«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты



Pdf көрінісі
бет62/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92
 
 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАЛА ҚАБІЛЕТІН ШЫҢДАУДАҒЫ ЗОР 
ЫҚПАЛЫ 
 
Кенжалиева Г.А. 
№ 7 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, педагог-шебер 
Қызылорда қ., Қазақстан 
 
Дидактик ғалымдар арнайы зерттеулер нәтижесінде оқушылардың танымдық 
белсенділігі олардың игеретін білімінің сапасына тікелей әсер ететінін анықтап отыр. 
Мысалы, өздігінен оқу немесе дәріс тыңдау барысында ақпаратты ұзақ уақыт есте 
сақтаудың көрсеткіші 10 пайыздан аспаса, әртүрлі танымдық ойындар мен белсенді оқыту 
әдістерін пайдалану барысында ол көрсеткіш 90 пайызға дейін жетеді екен. Естігенің естен 
шықса, көрген қалар көңіліңде, бір нәрсені жасап, ұқсаң, ұмытылмас өміріңде деген шығыс 
даналығының астарында терең мағына жатқандығын байқатады. Ал орыс ғалымы 
Л.Фридманның айтуынша, бала білім игеру барысында төрт түрлі позицияда болады екен: 
тыңдау арқылы дайын білімді алу, өздігінен жаңалық ашу, түрлі әсерді сезіну, бұйым 
немесе өнім жасау. Соңғы үшеуі шын мәнінде өнімді оқуға жағдай жасайды. Сондықтан 
сабақты жоспарлау мен ұйымдастыруда оның өнімділігін арттыратын оқытудың белсенді 
әдіс-формалары мен танымдық ойындары тиімді пайдаланудың маңызы зор.
Әдебиет- көркемөнердің бір саласы, қоғам өміріндегі жетістікке жеткізудің жолын 
сызатын, халық басындағы болмысты, өмір сабағын, адамгершілік қасиетін, эстетикалық 


190 
сәнін тәрбиелейтін басты құрал.Сол әдебиетті жасаушы, өмір тіршілігінің көріністерін 
образбен көрсететін сөз зергері – ақын-жазушылар. Олар – өз дәуірінің айнасы. Әдебиет әр 
адамның Отанына, халқына деген құмарлығын, сүйіспеншілігін, адамгершілік қасиетін 
тәрбиелейтін жанашыры. 
Ұлт ұстазы, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, ғалым, ағартушы Ахмет 
Байтұрсынов шығармашылығымен кең көлемде танысып, әдеби шығармалар оқуға деген 
құштарлығын ояту барысында біршама әдіс- тәсілді қолдануға болады. Осындай әдістердің 
біреуі «Кластер» деп аталады.
1.Кластер
«Кластер» сөзін қазақ тіліне аударғанда, жүзімнің шоқтары деп атайды. Кластер 
идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кесте 
болып табылады. Негізгі тақырып тақтаның не дәптердің ортасындағы шеңберге жазылады 
да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар 
оларды бір-біріне сызықтармен қосады. Бұл әдіс оқушылардың жеке орындауына да, 
топпен 
орындауында 
да 
тиімді 
жұмыс 
болып 
табылады.[1,115б.]
2.Талқылау кестесі 
Талқылау кестесі 2-3 шығарманы салыстыра отырып, талдауға арналған. Мұнда 
көркем туындының тақырыбы, бас кейіпкердің мінез-құлқы, автордың идеясы, одан 
оқушының түйген ойы басты назарға алынады.
Шығарманың 
аты, авторы
Ахмет 
Байтұрсынов 
«Егіннің бастары» өлеңі 
«Аққу , шортан Һәм 
шаян»» өлеңі 
Тақырыбы 
Тәкаппар, 
өркөкірек
болудан сақтандыру. 
Ауызбіршілік, 
ынтымақты уағыздайды.
Автордың 
ойы (идеясы) 
Жамандықты болдырмау, 
қарапайым болуға шақыру. 
Бірлік ойлап, кез 
келген істе ұйымшылдық 
көрсету. Ынтымақсыз істің 
алға бармайтыны туралы 
айтқан. 
Сенің түйінің
Мақтаншақ, 
біреуді 
менсінбей сөйлеу- жаман қасиет. 
Өлеңді оқып, мінезге бай болу 
керектігін ұғындым. 
Өлеңнің 
мағынасы 
терең. Бірлік, ынтымақта 
болып, бір-бірінің айтқанын 
тыңдау қажет.
3.Өзім үшін жазу 
"Оқу құралы", 
"Тіл құралы" 
оқулықтары
" Досыма 
хат" өлеңі
Ахмет
"Анама хат" өлеңі
"Балықшы мен балық" 
шығармасы
"Маса" 
жинағы
"Қырық мысал"
"Қазақтың бас 
ақыны"мақаласы
"Әліпби", 
"Жаңа әліпби" 
оқулықтары


