«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ҚАБИБОЛЛА СЫДИЫҚҰЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет36/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   92
ҚАБИБОЛЛА СЫДИЫҚҰЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ 
«АҚБӨБЕК-ҚАЙЫП» ТАҒДЫРЫ ТУРАЛЫ ТЫҢ ДЕРЕКТЕР 
 
Сәрсенқызы А. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ 2-курс магистранты- Ақтау, Қазақстан 
Ғылыми жетекші: Қамарова Н.С., ф.ғ.к.-Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар 
және инжиниринг университетінің профессоры,-Ақтау, Қазақстан 
Қазақ халқының ұлы тарихына көз тастайтын болсақ, арманына жете алмай, 
махаббат жолында құрбан болған талай ғашықтардың хикаяларын көреміз. Еңлік пен 
Кебек, Қалқаман мен Мамыр, Жібек пен Төлеген, Қозы мен Баян, Естай мен Қорлан – бәрі 
де шынайы сезім тұғырына көтеріліп, тіпті жалғыздық пен өлімге де қасқая қарсы тұра 
алған адал да ержүрек кейіпкерлер. Қазақ халқы бір-бірін ессіз сүйген ғашықтар оқиғасын 
сан ғасырлар бойы ұмытпай, жадында сақтап, әдебиет сахнасына шығарды. Солардың бірі 
– ХІХ ғасырдың екінші жартысында Маңғыстау өңірінің киелі топырағында ғұмыр кешкен 
Ақбөбек пен Қайып оқиғасы.
Кедей руының шонжары Итбайдың Есбергеніне айттырылып қойған аққұба қыз 
Ақбөбекті өнерлі жігіт Қайып ұнатып қалады. Бұл тілегіне қыздың іштей қарсылығы жоқ. 
Қосылуға басты кедергі – Қайыптың жарлы отбасыдан шыққандығы, Ақбөбекке берер 
қалың малының жоқтығында. Бірақ махаббат пұлмен өлшенбейді ғой. Сондағы нақ 
қарсылық көрсеткен қыздың әке-шешесі еді. Әулеттен қыздың ағасы ғана бұларға қолдау 
танытқан. Есберген ауылынан қанша рет Ақбөбекті алып қашса да, Қайыпқа ғашығымен 
қосылу бақыты бұйырмай-ақ қойды. Көптеген қиындықтарға қарамастан, қос ғашық бір-
бірін ессіз жақсы көріп, өмір бойы сүйгенін аңсап өткен.
Ақбөбек Есжанқызы 1864-1938, Қайып Қорланұлы 1857-1918 жылдар аралығында 
өмір сүрген. Ақбөбектен 7 жас үлкен Қайып одан 20 жыл бұрын дүние салған. Өмірдің 
тауқыметін көп көріп, жарлы отбасында дүниеге келгені үшін ғана ғашығына қосыла алмай, 
махаббат оның бағына емес, мұңына айналады. Ақбөбек те ғұмырының соңғы минуттарына 
дейін жүректегі сезім қайғысымен қиналып өтеді.
Аспанда бір жұлдыз бар темірқазық
Бәйгеден ат келеді бауырын жазып. 
Бөбегім, тамағыңнан бір иіскетсең, 
Болады Қайыбыңа алты ай азық [1, 203] – деп жырлаған Қайып ақын сүйген адамына 
талай жыр арнап, сезімін өлең өрнектерімен әсемдеп жеткізген. Ақбөбек пен Қайыптай 
шынайы сүйе білудің өзі ғажап емес пе! Сондықтан да олардың есімдері жылдан-жылға 
жетіп, тарихтың сарғайған қағаздары мен әдебиеттің асыл беттерінде сақталып, қазақ 
әдебиетінің махаббат сахнасынан орын алды.
Ақбөбек пен Қайып туралы әлі күнге дейін ел аузында көптеген әңгімелер айтылады. 
Солардың барлығын жинақтап, жазбалар мен деректер есебінде сақтап, қос ғашықтың 
махаббат ғұмырын келер ұрпаққа жеткізу мақсатында зерттеулер жүргізген тұлғалардың 
бірі де бірегейі – Қабиболла Сыдиықұлы. Зерттеулерінде хикаяның жалпы мазмұны мен 
Маңғыстау жерінде өткен оқиға екенін білгенмен де, көп нұсқаларда оқиғаға қатысты нақты 


113 
жер атаулары мен жыл-айларда, уақыт кезеңдерінде ауытқулар кездесіп жататындығын 
жазады. Қабиболла Сыдиықұлы зерттеулерінің көптомдығының 4-томын «Ақбөбек пен 
Қайып туралы жазбалар» деп арнайы бөлімге бөліп, тың деректермен толықтырған.
Ақбөбек пен Қайып туралы жазылған жазбалар мен мақалалар және де бірқатар 
деректер легін тізбектеп көрсетеді. Фариза Оңғарсынованың «Ақбөбек жырлары», 
Б.Адамбаев пен Уәйіс Қайралаповтың «Ақбөбек» поэмасы және Берік Қорқытовпен бірлесе 
жазған «Ақбөбек» драмасы, Ә.Спановтың «Ақбөбектің аңызы мен ақиқаты» атты мақаласы, 
т.б. көптеген соңғы жарты ғасыр ішінде жарық көріп, баспа беттеріне жарияланған 
материалдарды атап өтеді. Бұдан бөлек осы оқиғаға қатысты Серікбаев Ыбырайдың Киев 
Мырабаевқа жолдаған жазбасын, т.б. хаттарды дерек ретінде келтіре отырып, Ақбөбек пен 
Өайып туралы естеліктердің аз емес екенін айғақтайды. Зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлы 
өзге деректерді жинақтаумен, зерттеумен қатар, өзі де түрлі мақалалар жариялап отырған. 
«Ақбөбек-Қайып оқиғасы» атты мақаласы 1971-1974 жылдары «Жұмысшы», 
«Коммунистік жол» газеттері мен «Маңғыстау» кітабында жарық көрді. Жалпылай 
айтқанда, Маңғыстау ғашықтарының махаббат хикаясы ғасырлар бойы халықты 
тамсантпай, зерттеушілерді қызықтырмай қоймаған. Әдебиет өкілдері мен ауыл ішіндегі 
қарияларға дейін аузынан тастамай, жылдар бойы айтып келген. Мұның барлығы – адал 
махаббаттың жаршысы болып дүниеден өткен Ақбөбек пен Қайыптың сезім отынан 
алаулаған, миллиондаған жүректі елжіреткен риясыз махаббат хикаясының ұлы аңызға 
айналуында.
35 жыл ғұмырын Ақбөбек пен Қайып тағдырын зерттеуге арнаған Қабиболла 
Сыдиықұлының әдебиетке сіңірген еңбегі орасан зор. Ғалым зерттеулерінің қол жеткізген 
нәтижелерінің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мол. Көптеген уақыт бойы белгісіз болып 
келген Ақбөбек пен Қайып ұрпақтарымен Қабиболла Сыдиықұлы өзі жеке кездесіп, 
әңгімелескенін көптомдық зерттеулерінде жазады: «Ақбөбек немересі Әбілшемен 1971 
жылы, Қайып баласы Сахибергенмен, немересі Әбдісаматпен (Әбсаматпен) 1986 жылы 
кездестім. Тәжікстанда тұратын Әбдісамат үйінен Қайып әншінің сол жақта ұстаған 
домбырасын әкеліп, Маңғыстаудың өлкетану ммузейіне табыс еттім» [2, 290]. Сол арқылы 
осы күнге дейін айтылып келген қос ғашық хикасының түрлі нұсқаларында уақыт 
кезеңдеріндегі қателіктерді түзетіп, оқиғаның нақты қай уақытта болғандығын анықтау 
мүмкіндігі туды.
Ақбөбек пен Қайып десе, бірден ойымызға Маңғыстау өңірі орала кетеді. Алайда, 
олардың өмір жолы тек Маңғыстау өлкесімен байланысты емес екенін, Қайыптың 
Бесқалаға, одан соң тәжік жеріне, ал Ақбөбектің Иранға кеткеннен кейінгі өмірінен де 
деректер келтіріп, немересінен, баласынан естіген ақпараттарды қағаз бетіне түсіреді. 
Сонымен қатар, Ақбөбек пен Қайыптың жақындарынан дүние салған және көз көрген тірі 
ұрпақтары туралы қысқаша мағлұмат беріп, деректер түйінін жасайды. Қайыптың 
жерленген жерге, зират басына барып, құран бағыштайды.
Қабиболла Сыдиықұлы Есжан ауылы мен Қайып ауылының қоныс-мекендеріне 
қатысты және олардың ру, ата-тек пен ұрпақтарына қатысты, Қайыптың Ақбөбекті қанша 
рет және қалай алып қашқандығы туралы мәліметтерді, екі ел арасында болған дау-
дамайлар мен соттағы мәселелерді, қос ғашықтың, Есбергеннің, Қалидың өмірде қандай 
адам болғандығы туралы, Қайыптың Ақбөбекке арнаған ән-өлеңдері мен арнаулары туралы 
нақты зерттеу нәтижелерінен толық дәйектер келтіреді. Ғалымның қол жеткізген тың 
деректері әдебиет үшін де, тарих үшін де аса маңызды. Себебі бұл жерде тек қана қос ғашық 
тағдыры емес, сонымен қатар ел тағдыры да қоса қарастырылады.
Ақбөбек пен Қайыптың өмірі мен хикаяның барысын зерттеу арқылы халықтың 
өткен ғасырлардағы таным-түсінігі мен құндылықтарын тануға болады. Сол арқылы олар 
өмір сүрген кезеңнің әлеуметтік-тұрмыстың халінен де хабардар болуға мүмкіндік бар. 
Мәселен, Қабиболла Сыдиықұлы көпшілік осы күнге дейін Қайыптың Маңғыстаудан 
кетуін сол өңірдегі аштықпен байланыстырып келген ой-пікірін жоққа шығарады. Өнерпаз 
жігіт өлең айтып, тиын тауып болса да, күнелтер еді. Ғалымның жазуынша, Қайыптың бұл 


114 
әрекеті оның ішкі сезімімен байланыстыы: елге келемеж болмай, тағдыр талқысына түсіп, 
жүдеп кеткен аппақ көңілінің ластанып, өз елінде бас көтеріп жүріге шама-шарқысы 
болмады. Сол себепті, басқа жерге кетіп, біраз жылдардан соң, атамекеніне оралады. 
Қабиболла Сыдиықұлы өз зерттеулерінде ел арасында таралған осындай пікірлердің 
біразына өзіндік тұжырым жасап, нақты деректермен дәйектейді. Ең бастысы, Ақбөбек пен 
Қайыпқа қатысты жасаған экспедициялар мен зерттеулері арқылы нақты деректерге қол 
жеткізе отырып, дәлелдемелер арқылы осы тақарып төңірегіндегі материалдарды 
толықтырып, әдебиеттану ғылымының дамуына ерекше үлес қосты.
Ақбөбек пен Қайып – Маңғыстаудағы махаббат символына айналған қос ғашық. Өз 
дәуірінің қатаң ұстанымдарына бағынып, отбасы дәстүрінен аттай алмай, сүймесе де, әке-
шешесі таңдап берген жігітке амалсыз тұрмысқа шыққан Ақбөбек арудың Қайыпқа деген 
махаббаты мен сағынышы жылдар бойы сары алтындай жүрегінің түбінде сақталып келді. 
Қайыптың аяулы махаббаты домбыраның ішегінен жыр боп төгіліп, жүрегін талай мұңға 
орады. Екеуінің махаббат ғұмыры әлі күнге дейін талайларды таңдандырып және 
тамсандырып келе жатыр. Ақбөбек пен Қайып хикаясы мен олардың ғұмырнамасы, 
әрқайсысының тұлғалық қасиеттері туралы зерттеу материалдары да қазіргі таңда 
жеткілікті. Сол арқылы Ақбөбек пен Қайыптың қаншалықты бір-біріне ессіз ғашық 
болғанын терең түсіне отырып, хикаяның зерттеу барысында өлке тарихын тану 
мәселелеріне де тоқталып өтуге негіз бар. Қос ғашықтың махаббат ғұмыры ғасырлар бойы 
ұмытылмай айтыла беретініні анық.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қорқытов Б. «Атырау ақын-жазушыларының кітапханасы» сериясының 21-
кітабы. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. – 234 б.
2. Сыдиықов Қ. Еңбектері: Көптомдық. 4-том. Маңғыстау – музей. – Құраст. Ғ.Әнес 
пен Г.Омарова. – Алматы: «Қазақ кітабы» баспасы, 2021. – 320 б.


115 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет