«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-



Pdf көрінісі
бет61/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ 
 
Қуанышбекова А

«ORDA» жоғары колледжі білім алушы,Қызылорда қ., Қазақстан 
Ғылыми жетекшісі: Асанова Д.К., педагогика және психология пәнінің оқытушысы 
Қызылорда қ., Қазақстан 
 
Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің мақсаты барлық білім беру 
үдерісіне қатысушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау және 
нығайту, білім алушының тұлғалық дамуын сүйемелдеуді психикасы сау дәрежеге 
жетілдіру құралы ретінде қарастыру болып табылады. 
Психикалық денсаулық бәрінен бұрын, жеке дара психикалық үдерістер мен 
механизмдерге қатысты. Психологиялық денсаулық тұтас бір тұлғаға қатысты және жоғары 
адами болмыс көріністерімен тығыз байланыста болады да, психикалық дамудың өзіндік 
психологиялық аспектісін бөліп көрсетеді. Психологиялық денсаулық тұлғаны өзіндік 
жетілдіре түседі. 
Педагог-психолог білім алушының жас шамасына сәйкес айналасындағы 
адамдармен өзара әрекет контексінде және қоршаған ортаның мәдени, әлеуметтік-
экономикалық, экологиялық нақтылығы жағдайында өзіндік түсіну, өзін қабылдау және 
өзіндік даму қасиеттерімен қаруландыруы керек. Сонымен, педагог-психолог қызметінің 
басты мақсаты – білім алушының психологиялық денсаулығын дамыту мен сақтауға жағдай 
туғызу. 
Ол дегеніңіз - оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде баланың толыққанды 
психикалық дамуын негізге алатын психикалық денсаулықты көздейді. 
Осыған байланысты, психологиялық қызметтің негізгі міндеттерінің аясы әлдеқалай 
кеңи түседі. Толыққанды психикалық дамытуды қамтамасыз ететін жағдай туғызу білім 
алушының ішкі әлеміне, оның сезімі мен толқуларына, бейімі мен қызығуларына, қабілеті 
мен біліміне, оның өзіне, құрбы-құрдастарына, ересектерге, қоршаған ортаға, отбасылық 


188 
және қоғамдық жағдайларға, жалпы өмірге қарым-қатынасына көңіл бөлумен 
толықтырылады. 
Дамытуға 
бағыттылық 
білім 
беру 
ұйымдарындағы психологиялық 
қызметтің мынадай негізгі міндеттерін белгілейді: 

Білім алушымен жұмыста әр жастың даму резервтерін жүзеге асыру; 

Білім алушылардың жеке дара ерекшеліктерін, олардың қызығулары, 
қабілеттері, сезімі, қарым-қатынасын, қызығушылықтарын, өмірлік жоспарларын дамыту; 

Білім алушылардың қалыпты дамуы үшін ересектер және құрбыларымен 
оңтайлы қарым-қатынас жасау негізі ретінде жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру; 

Білім алушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдерге уақытында 
психологиялық көмек және қолдау көрсету. 