191 
«Өзім үшін жазу» кестесінде автордың идеясы, шығарма мазмұнын, оқушының 
жүрек қылын шерткен үзіндісін жазады. Бұл кестені толтыру арқылы шығарма мазмұнын 
баяндап қана қоймай, өзіне ұнаған шығарма бөлігін жаттау арқылы сөздік қорын дамытады.
Өлеңнің тақырыбы 
« Қартайған арыстан» мысал өлеңі.
Мазмұны, айтар ойы 
Біреуге қиянат жасамау, біреуге кіріптар болмау. 
Сені толқытқан өлең 
шумағы 
Аталған бірдей емес осы аңдар, 
Ішінде жақсы, жаман осалы бар. 
Арыстан, Жылқы, Өгіз, Есекке ұқсас, 
Ойласақ, табылмай ма неше адамдар? 
4.Айналмалы бекет 
Бұл әдіс оқушылар өзгелердің идеясына сүйеніп, мәселені толығымен қамтуын 
көздейді, сондай- ақ олардың белсенді болып, жылдам қозғалуын талап етеді. Түрлі түсті 
қағаз, қаламдар қолданылады. Әуелі өздері жазады, ауысып, бір-бірінің жұмысын 
толықтырады. «А.Байтұрсыновтың шығармашылығы» деген тақырыпты сыныптың 
оқушыларын 4 топқа бөлу арқылы орындаймыз. Олар: ақын, филолог, аудармашы, 
публицист. Бірінші айналымда барлығы өз жұмыстарын орындайды, екінші айналымда 
орын ауысып, толықтырады. Үшінші және төртінші айналымда да дәл солай. Әр бекеттің 
спикері өз постерлерін қорғайды.
5.Фрейер моделі 
Белгілі бір сөзге анықтама беру және оның антонимін, синонимдік қатарын 
толықтыру үшін, сонымен бірге оның мағынасы, көпшілікке түсінікті болу үшін сөйлем 
құрауды іске асыратын әдіс.
6.Сөзжұмбақ құрастыру
СӨЗЖҰМБАҚ «Әнші-сазгерлер»[2,3.] 
Әнші-ақындардың әндерінен сұрақ берілген. Жауабы дұрыс шешілгенде, ерекше 
торкөзден Ақансерінің әнінің атын оқуға болады. 
Сұрақтары: 
1.
Иманжүсіптің әні. 
2.
Біржанның әні. 
3.
Жаяу Мұсаның әні. 
4.
Ақанның әні. 
5.
Мәдидің әні. 
6.
Исаның атақты әні. 
7.
Ақанның әні. 
8.
Мұқиттың әні. 
9.
Жарылғапбердінің әні 



Анықтама 
Жаудан 
елді 
қорғайтын 
адам_)000ӨһӨҚ 
Синонимдер 
Ержүрек, жүрек жұтқан, 
батыл 
Антонимдер 
Қорқақ, су жүрек 
Сөйлем 
Біз қазақ батырларының
ерлігін есте сақтап, әрқашан 
құрметтейміз. 
Батыр 


192 






Жауабы: 
1.Сарыбел. 
2.Адасқақ. 
3.Ләйлім. 
4.Ақтоқты. 
5.Қаракесек. 
6.Желдірме. 
7.Перизат. 
8.Алуаш. 
9.Шама. 
Ерекше тор көздегі әннің аты «Балқадиша»
7.Поэзиялық шығарманы сатылай кешенді талдау 
А. Байтұрсынов «Ақын ініме» өлеңі 
1. Авторы. А.Байтұрсынов - қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, 
публицист, аудармашы, мысалшы, саясаткер. 
2. Тақырыбы. Тақырып - бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл өлеңнің тақырыбы – 
атқамінер шонжарлардың мінез-құлқы. 
3. Жанр түрі. Поэзия (өлең). Өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан 
қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі. 
4. Идеясы – атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу. Халқына пайдасы 
тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді. Идея дегеніміз – автор 
тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы 
тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арман-мақсатын, қиялын білдіреді. 
5. Шумақ - аяқталған синтаксистік біртұтас ой, 8 шумақты. 
6. Тармақ - өлеңнің әр жолы, 30 тармақты. 
7. Бунақ - белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты. 
8. Буын саны – дауысты дыбысқа байланысты. 11 буынды 
9. Ұйқас түрі - қара өлең ұйқасы (а-а-б-а). Ұйқас – өлең мазмұнымен тамырлас келіп, 
оған ерекше саз, әуен беретін өлең тармақтарындағы сөздер үндестігі.
10. Әдеби – теориялық ұғымдар. 
10.1. Құбылту – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, 
шындықты бейнелеп ойды өзгертіп айту.
Теңеу: доңыздай, балдай, Аплатондай 
Эпитет: ақылға жарлы, сүйікті милләт 
Дөрекі сөздер: қақыр, лапыр, пақыр, айғырсып. 
Ирония: кекесін,келемеждеу. 
Сүйікті милләтіңе болам десең,
Нашардың көбірек же хақын, інім, 
Сыйласын десең жұртың қадір тұтып, 


193 
Айғырсып момындарға ақыр, інім, 
Білімді ел ішінде болам десең, 
Шешенсіп, нақты сөйлеп, лапыр, інім, 
Қолыңнан мұның бірі келмес болса, 
Кісімсіп ең болмаса қақыр, інім, 
Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа, 
Ет асып табақ-табақ шақыр, інім. 
10.2. Айшықтау. 
Арнау - жазушының көбіне-көп ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа 
арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі. Бұл өлең жарлай 
арнауға құрылған. Өлең Міржақып Дулатұлына арналған.
11. Түсіндірме сөздік.
Милләт - араб сөзі, халық, ұлт. Аплатон, Платон- ертедегі грек оқымыстысы, 
правосы-құқығы. 
12. Тәрбиелік мәні. 
Өлең адамгершілікке үндеп, адал еңбек, қызмет істеуге шақырады. Жаман 
әдеттерден, жамандардан бойды аулақ ұстауға шақырады.
8. «Оқуға құштар мектеп» немесе «Оқуға құштар сынып» жобасы аясында 
конференциялар, әдеби кештер немесе сынып сағаттары өткізіліп, ақынның өмірбаянымен,
шығармаларымен танысып келеді.
Жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең «Мен айтып берсем, шәкірт 
түсінеді» деген ұстанымды құптамайды. Мектеп оқушыларының танымдық әлеуетін 
кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін арттыруда, сонымен бірге туындаған мәселелерді шеше 
білетін шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуде, бұл мақсатқа қол жеткізу көп 
ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Ақынның өмірбаяны, өлеңдері, мысал өлеңдері 
қамтылған түрлі іс-шаралар баланың кітап оқуға деген құштарлығын арттырып, 
кітапханамен байланыс жасауына көп мүмкіндік береді. 
Ахмет шығармалары ұлттық - мәдени мұраның жасампаздығымен, өміршеңдігімен 
терең байланысты. Халқы барда, ақын есімі жаңғырып, жаңара бермек! Шығармалары 
ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, жарқырай бермек! 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Серикова Ботакөз. Қазақ тілі мен әдебиетін заманауи оқыту: теория мен тәжірибе 
–Шымкент: Нұрлы бейне, 2017. -115 б. 
2.Кенжалиева Гүлжанат. Сөзжұмбақтар –Қызылорда:Қанағаты, 2013. -3б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет