Қазақ филологиясы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет30/53
Дата24.05.2023
өлшемі489,64 Kb.
#96443
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Байланысты:
Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиеті

№4 дəріс «Оғыз қаған жыры»
«Оғыз – наме » түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін аңыздар негізінде 
баяндайтын эпостық шығарма. «Оғыз Наме»- əрі көркем əрі тарихи туынды 
деуге болады. «Оғыз Наме Оғыз Қаған жəне Оғыз тайпа ұлысы туралы тарихи 
деректілігі мол көркем қара сөз, проза түрінде жазылған шығарма деп 


есептеледі. Эпостың басты кейіпкері Оғыз Қаған тарихи тұлға.Оғыз Намеде 
негізінен Оғыз Қағанының əскери жорықтары, батырдың қан майдан 
соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеясы – елді ауыз 
бірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске 
шақыру. Оғыз Наме эпосы Оғыздың дүниеге келуі, жігіт болуы, Оғыз 
батырдың ерлік көрсету үшін аттануы, Оғыз Қағанның сұлу қызға үйленуі, 
одан Ай , Күн, Жұлдыз деген балалар, ал екінші рет үйленгенде Көк, Тау, 
Теңіз деген балаларының өмірге келуі, Оғыздың түркі еліне қаған болуы, 
жорықтары, Оғыз Қағанды Көкбөрі бастап жүруі, Урум қағанмен соғысы, 
Оғыз қағанның ақылгөйі Ұлы Түріктің түс көруі, сəуегейлік сөз айтуы, Оғыз 
қағанның құрылтай шақырып, ел билігін жұртын балаларына үлестіріп беруі
тəрізді сюжеттік желілерден тұрады. Бұл көркем туындының екі нұсқасы бар. 
Бірі – ұйғыр əрпімен көшіріліп жазылған нұсқасы, Париждің ұлттық 
кітапханасында сақталып келеді. Екіншісі- араб əрпімен жазылған нұсқасы. 
Бұл нұсқаның авторы – атақты тарихшы, белгілі əскери қолбасшы, Хиуаның 
ханы Əбілғазы бин Араб Мұхаммедхан ( 1603-1663 жылдар аралығы) .Оғыз 
Қаған эпосын қазақ тілі мен əдебиеті тұрғысынан тұңғыш зерттеуші Қ. 
Өмірəлиев ғылыми еңбегінің маңыздылығы зор .Оғыз Наме эпосы жəне қазақ 
эпостық жырындағы ұқсас көріністер . Оғыз батыр туралы эпостың 
тілі.Көркемдеу əдістері. 
№5 дəріс Х – ХІІ ғасырлардағы əдебиет
Қархан əулеті билік жүргізген тұстағы / Х – ХІІ ғасырлар/ қоғамдық 
əлеуметтік жағдай. Қарахан мемлекетіндегі ру- тайпалар , ұлыстар. Түрік 
халықтарының : қазақ , өзбек , ұйғыр, қырғыз, т.б халықтардың этникалық 
құрылымының қалыптаса бастауы . Х – ХІІ ғасырларда Орта Азия, Жетісу 
жəне Қашқария жерінде түрік тайпалары үстемдігі күшейе түсті.Қыпшақ , 
оғыз, қарлұғ жəне ұйғыр тайпалары мен ұлыстарының тілдері негізінде араб 
грфикасындағы түрік жазуы қалыптасты. Қарахан мемлекетінде Х – ХІІ 
ғасырларда көптеген əдеби ескерткіштер аралас қарлұғ- ұйғыр жəне қыпшақ- 
оғыз тілдерінде жазылды.Қазіргі Қазақстан жерінде ХІ ғасырда Қыпшақ 
мемлекеттік бірлестігі өмірге келді. Х – ХІ ғғ. Зергерлік ,сəулетшілік , т.б 
өнерінің дамуы . Қыпшақ даласындағы жаңа қалалар : Қранақ, Қарашоқы, 
Қойлық, Екіоғыз, Ашнас, Баршынлыкент, т.б.
Қарахан 
мемлекетіндегі 
сəулетшілік 
өнер 
үлгілері: Айша бибі, Бабаша Хатун мавзолейі, Аяққамыр жəне Алаша хан 
күмбездері. Ғылым саласындағы жетістіктері: Əбу Насыр əл- Фараби , Əбу 
Əли ибн Сина, Əбу Райхан əл- Беруни , т.б . Орта ғасырлардағы ең танымал 
əдеби туындылар : « Құтадғу білік», « Хибат ул Хақайық» жəне « Диуани 
лұғат ат- түрік» сөздігінің Қарахан мемлекетіндегі тайпалар мен ұлыстардың 
бəріне түсінікті ортақ тіл болып табылатын түркі тілінде жазылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет