Түркістан № 8 лекция. Лекция тақырыбы: Айқындауыштық, объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер, олардың грамматикалық сипаты
Лекцияның оқыту нәтижелері: 1. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі пәнінің теориясын біледі;
2. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі пәнінен алған білімі мен дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
3. Ғылыми ақпаратты сұрыптай алады; қазіргі қазақ тілі синтаксисі ғылымы бойынша өзінің көзқарасын идеяларға жүгіну негізінде дәлелдейді.
Лекция мазмұны. Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемге тән бірнеше грамматикалық белгілер бар:
Құрмалас сөйлемді бір тұлға ретінде тұтастыратын интонациялық қалып бар. Сонымен қатар, айқындалатын компонентпен айқындау компонеттің жігінде екеуінің қатысына сай пауза бар. Бұлар – конструкцияның интонациялық белгісі.
Айқындалушы компонент пен айқындалушы компоенттердің баяндауыштары шақтық формасы жағынан бірыңғайлас болып келеді.
Айқындалушы компоненттің баяндауышы сонша, сондай деген аффектілі сөздер болып, оларды кейін тұрған компоненттер айқындайды.
Оның бұтақтарының жиілігі сонлай: бір ай нөсер жауса да, түбіне тамбайды (О.Б.). Биқанның Абый сырын жасырғыштығы сонша. «Мағашқа бүгін таңертең Абай не деді?» - деп сұрасам, «е, мен қайдан білейін, өзінен сұра» - деп, соны да айтпады. (М.Ә.)