Білім беру саласындағы психологиялық қызмет негізгі үш бағыттан тұратын 
тұтастай жүйе ретінде қарастырылады: 
Ғылыми бағыт – заманауи мектеп жағдайында психологиялық білімді кәсіби 
қолдану құралдарын, әдіс-тәсілдерін дайындау мақсатында бала тұлғасының психикалық 
даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. 
Қолданбалы бағыт – оқу бағдарламаларының, дидактикалық және әдістемелік 
материалдардың психологиялық негіздемесін, мұғалімдерге психологиялық қолдау көрсету 
стратегиясын құруды кірістіре отырып, білім беру мен тәрбие үдерісінің психологиялық 
тұрғыдан қамтамасыз етілуін іске асырады. 
Практикалық бағыт – білім беру ұйымында психологтың тікелей жұмысын 
қамтамасыз ететін нақты міндеттер кешенін шешу мақсатында, атап айтар болсақ: 
- білім алушыға қатысы; 
- мұғалімге қатысы ; 
- білім беру және тәрбиелеу кеңістігі ұйымы ретінде мектепке қатысы бойынша 
жүзеге асырылады. 
Бұл міндеттер педагог-психологқа жаңа білім беру ортасын жобалауға қатысу үшін, 
білім алушылармен жұмыс жасайтын түрлі мамандар үшін қарым-қатынас аймағын құру, 
мұғалімдерге, ата-аналарға, әкімшілікке тұлғааралық қарым-қатынас, баланың дамуы, жаңа 
жобалар құру, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін методологиялық қамтамасыз ету және басты 
мәселелерді бөліп алуда кеңес беру мүмкіндіктерін қарастырады. 
Айта кету керек, психологиялық қызметтің қолданбалы және практикалық 
аспектісінің дамуы ғылыми тұрғыдан дамуына тәуелді. Бұл тұжырымдаманың негізі болып 
тұлға - сана мен мінез-құлықтың қоғамдық негізінде меңгерген адам өмірі үдерісінде 
қалыптасатын тұтастай психологиялық құрылым дейтін психологияда қарастырылатын 
қағида болып табылады. 
Білім алушы тұлғасының психикалық дамуы және қалыптасуы тек ересектермен 
қарым-қатынаста ғана болуы мүмкін және онтогенездің осы кезеңіндегі басым болып 
табылатын іс-әрекет саласында көрініс береді. Бұл тұжырымдама белгілі бір жағдайларда 
барлық дені сау білім алушының даму қабілетіне ие деп бағамдайды. 
Білім беру ұйымдарындағы білім мен іс-әрекеттің түрлі саласында әр білім алушы 
қабілетін дамыта білгенде ғана мәнге ие болады. 
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет іс-әрекетіндегі жаңа технологиялар 
практикалық педагогтар мен психологтардың ағымдағы іс-тәжірибесін талдау барысында 
алынған түрлі саладағы психологиялық білімінің соңғы жетістіктерін зерттеу негізінде 
құрылған. 
Педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігі күрделі психологиялық білім, оның негізі 
кәсіби қызмет жүйесін қамтитын іс-әрекеттік-рөлдік (білімдер, іскерліктер мен дағдылар) 
және тұлғалық (кәсіби маңызды сапа) сипаттама ретінде қарастырылады. 
Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін психолог білім беру мекемелеріндегі 
әлеуметтік-психологиялық жағдай туралы жеткілікті білімдердерді меңгеруі, өзінің кәсіби 
жетілуін және тұтастай психологиялық қызметтің даму келешегін анықтай білуі міндетті. 


189 
Білім беру мекемелеріннен тыс және әр түрлі құрылымдар ішінде өзара іс-қимылдың 
оңтайлы стратегияларын таңдау және оны жүзеге асыра білу маңызды. 
Білім беру жүйесіндегі психолог, педагогтар мен оқушылар үшін психологиялық 
білім тасмалдаушы ғана емес. Мінсіз адам бейнесіне сәйкестік тұрғысынан, психологиялық 
әдістемелер мен технологиялар көмегімен өмірдегі оң нәтижелерге қол жеткізгені 
бағаланады. Психолог - бұл, ең алдымен білікті маман, сондықтан оған белгілі бір талаптар 
қойылады. Өйткені, психолог адамдармен олардың психологиялық жағдайымен және ішкі 
әлемімен жұмыс істейді. 
Психолог тұлғасына қойылатын талаптар 

Адамдардың жеке мінез көріністеріне тәуелді болмай, барлық адамдарға 
деген бірдей көзқарас; 

Жанындағы адамдардың эмоционалдық жағдайын сезіне білуі; 

Жанын жарақаттап алмай, клиентке ақпаратты жеткізудегі қабілеттілік, 
кәсіби такт. 

Жағымсыз жағдаяттан немесе тығырықтан шығу үшін тақырыпты тез 
өзгерту қабілеттілігі, қандай да бір мәселе бойынша әр түрлі көзқарастарды 
қарастыруы; 

Эмоционалдық шыдамдылық және ұстамдылық, клиенттің психикалық 
жағдайына (қандай болмасын) дұрыс қарай білу, мазасыздануды басу, қалыпты жағдайды 
қалыптастыра алуы; 

Жалпы мәдениеттілікті, мінез -құлық ережелерін, әдепті сақтау; 

Қайырымды, мейірімді, достық атмосферасын құра білуі, клиенттің өзін еркін 
ұстауына жағдай жасай алуы.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 
2.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.27 шілде 2007 жыл №319-
III 
3.
Психологтарға арналған мерзімді басылымдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет