Обьектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер. Обьектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:
Бірінші компоненттің баяндауышы есту, көру, сөйлеу процестерін айтатын сөз болып, екінші компонент сол сөзге обьект болған оқиғаны хабарлайды: Балам, айтшы: бізді көрсең, сәлем бер деп әкең айтты ма, жоқ, өздігіңнен істедің бе? (М.Ә.)
Бірінші сөйлем бір оқиғаны хабарлайды да, екінші сөйлемқұрамына оны, соны деген анофористік есімдіктер қатысады. Ол есімдіктер ілгергі сөйлем хабарлаған оқиғаның обьектілік қатынасын білдіреды: Кейінгі он бес жылда азды-көпті еңбегіміз болды, оны өзің білесің.(Қ.М.)
Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер. Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер құрамындағы компоненттерде теңдік мөлшерін көрсететін сөздер қатыстырады «қалай, солай», «қанша, сонша», «қандай, сондай». Бұл – олардың бір құрылымдық белгісі. Екінші құрылымдық белгісі - компоненттердің баяндауыштары бірыңғай шақтық формада болады: Соқаны қалай алды, солай апарып қойды. Сіздің үйдегі Мәшке маған қалай жақын, Іскендір де сондай бауырым. (Ертегі) Теңдік қатынасты білдіретін сөйлемдер сабақтас құрмалас сөйлемдер жүйесіндегі функциялар конструкциялармен қатар жұмсалады: Соқаны қалай алды, солай апарып қойды - Соқаны қалай алса, солай апарып қойды. Сабақтастың бұл түрі қазақ тіл білімінде «жай – күй, әрекет бейімділігін, теңдестік барлығын»салыстыра көрсететін салыстырма бағыныңқылы конструкция ретінде аталып жүр. Бұл салалас, сабақтас конструкциялар функциялас болғанымен, жұмсалуында талғам бар.
Телінбе компонентті іргелес салалас сөйлемдер. 1. Бұл конструкцияның құрамына бірінші сыңары болып, екі негізді компонент қатысады да, екінші компонент толымсыз түрінде қатысады: Немене бұ, қуыршақ ойнайтын қыз ба едің сен, шешеңнің қасынан шықпайтын! (М.Ә.)
2.Толымсыз құрылым екі негізлі сөйлемге телініп, соған семантикалық, грамматикалық жағынан байланысып тұрады: Ағайын - туған деп қайтесің, бұларға алаңдап, (С.Мұратбеков) 3.Толымсыз құрылымның телінуі құрмалас сөйлемнің интонациясынан көрініп тұрады. Телімді компонент көбіне тұрлаусыз сөйлем мүшесі қалпында көрінеді:Бұл қайсың, ей, жеті түнде, Мен болсам, отырысым мынау, өрттен қалған ағаштай. (Ә.Тарази) телімді компонент негізгі сөйлем құралып, айтылып кеткен соң барып, сөздің қосымша жалғасы тәрізді хабарлы келтіреді: Ермекбайың кім, жаным? – Бухгалтердің баласы ше, әскерден келген! (Қ.Ж.)
«Іргелес салалас сөйлемдер, олардың грамматикалық сипаты, түрлері» тақырыбы бойынша іскерлік ойын ұйымдастыру: іргелестің әр түріне мысалдар келтірумен сайыс, мазмұны мен көркемдігі бағаланады.