С.ҚОНДЫБАЙДЫҢ R-ПРИНЦИПІ ЖӘНЕ АР ПРАФОРМАСЫ
Ақбердыева Б.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау филиалы,
Ақтау қ., Қазақстан
Аурудың өзін тағдыр ретінде қабылдап, 36 жасында дүниеден озған, ғылымға
тосын қырынан келіп, ғаламның тылсым құпия сырын білуге ұмтылған
С.Қондыбайдың азаматтық тұлғасының өзі аңызға айналды. Ол «Киелі Қазақтың
Мәңгі елі – реалды географияда емес, біздің санамыз бен түйсігімізде, яғни әрбір
қазақтың ішінде орналасқан, әбден тұмшаланып, шаң басып, танылмай жатқан «ішкі
елімізде. Мифология – осындай кеңістікті қайтадан танып білуге жол ашып беретін
кілттердің ішіндегі негізгісі» дейді. Өткен заманның ұмыт болған қабаттарының
бетін аршып алуға, естен шыққан Рухты, Киені, Ділді, Танымды еске түсіруге,
түпсанамызда жатқан ұлттық архетиптерді оятуға мүмкіндік беретін әдіс те – осы
мифология екендігін алға тартады. Серікбол Қондыбай адамзат тарихы мен
мәдениетінде түркі халықтарының алатын орнын жоққа шығарып келген
«үндіеуропалық», «үндіарийлік» және «үндіирандық» теориялардың жалған
деректерін түбірімен жоққа шығарған 16 кітаптың авторы. Оның ашқан
жаңалықтары, сол баяғы мың жылдан астам уақыт бұрын Фараби сияқты кемеңгер
бабамыз салған көне жолдың бүгінгі жалғасы, таза қазақ мүддесіне бағындырылған
отандық ғылымның қайтадан жандануы, жаңғыруы болып саналады. Серікбол
шығармаларының ұлы тағылымы да осында.«Арғықазақ мифологиясы» -
С.Қондыбай шығармашылығының шыңы [1].
Себебі еліміз тәуелсіздігін алғанына ширек ғасыр толып, халқымыз басынан
кешкен зұлматтарда жоғалтып алған, айырылып қала жаздаған ішкі дүниеміздегі
«Мәңгі қазақты» тірілтуге, рухани жаңғыртуға бет алған мезетте - Серікболдың
қазақтың ұлттық құндылықтар дүниесін құрайтын мифологиялық жадысын
реконструкциялауға, қазақтың әлемдік мәдениет аренасында алатын үлес салмағын
айқындауға бүкіл саналы өмірін сарқа арнаған бұл еңбегі қазіргі таңда үлкен
сұранысқа ие болып отырғандығы жайдан жай болмаса керек.
119
Тiл адам санасының материализациялануы болса, онда сананың қоршаған әлемдi
тану сатыларының алғашқы нүктесi – мифтiк ойлау өзiнiң субстанциясының да бастапқы
«нүктесi» болуға тиiс. Сондықтан, тiлдiк таңбаның тұрпаттық жағынан оның мазмұндық
жағына қарай бағытталған лингвистикалық зерттеуден гөрi, алғашқы нүктеден берi қарай,
яғни, мифтiк ойлаудан тiлге, «көрiлместiң көресiндерiне» қарай зерттеу жүргiзудi бастап
бергендiгi - Серiкбол зерттеуiнiң жасампаздығы болып табылмақ.
Гуманитарлық ғылым салаларының барлығы да бастапқы ғылым – мифологияға арқа
сүйеуi керек, олай болмайынша аталмыш салалардың жүйелi дамуы мүмкiн емес» - дейдi
ол. Демек, мифология – адам мен табиғат туралы ғылымның қай-қайсысының да күрделi
негiздерiнiң бiрi.
Ғасыр басында адамзат қоғамы әлем, дүние, қоршаған орта туралы барлық мағлұмат
лингвистикалық каналдар арқылы берiлiп, сонда сақталатынына көзiн жеткiздi. Адам сөз
дүниесiнде өмiр сүредi, орасан зор ақпараттарды адамзат сөз арқылы меңгерiп, сөз арқылы
түсiне алады. Серiкболдың зерттеу еңбектерi мифологиялық сөздiктi көзге елестетедi. Бiр
қарағанда түсiнiксiз, мағынасы күңгiрттенген сөздер Серiкболдың баянында кенеттен қайта
жаңғырып, көкейiңе қонып шыға келедi.
Серікбол аршыған мыңдаған сондай сөздердің, мәндердің бірі – R-принципі және Ар
праформасы.
Қазақ тіліндегі рет немесе ірет (ыр ет), ырық сөздері ыр түбірінен шыққан. Ыр
прототүркілік мән, яғни суть, сущность дегенді берсе, ет (т, ат, ет, ұт, де, деу және т.б.)
қозғалу, тірілу, сөйлеу деген қимыл-қозғалысты білдіретін етістіктің жалғануынан шыққан.
ЫрЕТУ бастапқы ғалам заңын айту деген сөз дейді. Қазақ тіліндегі ежелгі батырлар туралы
сөз жыр, йыр, ырда осымен байланысты. Осы прототүркілік ырет сөзі үндіеуропалық
тілдерге ауысқан. Орыс тіліндегі ряд, порядок сөзі, сондайақ ежелгі үнді, ирандық рита
сөздері, осыдан ритуал, қазіргі ағылшын тіліндегі арт өнер, ремесло сөздері осы түркілік
реттің көшірмелері. АРТА ежелгі иран, авесталық сенімде ғаламдағы тәртіп-ретті
анықтаушы, көрсетуші ұғым. Бұл сөздердің оңтүстік батыс азиялық күн тәңірі Рамен
тікелей байланысты болуы кезінде Олжас Сүлейменовтің АЗИЯсында да айтылған болатын
[2, 56].
Сонымен ЫРету немесе АРету ежелгі қазақтық түсініктегі бүкіл ғаламдағы, адамзат
космосындағы, қоғам мен табиғаттағы мәңгі ереже, жөн-жосық, ырық-тағдыр.
Арет немесе АРТ праформасы – қазақ тілінде үш уақытты (арта, ерте, ертең, ертеде,
ертерек), жасампаздықты (ерттеу мұнда жабайы тайды қолға үйретілген арғымаққа
айналдыру, яғни тағы қоғамнан өркениетке өту) үйрету мәніндегі қозғалысты (мысалы,
ерту, ертіп кету, артынан ерту - үлкеннің кішіні, кәрінің жасты артынан ертуі – үйретуі),
сонымен бірге ерекшелік пен биіктікті білдіретін (арттық, арттыру, арту, артық, ардақ)
жаңа ұғымдар туғызған. Сонымен ырық, ырым, ырас, ырыс, ар, ер, жар, жарату, төр, жыр,
ыр, ор, өр, ұран, үрей, рет, ерік, ертегі тағы басқа сөздердің бір праформадан шыққандығын
айтады. Осы жерде айта кететін жайт бұл түбірдің дейтүркілік екендігін тілімізде көп
мағына туғыза алатындығымен дәлелдеп көрсетіп тұр.
Ар сөзіне ерекше мән беретін тіл қазақ тілі. Қазақ рухы үшін ең жоғары сөз де осы
Ар сөзі. Қазақ тіршілік, өмір атаулыны үш деңгейде көре білген. Бірінші, қарабайыр,
тоғышар тірлік, дүниемал жию, қарын тойғызу оны мал тірлік дейді. Екінші кәдімгі адами
иманды тірлік. Оны жан өмір дейді. Үшінші, Ар тірлік. Ол арғы дүниедегі тірлік пе, әлде
басқаша тірлік пе? Дәл анықтама беру қиынның қиыны. Бірақ ол қазақ үшін екеуінен де
маңызды, биік тұр. Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы.
Армысың деген амандасу сұрағына адам бармын деп жауап беріп амандасады. Яғни
Армысың ба деген сұрақты сен арсың ба деген сұрақ екенін білеміз, оған ия бармын, яғни
арым бар деп жауап береді.
Енді осы сөзбен түбірлес Арыс адам атаулының таңдаулысы, адам арасындағы ең
қадірлі пенде, ардақтысын, артығын арыс дейді, бүкіл қазақтың төл аталары болып
табылатын үш мифтік кісінің аты Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс болуы да кездейсоқ емес.
120
Осындай модельде сегіз арыс адай, алты арыс арғын сияқты сипаттамалар жасалған.
Осындай ең таңдаулы аң патшасы арыстан; арлан бөрінің таңдаулысы, ері, батыры; ардақ
сыйлы, таңдаулы, қадірлі; артық белгілі мөлшерден көп, жоғары болу; ардагер,
артықшылық сөздері де осы ретте.
Ар - жалпы дүние ғаламның, тіршіліктің жоғарғы мәні, яғни ар кеңістік, ар уақыт, ар
қозғалыс. Ертедегі адам дүние тірлігін екі бөлікке бөлген бірі о дүние, екіншісі бұ дүние. О
дүние Ар дүние арғы дүние, ал бұл дүние, болмыс, анықтаушы болған ар сөзінің алдына Б
( бы, бі, біз яғни меннің көпшесі, мына, бұл, мынау, мен деген яғни мы, ым, мі, ім М
принципі) жалғанып бар сөзіне айналған. АРдүние Бар дүние. Арғы дүние Барғы дүние,
арғы-бергі екі дүние дегені осы дейді.
Арғықазақ арға болмыстан басқа, жоғары дүниені теліген. Оны о дүние деп түсінуге
болады. О дүние ар болса, о дүниенің адамы өлген адам жаны арлық пенде, немесе арық
пенде болған. Бүгінгі қазақ тілінде бұл сөздің мағынасы жүдеу, еті қашқан, құр сүлдесі
қалған дегенді білдіреді. Еті не майы жоқ, қу сүйек. Ет пен май бұ дүниенікі болса, сүйек о
дүниенікі. Арық сөзінің ежелгі мифтік мағынасы да осыған байланысты. Осы жерде ер
арыса аруақ, ат арыса тулақ деген мақалды келтіре отырып, Серікболдың айтып отырған
сөздерінің дәлелді екендігін тағы да атап өтуге болады.
Араб-парсынікі делінетін, бірақ түркінің төл сөзі болып табылатын аруақ сөзі де
манағы праформадан шыққан.
Мифтiк архетиптi реконструкциялау сөздiң, тiлдiң көмегiнсiз iске аспайды,
сондықтан, мифтi қалпына келтiру әрекетiне тiлдi, байырғы сөздi қалпына келтiру әрекетiн
қосақтауға тура келедi. Осы екеуi - сөз бен миф – бiр-бiрiне қосақтала, бiрiн-бiрi жетектей
жүрiп, бiр-бiрiнiң жетiспес жерiн толықтырады, бiр-бiрiнiң қателiктерiн түзетедi, осылайша
бiр-бiрiне көмектесе жүрiп, өздерiн өздерi қалпына келтiредi, жаңадан, қайтадан тудырады.
Мифтiң дүниежүзiлiк тарихи құбылыс екендiгiн тану – мифтiк бастапқы интуиция
(Канттың терминологиясында «синтез первоначального целого») қайдан пайда болды,
феноменологиялық жағынан алғаш пайда болғанда қандай мазмұнға ие болды деген
мәселелердi анықтаумен қатар жүредi. Серiкболда бұл Нұр немесе Құдайы құдiрет,
Абсолют, ал оның адамдарға, жер бетiне түсірiлетiн доктринасы Iлкi төр деп аталады [3].
Сөзімді қорыта келе, Серікболды тануда, танытуда алғашқылардың бірі болып өз
пікірін білдірген, дүниеден озып кеткен қазақтың талантты жазушысы, өнертанушысы,
ғалым-азамат Таласбек Әсемқұловтың: «Абырой заңында» Серікбол байырғы қазақ
қоғамының ескі әскери дәстүрлерін, ескі салт-санасын қалыпқа келтіру арқылы ұлттық
мінезді түзеуге болатынын айтады және ойларын жалаң ұран формасында бермеген, нақты
шараларды, оны іске асырудың жолдарын да атап көрсеткен. Бүгінгі қазақтың генінде,
санасының терең түкпірінде сақтаулы жатқан көне қазақ бейнесін қайтадан тірілтуді
армандаған. Серікбол, әрине, арманына жете алмай кетті. Енді бұл міндет бүгінгі қазақ
қоғамының алдыңғы қатарлы азаматтарының мойнында» деген болатын. Осыны тілге тиек
ете отырып, Серікбол Қондыбай шығармашылығы арқылы бүгінгі қазақтың санасының
терең түкпірінде сақтаулы жатқан МӘҢГІ ҚАЗАҚ бейнесін рухани жаңғырту біздің басты
міндетіміз болуы тиіс дегім келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. 4 томдық – Алматы: «Дайк-Пресс», 2004.
2. Қондыбай С. Толық шығармалар жинағы. 15-том. Таңдамалы мақалалары (1991-
2005жж.). - Алматы: «Арыс» баспасы, 2010.- 444 бет.
3. Ақбердыева Б.Қ. Қазақ тіліндегі мифтік жүйе. -Алматы: «Арыс», 2005. -185 б.
Достарыңызбен бөлісу: |