«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ӘСКЕРИ ТЕРМИНДЕРДІҢ ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ



Pdf көрінісі
бет46/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92
ӘСКЕРИ ТЕРМИНДЕРДІҢ ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
Темирова Э.Ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті. Көптілді білім беру факультеті 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» 2-курс магистранты, -Атырау қ., Қазақстан 
Тіліміздегі сөздік қордың бір қабатын терминдер құраса, оның маңызды бөлігін 
әскери лексика алады. Қазіргі таңдағы әлемдегі мемлекетаралық жағдайлардың өзара 
шиеленісуі, қақтығыстардың пайда болуымен әскери лексика қатары толығу үстінде. 
Ғылым мен техниканың дамуына, қақтығыс жағдайының өршуіне байланысты әскери 
лексика қоры толығу үстінде болады. 
Кез келген ұлттың мемлекет ретінде қалыптасып, өмір сүруі – өзін-өзі қорғауы және 
сыртқы жаулардан сақтануының кепілі. Адамзат тарихына қарап отырсақ, ұлт үшін ұлт 


142 
ретінде өмір сүрудің үлкен күреспен, қантөгіс майданмен келгенін байқауға болады. 
Сондықтан әскери сөздер – этномәдени мәнді сөздердің қатарын құрайтын ұлттық 
қазынамыз. Көнеден келе жатқан әскери сөздерді этимологиялық тұрғыдан зерттеу – өзекті 
мәселенің бірі. Өйткені, қазақ халқының орыс империясы қол астына кірмеген кезінде 
қолданылған ұлттық әскери терминдері болды. Ол қазақ халқының өз дәстүрінен 
туындаған, өзге тілге аударылмайтын мәнге ие болды. Кейіннен заман талабына сай, орыс 
патшалығының құрамына өткеннен кейін қазақ қарулары халық қолданысынан ығыса 
бастады. Оның себебі, қазақ даласына мылтық, зеңбірек сынды қарулардың келуімен 
байланысты.
Қазақ тіліндегі әскери лексиканың зерттелу тарихы тым тереңде, түркі дәуіріне 
барып тіреледі. Бұл ретте түркі жұртының қару-жарағы, әскери лексикасын көршілес 
халықтардың, кейіннен Ресей патшалығы тарапынан зерттелуі түркі халықтарын тану 
саясатымен тікелей байланысты болса керек. Түркі жеріне, қазақ даласына барған әр түрлі 
экспедициялардың түркі халқының қару-жарағына қызығушылық танытуы осы сөзіміздің 
дәлелі іспетті. Екінші бір айта кететін жайт – Ресей патшалығы тарапынан түркілердің қару-
жарақтарын, әскери сөздерін зерттеу ісіне көптеген ғалымдардың да жұмылдырылып және 
ұзақ уақытқа созылуы – түркі халықтарын танудың қаншалық өзекті болғанын көрсетеді.
Көне дәуірдегі түркілердің қарулары туралы дереккөздердің бірі – көне дәуір жазба 
ескерткіштері. Көне және орта ғасырдағы көшпенділердің қаруды пайдалануы туралы 
еуропа саяхатшылары Плано Карпиний және Вилгельм Рубрук, Марко Поло еңбектерінде 
кездеседі [1, 362]. Сондай-ақ, ежелгі қытай жазбалары және Геродоттың да мұраларында 
түркі халықтарының әскери қару-жарақтары туралы мәліметтер бар [2]. 
М.Х.Дулати, Захир ад-дин Бабыр, Әбілғазы Баһадүр, Қ.Жалайыри, Қ.Халидұлы 
еңбектері қазақ хандығы дәуіріндегі қазақтың мәдени-тұрмыстық өмірі туралы мол дерек 
береді. Осы ретте қазақ халқының ұлттық болмыс, салтының құрамдас бөлігі – қарулар 
туралы берер ақпараты да өте көп.
Қазақ халқының алғашқы қару-жарақтары туралы этнографиялық зерттеулерді 
ХVІІ-ХІХ ғғ. елімізде болған П.С.Паллас, В.Т.Аткинсон, И.Г.Георги, Дж.Кэстль, сондай-
ақ, И.П.Фальк, В.В.Радлов, А.И.Левшин, С.Б.Броневский, П.С.Паллас, Б.Залесский және 
т.б. еңбектерінде кездеседі. Аталған ғалымдар жекелеген қарулардың түрлеріне ғана 
сипаттама берумен шектелген. XVIII-XIX ғ. Қазақстан жеріне келген И.Клапрот, 
Т.Аткинсон, Дж. Кэстля, А.Орловский, В.Верещагин, П.Кошарова, М.Знаменский сынды 
Ресей және Еуропа саяхатшыларының этнографиялық суреттері де қазақ қарулары туралы 
мәліметтерге бай. [3]. 
Әскери лексика туралы алғашқы тарихи ақпараттар көптеген этнографиялық 
зерттеулерде кездеседі. Көне түркі дәуіріндегі әскери лексикаға қатысты деректерді 
түркітанушы орыс ғалымдары В.В.Радлов, Г.Т.Мелиоранский, Л.З.Будагов, сондай-ақ, 
Б.Я.Владимиров, 
Н.К.Дмитриев, 
А.В.Гордлевскийлердің 
лексикологиялық 
және 
лексикографиялық еңбектерінен кездестіруге болады.
ХVII-ХIХ ғғ. қазақ халқының қарулары алғаш рет 1969 жылы алғаш рет орыс 
ғалымы Г.Семенюктың еңбегінде қарастырылады. Алайда бұл еңбекте сол кезеңдегі қазақ 
қарулары туралы қысқаша ғана сипатта берілді [4]. Сондай-ақ, осы жылдары Санкт-
Петербургтегі этнография-антропологиялық мұражайдағы қазақ қаруларының қоры 
бойынша ғылыми мақала жариялаған В.П.Курылевтің ғылыми мақаласының да маңызы 
зор болды. Ол қазақ қаруларының типологиялық тұрғыдан жіктеуге мән беріп, олардың 
жасалу технологиясы мен қолданылуына, тұрмыстағы символдық мәніне назар аударады 
[5]. 
Ал, түркі тіліндегі әскери лексиканың зерттелуі В.А.Гордлевский есімімен тікелей 
байланысты [6]. Ол түркі халықтарына ортақ әскери терминдермен қоса оғыз тайпаларына 
қатысты әскери сөздерді арнайы зерттейді. Әскери жорықтарды, соғыс тактикасы мен әскер 
құрамын терең зерттеу нысанына алады. Ол өзінің зерттеу нысанына алынған әскери 


143 
сөздерді еуропалық саяхатшылар еңбегі, халықтың ауыз әдебиеті мұралары мен жазба 
ескерткіштерден алған.
Қазақ қаруларын кешенді түрде зерттеген бірден-бір ғалым Ш.Ш.Уәлиханов. 
Ш.Уәлихановтың еңбегінде ХVІІІ -ХІХ ғғ. суық атыс қарулары және оның түрлері, жасалу 
технологиясы, қолдану жағдайлары мен соған байланысты әдет-ғұрып, салттарға сипаттама 
берілген. Сондай-ақ, ол жинақтаған әр түрлі қарулардың суретін атап өтпеске болмайды
Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтың «Көне дәуірдегі қырғыз жұртының 
қару-жарағы және әскери жетістіктері», Ә.Қайдаровтың «Қазақ эпостарындағы қазақ 
батырларының қару-жарақтары мен жетістіктерін этнолингвистикалық талдау»
Қазақтың әскери өміріндегі мәселелерді көтерген соңғы уақыттардағы ғылыми 
зерттеулер халқымыздың әскери өмір тарихын зерделей отырып, қаруларға қатысты 
сұрақтарға жауап береді. Әсіресе, К.Аманжолова, А.Тасболатова, А.Қадырбаева, 
Т.Алланиязова, Ш.Картаева, А.Кушкумбаева, т.б. еңбектерін атап көрсетуге болады. 
Аталған еңбектерде әр дәуірде болған соғыстар кезінде қолданылған қаруларға тарихи 
сипаттама берілген. Қарулардың жасалу технологиясы және олардың безендірілуін ұлт 
қолөнерінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырған Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, Т.Басенов, 
С.Қасиманов, Р.Шойбеков еңбектерінінің тарихи мәні зор.
XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап көне және ортағасыр кезеңіндегі Еуразия 
даласындағы көшпенділердің әскери ісі және қарулары туралы зерттеулер жарыққа шыға 
бастады. Атап айтқанда, орыс ғалымдары Е.Черненко, К.Смирнов, А.Хазановтардың 
еңбектерінде сақ, сармақ дәуірінде түркі тайпалары кезеңінде қолданылған қарулар 
археологиялық деректер негізінде зерттеу нысанына алынды. Сібірлік түркі халықтарының 
әскери өмірі мен қарулары туралы арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар Ю.Худяков, 
А.Соловьевтар еді.
Қазақ тіліндегі әскери терминдер туралы алғаш зерттеу жасаған орыс ғалымы 
Л.Л.Нелюбиннің еңбегінің маңызы зор. Көптеген ғалымдар әскери термин атауларын 
ғылыми-техникалық терминге жатқызады. Ғалым С.И.Парпаров болса, әскери сөздер, 
терминдерді әскери өмір саласында белгілі бір зат атауын, іс-әрекет атауын білдіріп 
тұратын сөздер деп есептейді [8]. 
Көшпенділердің қарулары туралы жазылған еңбектердің ішіндегі орыс ғалымы 
М.Гореликаның зерттеуін ерекше атауға болады. Сақ, қимақ, қыпшақ секілді көне дәуірде 
қазақ жерін мекендеген түркі тайпаларының қарулары К.Акишев, М.Кадырбаева, 
Ю.Плотникова, Ф. Арсланова зерттеулерінде толығырақ зерттеледі. Қазақ қаруының пайда 
болу түпнегізін (генезис) және даму эволюциясын танып білуде бұл еңбектер құнды ақпарат 
бере алады.
Көшпенділер үшін қарудың культі – көне дәстүрлі діни сенім. Әсіресе, сақтарға 
қатысты қару культін С.Бессенова, Д.Раевский, А.Акишевтердің еңбектерінде зерттеу 
нысанына алынды. Діни танымдар және дәстүрлі қарулардың сабақтастығын өзара 
сабақтастығын зерттеген еңбектер жоқ. Дегенмен, А.Төлеубаева мен А.Ахметованың 
еңбектерінде қазақ өміріндегі ғұрып, салттарда қарудың тылсымдық мәнін, халықтың 
сенімі баяндалады.
Қазақ тіліндегі әскери лексиканың қалыптасып, даму тарихын зерттеуде ғалым 
Т.Байжановтың еңбегі зор. Ғалым «Қазақ тіліндегі әскери лексиканың тарихы» атты зерттеу 
еңбегінде әскери лексиканың даму тарихын дәуірлер бойынша жіктеп, дәуірге тән 
ерекшелігін атап көрсетеді. Оның тұлғалық сипаты мен мағыналық құрылымдық 
ерекшелігін талдайды. Ғалым тіліміздегі қытай тілінен енген әскери лексикаға назар 
аударады және оның қазақ тіліне ену себептеріне тоқталады. Сондай-ақ, әскери қару-жарақ, 
бұйрық, жарлықтар да зерттеу нысанынан тыс қалмайды [9]. 
Ал, ғалым Н.Б.Ветлов «әскери терминология Қарулы күштердің стратегиялық 
пайдаланылуы, соғыстың түрлері мен тектері, сонымен қатар, бірлестік, құрамалар мен 
бөлім, бөлімшелердің оларды техникалық және қару-жарақпен қамтамасыз етіп, оларды 
ұйымдастыруын білдіретін терминдердің жиынтығы», – деп есептейді [9].


144 
Белгілі Ә.Қайдар да батырлар жырындағы батырлар қолданған қару-жарақтар мен 
жорыққа қолданған зат атауларын зерттеп, этимологиялық талдаулар жасайды. Айталық, 
ғалым батырлар жырындағы әскери лексиканы 5-ке бөліп қарастырады:
1) батырдың өзі қолданған жекелеген қару атаулары; 2) әскер-батырдың жеңісін 
көрсететін атаулар; 3) рух беретін үрмелі аспаптар; 4) жауынгерлік ту; 5) әскери жабдықтың 
қосалқы заттары [10]. 
Қазақ әдеби тіліндегі әскери атаулардың 15-19 ғғ. жыраулар поэзиясындағы 
қолданысы туралы Р.Сыздықтың этимологиялық зерттеулерін ерекше атап көрсетуге 
болады. Ғалым тіпті әдеби тіл тарихын негіздеуде тіпті батырлар жыры мен жыраулар 
поэзиясында, жыраулардың жалғасы Махамбеттің өлеңдерінде кездесетін қару-жарақ 
атауларының қолданыс ерекшелігін салыстыра зерттеген. Жыраулар поэзиясында сөз 
әсерлілігін арттыру мағынасында қару-жарақ атауларының ешбірі эпитетсіз қолданыс 
таппайтынын айтады. Мысалы, қозы жауырын оқ, қанды көбе, толғамалы ала балта, ақ 
балта, сары жүн оқ т.б. Жыраулар мұрасындағы мұндай тәсіл – сөз әсерлілігін арттыру ғана 
емес, ердің серігі болған қару-жарақ атауларының құндылығын аттыру, айырықша маңыз 
беру [11, 100].
Әскери терминдердің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін айқындап берген 
ғалым Н.Шеңгелбаеваның «Қазақ тіліндегі әскери терминдердің сөзжасам жүйесі» атты 
диссертациялық еңбегінде әскери терминдердің классификациясы берілген [12]. 
Бұл еңбекте әскери терминдер атауыштық мәнді білдіретін мағынасымен құрылымы 
тұрғысынан тұрақты екендігі мысалдармен дәлелденіп беріледі.
Сондай-ақ, әскери терминдердің шығу төркінін зерделеп, тарихи кезеңге бөлуде зор 
еңбек сіңірген ғалым С.Қондыбайдың есімін ерекше атауға болады. Ол жауынгер рухына 
арналған «Жауынгерлік рух» атты еңбегінде сонау түркі дәуіріндегі, Шыңғыс хан 
заманында қолданылған әскери терминдерге этимологиялық талдау жасады [13]. 
Байқап отырғанымыздай, қазақ тіліндегі әскери лексиканың қалыптасып, даму 
кезеңдерін 5 дәуірге бөліп қарастыруға болады: 1) V -ХІІ ғғ. түркі дәуірі,
2) ХV -ХVІІІ ғғ. қазақ хандығы кезеңі; 3) ХІХ-ХХ ғғ. отаршылдық кезең;
4) ХХ ғ. кеңес өкіметі тұсындағы әскери лексика; 5) тәуелсіздік кезеңіндегі әскери 
лексиканың зерттелуі. Көрсетілген дәуірлердің ішінде мерзімі жағынан да, көлемі жағынан 
да зерттелу тұрғысынан алда тұрған – түркі дәуіріндегі әскери лексика.
Қазақ елінің өз елдігі үшін күрес ХV ғасырдан басталады. Себебі, еліміздің түркі 
жұртынан бөлініп дербес мемлекет құруы осы кезеңге сай келеді.
ХV - ХVІІІ ғғ. арасында өмір сүрген қазақ хандығы кезеңіндегі әскери сөздері, яғни 
қолданған қару-жарағы түркі кезеңінде қолданылған қару-жарақтармен сәйкес келеді. Сол 
себепті де әскери лексикада ұқсастық мол. Ал, қазақ елі Ресей патшалығы құрамына 
өткеннен кейінгі кезеңде қару-жарақ атаулары жаңа сөздермен толықты. Дәлірек айтқанда, 
қазақтың сонау түркі дәуірінен келе жатқан қару-жарағы қолданыстан кетіп, орнына жаңа 
қару-жарақ атаулары келді, яғни тіліміздегі әскери лексиканың қорында сөз мағынасының 
кеңею және тарылу үрдісі жүрді. Міне, осы кезеңдегі әскери лексика 1941-1945 жылы 
болған Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қолданылған әскери лексикамен сәйкес келеді десек 
те болады. Алайда, кеңес өкіметі тұсындағы әскер лексиканың зерттелуін түркі дәуіріндегі 
әскери лексиканың зерттелу қарқын, деңгейімен салыстыруға келмейді.
Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылған соғыс болды. Бұл кезеңде қаншама әскери іс-
амал жүргізіліп, қару-жарақ қолданылды. Десек те бұл тақырып әлі де өз зерттеуін тапты 
дей алмаймыз. Айталық, тек қана соғыс тақырыбына арнаған қазақтың белгілі батыры 
Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас» романындағы әскери лексика, қару-жарақ 
атаулары ешқандай ғылыми зерттеу жұмыстарының зерттеу нысанына алына қоймаған. 
Әрине, соғыс қантөгіске әкеледі, қасіретті жағдайға ұшыратады. Ешқандай халық соғысты 
қаламайды. Дегенмен, ол – біздің ерлік рухымызды шыңдаған, сынақ алаңына айналдырған 
ұлт тарихының бір парақтары.


145 
Ұлттың тарихын толыққанды танып, келер ұрпаққа ерлікті насихаттауда әскери 
лексиканы арнайы оқытудың, зерттеудің маңыздылығы зор. Қазақтың батырына серік 
болған қару – елді жеңіске жеткізуге ықпал еткен қуатты құрал екенін есте сақтауға тиіспіз. 
Осы ретте тіліміздегі әдеби шығармаларда қолданылған әскери лексика, қару-жарақ 
атауларын тілтанымдық тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі зор.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
П.Карпиний. Путешествие в Восточные страны П.Карпини и В.Рубрука. – 
Алматы, Ғылым, 1993 ж.
2.
Геродот. История в девяти книгах. – Ленинград. Наука, 1972 г.
3.
Парадное оружие. Парадные оружие и конское убранство 17-18 вв. – Москва. 
Изобразительное искусство, 1987 г.
4.
Семенюк Г. Оружие, военная организация и военное искусство казахов в 
XVIII-XIX вв. 
5.
Курылев В.П. Оружие казахов // Материальная культура и хозяйство народов 
Кавказа, Средней Азии и Казахстана. Л., 1978. С. 4-22. 
6.
Гордлевский В.А. Избранные сочинения: в 2 т., 1960. – Т. 1. – 552 с. 
7.
Уәлиханов Ш.Шығармалар жинағы. 5-томдық. – Алматы. Ғылым, 1972 ж.
8.
Парпаров Л.Ф., Артемова А.П., Азарх Л.С. Немецко-русский военный 
словарь / Под ред. Л.Ф. Парпарова. – М.: Воениздат, 1978. – 1192 с. 
9.
Байжанов Т. Қазақ тіліндегі әскери лексика. – Алматы, Жазушы. 1990 ж. 
10.
Қазақ эпостарындағы жауынгер батырлардың қару-жарақтары. – Алматы. 
Жазушы, 1990 ж.
11.
Сыздық Р. Сөздер сөйлейді. Алматы: Санат, 1997 123 б. 
12.
Шеңгелбаева. Қазақ тіліндегі әскери терминдердің сөзжасам жүйесі. Фил. 
ғылым. канд. автореф. – Алматы, 2009 ж.
13.
Жауынгерлік рух. Көп томдық шығармалар жинағы. 8-том. – Алматы. – 
Нұрлы әлем, 2006 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет