмысына ұлты әзірбайжан, 
профессор Газенфор Әлиев деген жігіт жетекшілік жасады. Жетекшісі оған ағылшын, араб, 
парсы тілдерін оқып үйренуім керектігін айтты. Араб тілінен Юрий Николайвич Ансец 
деген Польша университетін бітірген кісі сабақ берді. Ол атақты Юрий Крачковскийдің 
шәкірті болатын. Ал, парсы тілінен Кирин Николайовна Юрома деген ғылым кандидаты 
дәріс берді. Осы кісілерден екі жылдай уақыт сабақ алып, араб және парсы тілдерін 
меңгеріп шығады. Мәскеуге өзіммен бірге елден Рүстем дастаны, Ләйлі Мәжнүн, Сейфул-
Мәлік, Шахнама туралы жиырмаға тарта қисса-дастандарын ала барады. Осы қисса-
дастандарды ғылыми сүзгіден өткізіп, мақалалар жазып тұрады. Тырнақ алды алғашқы 


81 
ғылыми шығармасы ретінде Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» дастанына қатысты зерттеуді 
айта аламын. Ол кезде Шәкәрімнің атын атуға, оның шығармасын оқуға тиым салынған кез 
болатын. Осыған қарамастан, Мәскеу мұрағаттарынан Шәкәрім шығармасы жөнінде 
каталогтарды қарап шығып, оның «Ләйлі-Мәжнүн»дастанын тауып алады.
Шәкәрімнің бұл дастанын Мұхтар Әуезов 1922 жылы Ташкентте «Шолпан» 
журналында ескі араб әрпімен басып, жариялаған екен. Кейін, 1935 жылы Сәкен Сейфуллин 
алғы сөз жазып, бұл дастанды жеке кітап етіп шағарған. Осы дастандағы стиль, мақам, 
сипат, теңеу мен оқиғалар өрісін өзге «Ләйлі-Мәжнүн» дастандарымен салыстырып
сондай-ақ, бұл дастанның қазақтың эпикалық жырларына әсерін талдай келе орыс тілінде 
ғылыми мақала жазады. Шәкәрім жөнінде айтуға тиым салынғанмен, ақынның батылы 
жетіп, автордың ойлау жүйесі мен көркемдік тілі жөнінде кеңірек тоқталып, ғылымдағы 
алғашқы қарлығашын ұшырды. Сол жылдары Мәскеуде өткен конференцияда бұл жөнінде 
баяндама жасады. Конференцияда ақынның бұл зерттеуіне ғалымдар ерекше 
қызығушылық танытты. «Шәкәрім деген қандай ақын? Неге бұл дастанды жырлаған?» 
деген сұрақтар қойды. Ақын: «Қазақ халқында сондай бір жақсы дәстүр бар, өзге елдің 
ғибратты, гуманистік тұрғыдағы жыр-дастандарына қазақы рең, түс бере отырып, өз тілінде 
жырлайды. Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны осы сипатта жазылған шығарма» деп 
жауап берген. Шәкәрім дастанының кіріспесінде мұндағы оқиғалар өрісін Физули деген 
парсы ақынының шығармасынан алғанын айтады. Физулидің «Ләйлі-Мәжнүні» мен 
Шәкәрімнің дастанында сюжеттік ұқсастық бар ма? деп салыстырып көргенінде, 
Шәкәрімнің оқиғаларға өз ойынан ештеңе қоспастан, дастанды тек қазақы теңеу, ұқсас, 
ритмика, сөз тіркестер, мақал-мәтелдер, мақамдармен жырлап шыққандығына тәнті 
болады, зерттейді.
Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүні» жөніндегі бұл мақаласы сол кезде Мәскеуде шығатын 
«Простор» журналында жарияланды. Екі-үш айдан кейін Өтегенге бір хат келеді. Хаттың 
кімнен жіберілгенін қараса «Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиев» деп жазылып тұр. Ахат 
ақынға жазған хатында: «Өтеген сенің Шәкәрім туралы мақалаңды оқып қатты риза болып 
отырмыз. Шәкәрім туралы қорықпай жазған алғашқы ғалымдардың бірісің. Бұдан кейін 
Шәкәрім туралы тереңірек жазамын деген ниетің болса, оның мынандай еңбектері бар. 
Маған хат жазып хабарлас» деп, жазыпты. Жалпы, мен ғылымға Шәкәрімнің шығармасын 
зерттеу арқылы келдім десем болады. Тұрмағамбет Ізтілеуовтың «Рүстем» дастанын да 
зерттеуім, мені биікке шығарды. Бұл дастанды зерттеп жүргенімде мен әдебиеттің керемет 
сырларына қанықтым деп айта аламын» деген екен. 
Өтеген 1973 жылы жоғарыда айтып өткен тақырыбы бойынша кандидаттық 
диссертация қорғады. Сол жылдары КСРО Жазушылар Одағының Қазақ әдебиеті бөлімінде 
консультант болып жұмыс жасап жүрген Тәкен Әлімқұлов деген азамат Өтегенді шақырып 
алып: «Өтеш, мен елге қайтпақпын. Менің орныма сен жұмыс істе» деп өтінді. Өтеген ақын 
аспирантураны оқи жүріп, осы қызметті қатар алып жүреді. 1974 жылы елге оралып, 
әдебиет институтында қызметке орналасады. Осы институтта жүріп «Рүстем дастаны» 
деген кітабын шығарады. Бұл кітаптың артынша «Қазақ-араб әдебиетінің байланысы» деген 
кітабы жарық көреді. Өтеген осылайша шығыстану ғылымына келеді. 
Белгiлi шығыстанушы ғалым, ақын Өтеген Күмiсбаев ұзақ жылдар бойы Шығыс 
әдебиетi мен мәдениетiн зерттей жүрiп, сол елдердiң әйгiлi сөз зергерлерiнiң 
шығармаларын қазақ тiлiне тәржiмалау iсiнде де көп тер төккен азамат. Төменде ғалымның 
парсы әдебиетiнiң классигi Фирдоуси өмiрiне қатысты еңбегiн оқырман назарына ұсынып 
отырмын. 
“Шахнама” деп аталатын кiтабым дүниеге оңай келген жоқ, шырағым. Осы 
шығармама отыз бес жыл өмiрiм кеттi. Шаштарым ағарып, тiстерiм түсiп, белiм бүгiлгенше 
жаздым. “Шахнама” заманның қиын уақытында туды, бұл да бiр iштен туған перзентiм едi 
ғой, ұзақ тербеттiм. Ел араладым, қариялардан дастандар тыңдап, құлағыма құйдым. Көне 
кiтаптардың беттерiн аштым, өзiме керегiн алдым 


82 
Қорыта келгенде ғылымға қосқан өлшеусіз үлесі зор тұлға. Шығыс шайырларының 
інжу-маржандарын қазақ тіліне аударып, қазақ поэзиясында жаңа қырынан танылды. Өткен 
ғасырдың 80 - жылдары қазақ телеарнасында өзі жүргізген «Шығыстың жеті жұлдызы» 
атты бағдарламасы арқылы қазақстан халқын Әлем мойындаған Фирдоуси, Рудаки, Хафиз, 
Омар Хайям, Сағди, Руми, Науаи шығармашылығын халыққа таныстырған. Өзінің 
замандастары ғана емес, өкшесін басып келе жатқан іні-қарындастарының есінде. Ақынның 
ғылым жолындағы сүбелі ізденістері бен бүгінге дейін қол жеткізген табыстары ұшан-теңіз. 
Қазақтың сүлей ақыны Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығын егжей – тегжейлі зерттеп, 
шығыс поэзиясы мен қазақ ақындық дәстүрі арасындағы Алтын көпірге айналды.
Шығыс дастандары мен қазақ дастандары арасындағы тамырластықты тануға 
ұмтылып, Абай, Шәкәрім, Хафиз арасындағы сабақтастастықты зерттеген көптеген 
оқулықтары жарық көрді. Қазақтың тіл меңгерудегі ынта-жігері де талайды тәнті еткен. 
Араб, парсы тілдерін үйреніп, оны жетік меңгеруге деген ұмтылысы ерекше еді. Парсы 
ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне түп нұсқадан аударып, бұлбылдай сайрататын. Ақын 
аударған шығыс жырларын тыңдаған жан өзін Фирдоусидің жалынды жырларын жанымен 
ұғып, шабытқа бөленетініне еш күман жоқ. Ақынның талмай ізденген талпынысының 
нәтижесінде дайындаған еңбектері жарық көріп, қазақстан ғылымының дамуына үлкен үлес 
болып қосылды. Көпшілік шығыс ақындарының өлеңдері осы еңбектері арқылы бірінші рет 
қазақ тіліне аударылды. Қазақ ұлттық университетіне сіңірген еңбектерін де атап айтсақ 
артық емес.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Күмісбаев Ө. Ақ шолпан:Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1971. – 87 б. 
Күмісбаев Ө.Ақбота: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1974. – 71 б. 
2.
Күмісбаев Ө. Алақан:Өлеңдер. – Алматы, 1966. – 95 б. 
3.
Күмісбаев Ө. Ауғанстан достық құшағында /Ө.Күмісбаев.- Алматы: 
Қазақстан, 1988.- 168 б. 
4.
Күмісбаев Ө.Ауылдан шыққан жол: Әңгімелер. – Алматы, 1975. – 176 б. 
Күмісбаев Ө. Екі перне /Ө.Күмісбаев.- Алматы: Жазушы, 1980.- 156б. 
5.
Күмісбаев Ө.Жапырақтар түсіп жатыр: Повесть және әңгімелер. – Алматы: 
Жазушы, 1969. – 92 б. 
6.
Күмісбаев Ө. Ортақ арна: Әдеби-сын мақалалар. / Ө.Күмісбаев.- Алматы: 
Жазушы, 1985.- 176б. 
7.
Күмісбаев Ө. Тіршілік тоқтамайды: Повестер, әңгімелер. / Ө.Күмісбаев.- 
Алматы: Жазушы, 1982.- 176 бет. 
8.
Күмісбаев Ө. Шығармалары. Екі томдық / Ө.Күмісбаев; Жауапты ред. 
Б.Кәрібозұлы. - Астана: Фолиант, 2008.- (Сырдария кітапханасы) 
9.
Күмісбаев Ө. Шығыс шайырлары: Шығыс ақындары поэзиясының 
антологиясы / Ө.Күмісбаев; Ред. Күлімбетов Ә.- Алматы: Қазығұрт, 2011. - 224 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет