Школа-гимназия и колледж КазГЮУ» ЖШС «БЕКІТЕМІН» Колледж әдіскері _________ А.Б.Байбатырова « ___» ________ 2022 ж. ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ Сабақтың тақырыбы: Ғылыми мақалалар мен очерктерді оқыту Модуль /пән атауы: Қазіргі қазақ тілі Педагог: Рахманова Ботакөз дайындады
2022 жылғы "" ____________ 1. Жалпы мәліметтер: Курс_3_топ _305- «Бастауыш білім беру»_____ Сабақтың түрі жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі кіріспе сабақ
2. Мақсаты Бастауыш сынып оқушыларына ғылыми мақалалар мен очерктерді оқутудың мәнің түсіндіру.Оқушылардың ғылыми мақалаларға қызығушылығын арттыру.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі: 1.Білім алушылар ғылыми мақалалар мен очерктерді оқи біледі. 2. Оқушылар бірлесе отырып білім алуға дағдыланады.
3.Оқулықтан негізгі идеяны табады, өз ойларын ұтымды жеткізеді.
4. Ғылыми мақалаларға өз үлесін қосады.
4. Қажетті ресурстар: слайдтар, көрнекіліктер, суреттер, интерактивті тақтат.б
Пәнаралық байланыс: тарих, география
5. Сабақтың барысы: І) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, тазалығына көңіл бөлу. Олардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырмаларын тексеремін
Қызығушылықты ояту. Өткен сабақты қайталау.
Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлері оқушыларға айтылады
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Ғылыми мақалалар мен очерктерді оқыту Бастауыш сынып оқушыларында ғылым салаларынан хабар беру және табиғат құбылыстары, еліміздегі бұрын болған және қазіргі қоғамдык алуан түрлі оқиғалар туралы мағлұматтарын толықтыру мақсатымен оқулықтарда ғылыми мақалалар берілген. Мүндай мақалаларды оқудың ерекшеліктері бар. Олар:
1. Тақырыптың не нәрсеге арналатыны анық көрініп тұрады және оның мазмұны, мақсаты болады. Мысалы, тақырыбы еңбек процесіне немесе адамдардың әлеуметтік түрмысына т.с.с. арналса, ол мақаланың мақсаты осы туралы дәл мағлүматтар беру болып табылады.
2. Ғылыми мақалалар бір құбылыстың ерекше белгілерін корсетіп қана коймайды, сонымен қатар оның баска қүбылыстармен, фактілермен байланысын корсетеді, оны пайдалануға үйретеді. Сондықтан ғылыми мақалалардың мазмүнын айтканда логикалық тосілдер пайдаланылады. Мысалы, Ақселеу Ссйдімбектің 2 сыныптағы "Түлкі түгінен жазған" мақаласын ойлаудың индукция тәсілімен түсіндірген жөн. Онда түлкінің не істегені жөнінде фактілер тізіліп көрсетіледі де, соңында "Мен күшіктері үшін мұншалықты есті тірлік жасап жүрген түлкіге қайран қалдым " деген қорытынды шығарылады.
3. Ғылыми мақалалардың тіл ерекшелігі де болады: арнаулы терминология, сөзді дәл қолдану, сөйлемдердің синтаксистік құрылысының қатаң тәртіпте болуы т.б. Алайда мұндай ерекшеліктерге қарап ғылыми мақалаларда балалар үшін бейнелі тіркестер мүлде кездеспейді екен деген ұғым тумасқа тиіс.
К.Д.Ушинский ғылыми мақалаларды логикалық оқу деп атайды. Бұл өте дүрыс. Өйткені мақалалар коркем шығармалардағыдай, бірден оқушының сезіміне әсер етіп, кейіпкерлердің іс-әрекетімен балаларды еріксіз еліктіріп әкетпейді, зейінді, ерік күшін талап етеді.
Дайындык жұмысынан кейін мәтін оқылады. Егер мәтін қысқа болса, түтас оқылады, онымен жұмыска дайындаладыМақала окылу барысында екі рет талданады. Бірінші оқығанда сөздердің мағынасы, кейбір фактілер анықталып, болімдердегі басты ойды аңғару мәселелері жөнінде жұмыс жүргізілсе, екінші рет оқылғанда фактілердің арасындағы байланыстарди табу, қорытынды жасау жұмыстары жүргізіледі. Кейбір жағдайларда мақаланың мазмұнын меңгерту үшін үшінші рет оқытуға болады.
“Күншуақ” тәсілі арқылы рефлексия жасау Тактада кун орнатылган, балаларга сары
женекогілдір тусті соулешіктер таратылады.
Саулешіктер кунге жапсырылуы керек:
сары тусті - маган оте унады, оте кеп кызык
акпараттар алдым;
кегілдір тусті - сабак кызык емес, мен ушін
манызды акпараттар болган жоқ
ІV. Қорытынды: ойын «Сондықтан мен____________деп санаймын» сөйлемімен жалғастырып, өз пікірін жинақтап, қалай әрекет жасау керектігі туралы қорытындыға келеді.
V. Критериалды бағалау VІ. Үйге тапсырма : Ғаламторды пайдалана отырып ғылыми мақала жазып оны қорғау