Қазақ филологиясы кафедрасы



бет33/70
Дата22.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#39848
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû

Ғұмар – журналист
«Ғұмардың қоғамдық-саяси белсенді қызметі дәл қай кезден басталған?» – деген сауалға Есмағамбет Ысмағұлов, Исатай Кенжәлиев, Мақсат Тәж-Мұрат секілді зерттеушілер-дің қай-қайсысы да кеңірек тоқталған. Әрине, XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси ахуал қазақ даласына әсер етпей қоймады. Соның ішінде арабша, түрікше, татарша, қазақша басылымдарды оқып, заман, дәуір жайын аңғара бастаған Ғұмар әдеби, тарихи, пәлсапалық кітаптарды іздеп жүріп оқыған. Ислам қағидаларын жетік білетін Ғұмар дүниелік ғылымдардан да жақсы мағлұмат алған. 1907 жылдардан бастап ол қазақ, татар тілдерінде шығатын газет, журналдарда мақалалары мен өлендерін жариялайды. Ол елдің әлеуметтік өміріне араласып, халық мұратын көздейтін істерге белсене атсалысады. Бұған куә – оның 1911-1913 жылдарда әуелі Ордада, кейін Оралда шығып тұрған «Қазақстан» газетін шығаруға, оның жұмысын жолға қоюға белсенді қызмет етуі.
«Қазақстан» газеті – шын мәнінде тәуелсіз қазақ баспа-сөзінің қарлығашы десе болады. Өйткені, оған дейінгі газет-журналдар – Ташкенттегі «Түркістан уәләятының газеті» (1870-1882), Омбыдағы «Дала уәләятының газеті» (1888-1894) патшалы Ресейдің өз саясатын жүргізуі үшін шығарған басылымдар болса, Троицкідегі «Қазақ газеті» (1907) мен Петербургтегі «Серке» газеті (1907) бір ғана санынан кейін жабылып қалған. Ал «Қазақстан» – Орда мен Оралда (1911-1913) біршама ұзақ уақыт тұрақты шығып, таралған.
Әрине, «Қазақстан» газетін шығаруға Ғұмардан басқа Бақытжан Қаратаев, Шәңгерей Бөкеев, Елеусін Бұйрин, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Сейітқали Меңдешев, Ғұбайдолла Бердиев т.б. алаш зиялылары атсалысқаны белгілі. Бірақ «Қазақстанның» тігіндісін түгел ақтарып шыққан жан Ғұмар Қараштың ең көп мақала жазып, идеялық бағыт-бағдарын жасағанын байқар еді.
2012 жылы ұлтжанды азамат, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллиннің бастамасымен «Қазақстан» газетінің Ресей мұрағаттарында жатқан тігінділері Орал қаласына алдырылып, қазіргі кириллица әліпбиіне ау-дарылды. Газет мақалаларының толық мәтіні, түпнұсқаның көшірмесі және газетті шығарған тұлғалар туралы деректермен толықтырылып, жеке кітап болып жарық көрді. Ұлт баспасөзінің қарлығашы – «Қазақстан» газеті туралы «DANA.kaz» журналы алдағы сандарының бірінде жеке тоқталатын болады.
Ғ.Қараш 1918 жылы Ордада ұйымдастырылған, айына екі рет шығатын «Мұғалім» атты тәлім-тәрбие, ғылыми-пән журналының шығарушылар алқасын да басқарған. Бұл – тұңғыш қазақ кеңес педагогикалық журналы еді. Ғ.Қараш осы журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды.
Биыл, яғни 2013 жылы шыға бастағанына 95 жыл тол-ғалы отырған Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газе-тінің де бастауында тұрған тұлғалардың бірі – Ғұмар Қараш. Мысалы, 1919 жылы ақпан айында Ордада өткен сауатты қазақ жастарының жиналысына Шафхат Бекмұхамедов, Бисен Жәнекешев, Мұстафа Көкебаев, Халел Есенбаев, Ғали Бегалиев, Ғабит Сарбаев, Әмірғали Меңешов, Хайырлы Бекқалиев, Хамид Чурин, Ғұмар Қараш секілді азаматтар қатысып, бұған дейін «Хабар» және «Қазақ дұрыстығы» аталып екі тілде шығып келген газет орнына бір ғана қазақ тілінде газет шығару мәселесін талқылайды. Көпшіліктің ұйғарымымен газет атауы «Дұрыстық жолы» болып өзгер-тілгенде, оның редакция алқасына Ғұмар Қараш, Мұстафа Көкебаев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Халел Есенбаев және Тамимдар Сафиев кірген.
Ғұмар Қараштың «Айқап», «Шора» журналдары мен «Қазақ», «Ұран», «Дұрыстық жолы», «Қазақ дұрыстығы» сияқты газеттерде өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін толғайтын өлеңдер мен мақалалар жариялап, мерзімді баспасөз бетінде жиі көрінгені оның белсенді позициясын айқындай түседі. Ол баспасөзді – қараңғы қазақтың көзін ашатын жалғыз шырақ, құрал деп түсініп, күні-түні қызмет етті. 1911 жылы «Қазақстан» газетінің алғашқы санында жарық көрген «Газет деген не зат?», «Газет не үшін керек?» атты мақалаларында Ғұмардың ағартушылық мұраты анық көрінеді.
Әрине, кеңес өкіметі билік құрған жылдары Ғұмар Қараш – тыйым салынған тұлға, оның шығармашылығы – жабық тақырып болды. Тек 1988 жылдан бастап қана оның өмірі мен қызметін ашық зерттеуге жол ашылды. Әйткен-мен, арада өткен ширек ғасырда әлі жарық түспеген ақтаңдақ көп. 1994 жылы Қабиболла Сыдиықовтың құрастыруы-мен жарық көрген Ғұмар Қараш шығармаларының «Замана» жинағына кірмеген өлеңдер, мақалалар әлі де көп.Ғұмар 1917 жылғы ақпан төңкерісіне және «Алаш» партиясына үмітпен қарайды. Оның 1918 жылы «Тұрымтай» жинағында жарияланған «Көреміз бе?», «Келер ме екен?», 1918 жылы 22 қаңтарда «Сарыарқада» жарық көрген «Алаштың азаматтарына» деген арман мен үмітке толы өлеңдері осы кезеңде жазылады.
Ғұмар Қараш 1917 жылы мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының жалпы съезіне қатысады. Делегаттар ақынды Мәскеуде болатын Ресей мұсылмандары съезіне өкіл етіп жібереді.
«Революция басталған кезде Ғұмар Қарашев Уфада болатын. Ол сондағы муфтиаттың (діни мекемелер орталығы) IV бөлімін басқарды. Бөлім міндеті – медресе шәкірттері мен жоқ-жітік балаларға жәрдем беру, оларды оқыту шараларын ұйымдастыру еді» – деп жазады Салтанат Ысмағұлова «Қиын да сұлу тағдыр» атты мақаласында («Жалын» журналы, №3, 1989 ж)
1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Ғұмар Орынборда өткен жалпы қазақ съезіне шақырылып, сонда тартымды баяндама жасайды. Сәбит Мұқановтың «Омар – Алашорда партиясының үкімет молдасы болды» дегені оның осы кезеңін меңзей айтылған сөз. Сәкен Сейфуллин де «Тар жол, тайғақ кешуде» «сиез төрағасының төрт серігінің бірі – Омар Қарашұлы» деп кесіп айтады. Ғұмар өмірінің осы кезеңіндегі көңіл күйі оның 1918 жылы жарық көрген «Тұрымтай» жинағындағы «Көреміз бе?», «Келер ме екен?» өлеңдерінен байқалады.
Ғұмар Алаш автономиясы жарияланған тарихи кезеңде жазылған «Алашқа», «Алаш азаматтарына» өлеңдерінде халықты әлеуметтік белсенділік пен сергектікке, ел мен жерді қорғауда тұтастыққа шақырды.
22- дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет