Алғаш 1925 жылы «Едіге» деген қысқа әңгімесі «Еңбекші қазақ» газеті бетінде жарык көрді. Жұмысшылар факультетін бітірген соң ол Омбы каласындағы ауылшаруашылык академиясында бір жыл (1926) оқиды. Мұнда жүргенде де әдебиетпен айналысуын токтатпады. Мамандығына байланыста «Американ бидайығы» деген кітапша шығарды.
Ғабит Мүсіреповтің тырнакалды туындыларында төңкерістен кейінгі қазақ даласында болып жаткан саяси-әлеуметтік оқиғалар көрініс тапкан. Алдында әңгіме болып жазылып, кейіннен (1928) повеске айналып, жарық көрген «Тулаған толкында» жиырмасыншы жылдардағы ел өмірінде орын алған саяси күрес, оның жекелеген адамдардың тағдырына тікелей әсері суреттеледі. Қазақ даласын ояткан Октябрьдің дабылы мен дауылы ел ішіне өзгерістер әкелді. Повесте екі айрылып, бір жағы актар, екінші жағы қызылдар болып соғысып жаткан елдің аянышты халі біршама сәтті көрініс тапқан. «Тулаған толкында» қазақ ағартушы-демократтарының тікелей әсерімен жазылған. Мұнда да қазақ кызы Шәйзаның бас бостандығы үшін күресін көрсету негізгі мақсат тұтылған. Сонымен бірге ел ішіндегі Оспан, Итемген сиякты бай-болыстардың өркөкірек, менмен мінездері, озбырлык, жыртқыштық әрекеттері аяусыз ажуаланады. Повестің сюжеттік желісі ауылдағы байлар мен кедейлердің арасындағы таптық тартыска, ескі мен жаңаның арасындағы күреске кұрылған. Жазушының тырнақ алды туындысында арқауының солғындау түскен тұстары да кездеседі. Ауылдағы таптық тартыстар, ақтар мен қызылдар арасындағы күрес, Біржан мен Шәйзаның арасындағы сүйіспеншілік сияқты бірнеше окиға тізбегі суреттеліп, бұлардың біртұтас сюжеттік желі, композициялык кұрылым түзе алмай, шашыраңкы шығуы, жымдаскан тұтастыктың жетіспеуі повестің негізгі кемшілігі ретінде көрінеді. «Тулаған толқында» повесінен соң Ғ.Мүсірепов қалам қарымын әңгіме жанрында байкап көрді.
«Қос шалқар» (1928), «Көк үйдегі көршілер» (1929), «Бір адым кейін, екі адым ілгері» (1932), «Талпақ танау» (1934) сияқты әңгімелерінде төңкерістен соң қазақ даласында болған саяси өзгерістер-байларды тәргілеу, халықты ұжымдастыру суреттеледі.
«Қос шалкар» әнгімесінде осы аттас көлдің жағасында өмір сүріп жаткан елдің тұрмыс-тіршілігі, жаңа заман әкелген жаңалыктар әсерлі бейнеленеді. Әңгіменің сюжеті карапайым да шебер кұрылған. Автор «Қос шалкарда» үш рет болған. Әр жолы болғанында көргендерін көркем баяндау аркылы бұл өңірде болып жаткан өзгерістерді шынайы бейнелей алған. «Қос шалқар» бұрын Қасым байдың иелігінде болып келсе, соңғы келгенінде халыктың меншігіне айналған. Еңбекші жұрт ұжымдасып, шаруашылық кұрған. Бірігіп еткен еңбек алғашкы жемістерінде бере бастаған. Елдің еңсесі көтеріліп, ертеңгі күнге деген сенімі арта түскендей.
«Алғашқы адымдарда» колхоз құрылысының қазақ шаруаларының тіршілігіне, психологиясына әкелген өзгерістері көрініс тапкан. Әңгімедегі Ақан мен Қиналған «қой аузынан шөп алмайтын» жуас, момын жандар болатын. Кедейшілік қысып, жігері кұм болған екеуі кейіннен колхозға кірген соң өз еңбектерінің нәтижелерін көріп, жігерлене бастайды; сана-сезімі оянып, бақытын маңдай терімен табуға ұмтылады. Ал «Көк үйдегі көршілер» колхоз кұрылысына жасалынған зиянкестіктерді суреттейді. Момын шаруа Сәрсен колхозға карсы Ташкеннің ықпалына түсіп, шаруашылыққа біраз зиян келтіреді. Кейін райынан кайтады; іштей катты күйзеліп, «Ұсынған мойынды қылыш шаппас» дегендей, өзі келіп кылмысын мойындайды. Сәрсеннің сана-сезіміндегі өзгерістер, толғаныстар шебер көрінген.
«Талпақ танау» (1933) — Ғ.Мүсіреповтің ғана емес, отызыншы жылдардағы қазақ әңгіме жанрының айтулы табыстарының бірі. Колхоз болып ұжымдаскан шаруалардың дәстүрлі кәсіптерімен бірге оның жаңа түрлерін де игере бастағаны, шаруашылыктағы жаңалыктардың ауыл кедейлерінің психологиясына айтарлыктай өзгерістер әкелгендігі шебер суреттеледі. Колхоз бастығы Сәден көрші шаруашылықтың шошқа өсіріп, үлкен пайда тауып отырғанын көріп, іштей есеп кұрып, бірнеше шошка сатып әкеледі. Шошқаны кәпірдің малы деп есептейтін ауыл адамдары алғашында оған үрке қарайды. Есен деген момын адамды жабылып жүріп шошқа бағуға көндіреді. Арада біраз уақыттар өтеді. Шошқалар торайлап, өсіп береді. Оның етін мемлекетке өткізіп, колхоз көп пайда табады. Колхозшылардың тұрмысы жақсарады. Шошқа баққан Есенге кешегі күлушілер бүгін қызыға да қызғана карайды. Әңгіменің композициялық құрылымы шебер жымдасып, әсем көмкерілген. Ғ.Мүсіреповтің суреткерлік стиліне тән риясыз юмор, психологизм барынша жарқырап көрінген. Жаңа түлік шошқаның төңірегіндегі оқиғаларды, айтылып жаткан әнгімелерді мырс етпей оқу киын. Суреткер кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді бергенде шын шеберлік танытады. Сырлы сөзбен сұлу сомдалған кейіпкерлер, дәл детальдар, әсерлі окиғалар, көрікті көріністер психологиялық толғаныстармен тұтаса келіп, өзгеге ұксамайтын өзгеше бір шынайы әсемдік әлемін кұрайды, Ғ. Мүсірепов қаламының көркемдік қуат, дарын даралығы бар болмысымен жаркырап көрінеді.
Ғ.Мүсіреповтің алғашқы романы — “Қазақ солдаты”. 1945 жылы “Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 жылы қайта жариялады. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында II дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Романның басты кейіпкері — Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941—45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романның басты ерекшелігі – ең әуелі бірінші жақта жазылуында. Барлық оқиғалар бас қаһарман Қайроштың көзімен көрініп, көзқарасымен беріледі. Баяндаудың бұл тәсілі кейіпкерлердің портретін «ішкі жағынан» көрсетіп жасауда ұтымдылық танытқан. Лирикалық шегіністер, толқынды толғаныстар адам жанын жан-жақты ашып көрсетуге таптырмас табыстарға жетелеген. Романның басындағы он жасар бала мен соңындағы өмірдің не бір қия соқпақтарынан өткен сақа жігіттің өмірге деген көзқарастарындағы жер мен көктей айырма даму үстінде шебер көрсетілген. Романды ажарландырып тұрған тағы бір өрнек – Ғ. Мүсіреповтің шығармашылығына тән жеңіл әзіл мен ащы мысқыл. Юмор мен сатира жау жақтың іс-әрекеттерін бейнелегенде жиі қолданылған. «Қазақ солдаты» романында соғыс шындығы реалистік шыншылдықпен бейнеленген.
“Оянған өлке” (1953) тарихи романында қазақ халқының 19 ғасырдағы өмірі үлкен суреткерлікпен өрнектелген, қазақ жеріне өндіріс орындарының орнай бастауы шынайы сипатталған. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір кертартпа дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту зауытының құрылуы мен жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар – барлығы романда көрініс тапты. Үш томға лайықталған еңбектің алғашқы кітабы Жұман мен Игілік секілді қазақ байларының, орыс байлары мен жұмысшы тобының тартысты қатынастарын жан-жақты көрсету арқылы қазақ даласының бүкіл бір дәуірін суреттейді. Көркем филос. толғауы басым роман қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы ретінде танылды. “Оянған өлкенің” заңды жалғасы болып табылатын “Жат қолында” (1984) романы 30 жылдан соң жарық көрді. Бұл кітапты өз алдына дербес шығарма деуге де болады. Өйткені романда суреттелген өмір кезеңі де жаңа, кейіпкерлері де соны. Роман өндіріс ошақтарын ағылшындар мен француздардың билеп-төстеуі мен сол тұстағы (19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басы) халық тұрмысын тарихи тұрғыдан терең бейнелеуімен, Орталық Қазақстан өңіріндегі әлеум. өмірдің шындығын кең ауқымда байыпты түрде суреттеуімен құнды. Жазушы бейнелеп отырған дүбірлі оқиғаларға толы тарихи мезгіл сол тұста өмір сүрген жекелеген адамдардың сомдалған тұлғалары, сан алуан әрекеттері, тағдырлары арқылы оқырманның көңіл айнасынан өтіп, көз алдына елестеп отырады.
Ғ.Мүсіреповтің қаламынан шыққан әйелдер аса кайратты, жігерлі, сана-сезімі ояу, әрі нәзік, әрі қайтпас кайсар, балаға, адамға деген махаббаты аса күшті, жеңімпаз болып көрінді. Сонымен бірге өршіл романтизм мен шыншыл реализм шебер шешімін тауып, кейіпкерлер бірде асқак, бірде қарапайым көрінеді. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ақлима», «Ананың анасы», «Әмина»,«Ананың арашасы»,«Ашынған ана»,«Ер ана», тақырыптарындағы әңгімелерін жазды.
Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы — Ұлпан бейнесі (“Ұлпан” романы, 1974), ол — қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, оқшау тұрған әдеби образ. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен көрінетін Ұлпан бейнесін жасауға жазушы өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны байқалады. Ол күнделігінде: “Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, тағысын тағы.” деп жазды. Шығармадағы Ұлпан мен Есеней ойдан шығарылған образдар емес, тарихта болған адамдар. Сонымен қатар туынды арқауына алынған 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірі тарихи жан-жақты зерделеніп, іріктелген оқиға, мәліметтер.