«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет59/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   92
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ 
 
Калмуратов Ж.С. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының 2-курс магистранты, 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті,-Ақтөбе қ., Қазақстан 
Қазіргі кезеңде білім беру саласында және еліміздің рухани өмірінде елеулі 
өзгерістер болып, жаңалықтар еніп жатыр. Бүгінгі жас ұрпақтың рухани кеңістігін 
қалыптастырудың алғышарты мектепте жасалатыны мәлім. Хакім Абайдың «...Тегінде 
адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа 


182 
нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де-ақымақтық», - деп отырғаны тегін емес. Бүгінгі 
ақпарат ғасыры теңдесі жоқ білімді, іскерлікті, озық ойды, ұлт алдындағы жауапкершілікті 
талап етеді. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, зейінді, дарынды, талантты, ұлтжанды 
тұлғасын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты 
назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік 
кеңістікке ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына 
сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар 
қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, 
таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, 
инновациялық технологияларды қазіргі уақытта әрбір пәннің ерекшелігіне қарай қолдана 
білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы [1]. 
Қазіргі білім беру жағдайында электронды құрал-жабдықтарға негізделген 
ақпараттық-қатынастық технологияларды (АҚТ), сандық білім қорының біртұтас 
жиынтығын, интербелсенді тақта мен ғаламторьжелісі сияқты т.б. мүмкіндіктерді 
пайдаланбай, солардың көмегіне сүйенбей сабақ жүргізу мүмкін емес. Сол себептен АҚТ-
ны бүгінгі заманның орасан зор жетістігі ретінде қазақ тілі пәнінің сабақтарында да тиімді 
пайдалану – маңызды да өзекті ресурс болып табылады. Бұл технология елімізде соңғы 
онжылдықта кең қолданыс тауып, өркен жаюда. Еліміздің барлық деңгейлік білім 
ошақтарына еніп жатқан ақпараттық және техникалық прогресс ұстаз-педагогтардан 
қарапайым емле мен айтылым (орфография мен орфоэфия) ереже-қағидаларынан бастап 
қазақ тілі пәнінің барлық мәселелерін сапалы оқыту үшін жаңа технологияларды мейлінше 
меңгеруді талап етеді. 
Электронды құрылғыларға негізделген оқытудың ақпартаттық-қатынастық жаңа 
әдіс-тәсілдері мен тиімді жолдарының біраз жылдық іс-тәжірибесі нәтижелерін зерттеп-
зерделесек, еліміздің оқу орындарындағы қазақ тілі пәнін оқытуда қолданылып жүрген 
мынадай басым бағыттарды анықтауға болады: 

оқытуды даралау және саралау; 

оқытудың түрлі бағдарламаларында қиындық келтіретін тұстарды нақтылау; 

әрбір тақырып бойынша қорытынды жасау, шығармашылық-зерттеушілік 
жұмыстың түрін таңдау; 

зерделенетін материалдың қолжетімділігін, білімгерлердің ғаламтор 
қорларын еркін пайдалана алуын қамтамасыз ету; 

ақпараттың кез келген түрімен өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, тиімді 
сандық білім ресурстарын жинақтау ептілігін (машығын) дамыту; 

ақпараттық интербелсенді технологияларды қолданып, шығармашылық-
зерттеушілік жұмыс орындауда оқушылардың (студенттердің) таным белсенділігін 
арттыру[2]. 
Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі, яғни әр 
оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық 
технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мына 
төмендегі түсініктерді ескерген жөн: 

оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру; 

әдістеме мен технологияның сабақтастығы; 

оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім 
тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту; 

параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру; 

мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің , болуы т.б [3]. 
Қазіргі уақытта қазақ тіл пәнінің ұстаздары отандық білім беру бағдарламаларында 
нақтыланған оқыту технологияларын көбісін басшылыққа алып, оларды барынша кеңінен 
қолданып жүр. Сабақта пайдаланатын электронды сандық жүйе білім беру бағыттары 
бойынша сан алуан интербелсенді кестелерді, сұлбаларды, қызықты мультимедиалық 


183 
сабақтарды, жазбаша бақылау сұрақтары мен тест тапсырмаларын қамтиды. Алайда аталған 
ресурстарды бір пәннің, атап айтқанда қазақ тілі пәнінің барлық сабағында бірдей қолдану 
мүмкіндігінің шектеулі екені баршаға аян. Сондықтан да кейбір файлдарды бізге ыңғайлы 
офис бағдарламаларына көшіру қиындығын да атап өткен жөн. Себебі филолог-ұстаздар 
қаншалықты жоғары деңгейде компьютер тілін меңгердім дегенімен, арнайы дайындықтан 
өткен ақпараттану (информатика) пәнінің мамандарындай жұмыс істей алмайды. Мәселен, 
интербелсенді тақталар үшін неғұрлым тиімдісі – SMART Note book-типтегілері. 
SMART Note book-типтегі файл мұғалім-оқытушыларға сабаққа қажетті қосымша 
материалдарды ойластыра отырып, көрнекі құралдарды дайындауға, оларды ұсыну қалпын 
өзгертуге, интербелсенді тапсырмалар енгізуге мол мүмкіндік береді. Бұнымен қатар 
интербелсенді тапсырмаларды әр оқушы, егер электронды құрал-жабдықтарды, соның 
ішінде компьютер тілін жақсы біліп, бағдарлама әзірлеуді және ақпараттандыруды 
жеткілікті мөлшерде меңгерген болса, мұғалім-оқытушы нұсқауы бойынша өз бетімен 
дайындай алады немесе аталған ресурстардың Flesh-файлдарын, оқыту дискілерін қолдана 
алады. 
Интербелсенді тақтаны пайдаланып сабақ жүргізу берілетін білімнің сапасын ғана 
арттырып қоймай, оқушының (студенттің) әр сабаққа деген қызығушылығын тудырып, 
олардың жалпы уақытын үнемдейді, ынта-ықыласын (мотивациясын) жақсартады, әрбір 
оқушыны ұжымдық жұмысқа тартуға көмектеседі, жеке қабілетін жетілдіреді және 
олардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын дамытады. Осы мүмкіндіктерді 
ескерген білікті ұстаз әрқашан ақпараттық-қатынастық технологияны дұрыс таңдап, белгілі 
бір сабағы үшін нақты педагогикалық мақсат-міндетті орындаудың оңтайлы әдісін таба 
біледі. 

Осындай технологияның оқу үдерісіндегі практикалық маңыздылығымен 
қатар жанама мынадай тиімді жақтары бар екенін де атап өткен жөн: 

қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынас үдерісі табысты өтеді; 

оқушылар немесе студенттер өз ой-пікірлерін қысылмай, емін-еркін жеткізіп 
айта алады; 

берілген білімге, ақпарат-мәліметке қатысты қойылған сұрақтарға өз ойымен 
батыл жауап береді; 

білім беру-білім алу үдерісі көтеріңкі көңіл-күй жағдайында іске асырылады. 
Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін 
бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді 
қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға 
негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі 
заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Интерактивті тақтаның керемет 
мүмкіндіктері оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Көптеген мектептерде 
интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін білмегендіктен, тек слайд көрнекіліктер көрсетумен 
ғана шектеліп жүрген мұғалімдер бар. Алайда интерактивті тақтаның қолдану 
мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы, ActiveBoard электрондық тақтасы: материалды қызу 
талқылауға ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық 
маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-
бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты немесе сөйлемді толықтай аударуға; 
электрондық оқулықтарды экран бетіне шығарып көрсетуге болады. ActiveBoard 
тақтасының дайын бағдарламасын қолдану маңызды [4]. 
Қазіргі таңда АКТ-ны сабақ үрдісінде қолданудың маңызы ерекше. Сабақта 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйретуге 
тиісті ақпараттармен білім қорын жүйелі түрде көрсете алуға мүмкіндік туады. 
Мектеп оқушыларын оқытуда мультимедиа технологияларын пайдалану 
психологиялық және педагогикалық тұрғысынан маңызды бірнеше мәселелерді 
туындатады. Мұндай аспектілердің бірі мұғалімдер мен оқушылардың мультимедиалық 


184 
ресурстар мен компьютерлік техникамен қарым-қатынасының психологиялық қырларын 
анықтауда болып табылады. 
Ақыл-ой іс-әрекетінен басқа ағымдағы компоненттерінен оқушыларды оқыту 
үдерісінде 
мультимедиа-ресурстарын 
пайдаланудың 
келесідей 
психологиялық 
артықшылықтарын ерекшелеуге болады: 
1.
Визуализация. Графикалық ақпаратпен жұмыс, сонымен қатар белгілік 
материалдармен жұмыс көрнекілік ойлау ресурстарын мобилизациялауға мүмкіндік береді; 
2.
Ойдың сурет немесе схема түрінде материалдануын жылдамдатады; 
3.
Жағдайдың түрленген шаблондарымен компьютерден алынған нәтижелерді 
жылдамдату және арттыру; 
4.
Компьютер арқылы орындалатын іздеу әрекетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін 
кеңейтеді; 
5.
Күрделі іс-әрекеттің аралық кезеңіне (компьютердің жадын қолдана отырып) 
қайта оралу мүмкіндігін береді; 
6.
Бір немесе бірнеше объектіні бірнеше көзқарас тұрғысынан бір кезеңде 
қарастыру, объектіні түрлендірудің бірнеше нұсқасын салыстыру мүмкіндігі. 
Компьютер және мультимедиа ресурстардың пайда болуымен оқушылар мен 
мұғалімдер арасында жаңа қарым-қатынас түрі туындайды. Бұл ойды ашып қарастыра 
отырып, О. К. Тихомиров былай деп жазады: «ақыл-ой іс-әрекетінің өзгерісіндегі маңызды 
фактор ЭЕМ желісін жасау болып табылады... Бұл даму жағдайын адаммен ЭЕМ-нің дербес 
өзара әрекетінен адамдар тобы мен ЭЕМ тобымен өзара әрекетіне көшу ретінде сипаттауға 
болады, сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынас ЭЕМ-мен әрекетті басқарады. 
«Топтық симбиоз»... туындайды. Бұл жаңа жүйе жұмысының тиімділігінің жоғары 
деңгейде артуы, қарапайым «ішкіжүйенің» санын арттырудан көбеймейді, сонымен қатар 
есепті шешуге қажетті мәліметтермен алмасуды тездетуде, ойлау деңгейі әртүрлі адамдар 
жұмысының гармониялық үйлесімділігін арттыруда». 
«Адам-компьютер-мультимедиа-ресурс» жүйесіндегі оқушы іс-әрекетінде, жеке 
ақыл-ой әрекетінде басқа ойлау стилі қалыптасады. Бұл факт бақыланады. Мысалы, соңғы 
жылдары анықтаманы, дәлелдеуді және т.б. оның мағынасын түсінбей айтатын және бұдан 
ешқандай кемшілігі бар екендігін сезінбейтін оқушылар саны артты. Есепті детальды түрде 
бөлшектеп қарастырудан оқушы босайды да, яғни есепті шешу алгоритмі тек қана 
компьютерге «белгілі», мұндай жағдайда оқушы есептің шешу тәсілін іздеу үдерісінде 
кездесетін көптеген шығармашылық кезеңдерден өтпейді, бұдан шығармашылық іс-
әрекетінің тәжірибесінің маңызды компоненттерін меңгермейді. 
Сондықтан жалпы орта білім беруде қазіргі ақпараттық технологияларды және 
мультимедиа-ресурстарын пайдалана отырып, адам мен компьютердің интербелсенді өзара 
әрекетінің «шығармашылық» деңгейі адамның интеллектуалдық деңгейі мен мазмұнымен 
анықталады. Бұдан адам мен мультимедиа-ресурстарды біріктіретін өзара әрекеттің 
негізінде тұлғалық білім жүйесі жататындығын білдіреді [5]. 
Қорыта айтқанда АҚТ отандық білім беру жүйесінің сапалық деңгейінің артуына зор 
ықпал етеді. Сол себептен отандық білім беру әдіснамасын электрондық-ақпараттық 
технологиялар мен құрал-жабдықтар арқылы жаңартып, халықаралық стандарт дәрежесіне 
көтеріп, білімгерлерді әлемдік бәсекеге қабілетті маман етіп даярлау мақсатында тың да 
нақты қадамдар жасалуда. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Қазанбаева А.З. Оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялардың 
тиімділігі. – Алматы, 2019; 
2.
Исхан Б.Ж. Жаңа технологиялардың қазақ тілі пәнін оқытудағы маңызы. – 
Алматы, 2019; 
3.
Жантуреева М.Ж. Қазіргі заманауи жаңа педагогикалық технологиялар. – 
Шымкент, 2021; 


185 
4.
Демеукулова А.С. Шет тілі сабағында ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны қолданудың тиімділігі. – Алматы, 2019; 
5.
Е.Ы. Бидайбеков, В.В. Гриншкун, Г.Б. Камалова, Д.Н. Исабаева, Б.Ғ. 
Бостанов. Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері. – Алматы, 2014. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет