Қазақ ертегілер жинағы


Алтын санаған аштан өледі



бет7/13
Дата05.05.2023
өлшемі120,9 Kb.
#90713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
кітапша

Алтын санаған аштан өледі
Қай заманда өткені белгісіз, Сағат есімді үрерге иті, сығарға биті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты. Ол бірде аштықтан көзі қарайып, басы ауған жаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы мендеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетіпті. Арқасына аяздай батқан жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады. Жарлының жолын кес-кестеп:
– Оян! – депті.
– Өзің жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жертөленің орны бар. Сол арадағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен саудагердің былғары сақтияны табылар. Сақтияның аузын ашып-жапқан сайын ішінен бір теңгелік алтын ділдә аласың. Енді қалған өміріңе бұйырған несібе осы қанағат қылсаң, қарның тояды, - дейді де ғайып болады.
Жүрегі алып-ұшып, орнынан атып тұрған Сағат ұйықтаған жерінен оңға қарай он адым аттайды. Опырылған жертөленің оқпандай орнына кезігеді. Құлаған ошақтың орнын тырналап қазып жатып:
― Осыдан шалдың айтқандары расқа шығып, бір ділдә тапсам – тойынып тамақ ішермін. Екі ділдә тапсам, дүние – ай, бала шағамның жүрегін жалғар едім. Егер үш ділдәға жетсе, әйеліме арнап көйлек сатып алар едім, - деп қиялдайды.
Шалдың берген аяны айнымай келеді де, айтқан орыннан әмиян табылады. Бір ашса – бір ділдә, екі ашса – екі.... Әмиянды жүз ашқанда, үйіліп жатқан ділдәларды көзімен жей отырып, Қарақұмның қақа ортасынан хан сарайындай күмбезді үй салуды армандайды. Қарнының ашқанын да, балаларын да, бұл дүниеде әйелінің бар екенін де ұмытады. Көзіне қызылды-жасылды дүние елестеген Сағат мың, он мың, жүз мың, ..., миллион рет ашамын дегенше, арада екі апта уақыт өтіпті. Өстіп отырғанда дүниеқоңыз сорлының жүрегі үзіліп, бұл дүниемен қош айтысқан деседі.


Қасқыр мен кірпі
Орман шетінде домалаңдап бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады. Бірақ тұмсығы мен тамағы қанға боялып шыға келеді. Озбырлығын, қомағайлығын білдіргісі келмеген қасқыр кірпіге:
– Бетіңнен сүйейін деп едім, сен – ақ қырынбайды екенсің ғұмыры бір, - деп сылтаурады.
Кірпі қылтаңдарының арасынан біздей тұмсығын шығарып, сықылықтай күледі де:
–Асықпа, қасеке, сендердің азуларың түгел қағылып біткен күні мен де қырына бастаймын, - дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет