Қазақ филологиясы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет31/53
Дата24.05.2023
өлшемі489,64 Kb.
#96443
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53
Байланысты:
Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиеті

№6 дəріс Ислам дəуіріндегі əдебиет жəне Əл-Фараби 
Əбу-Насыр əл-Фараби / толық аты-жөні: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн ұзлағ 
Тархани Əбу-Насыр əл-Фараби/- дүние жүзілік ғылым мен мəдениеттің 
Аристотельден кейінгі екіншгі ұстазы атанған əмбебап ғалым, əдебиет 
зерттеушісі, ақын. Əл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, 


əдебиеттану, музыка, т.б. салалар бойынша жазған зерттеу еңбектер 
жазды.Философиялық трактаттары: «Данышпандықтың інжу маржаны»,
«Ғылымдардың шығуы» , « Философияны оқу үшін алдымен не білу керек », 
« Аристотеьль еңбектеріне түсіндірме», т.б.Əл- Фарабидің қоғамдық, 
əлеуметтік жəне этикалық мəселелер жөніндегі зертеулері: Қайрымды қала 
тұрғындарының көзқарастары, « Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері» , 
« Бақытқа жету жайында» т.б Əл- Фарабидің музикалық мұрасы. « 
Музыканың ұлы кітабы» атты трактаты төрт бөлімнен тұрады.Ол əдебиет 
теориясымен жан- жақты шұғылданған ғалым.Өлең ырғағы туралы, « Ырғақ 
пен өлең туралы сөз», «Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат», « Өлең 
өнерінің қағидалары туралы трактат», т.б еңбектері кейінгі ұрпаққа қалған 
баға жетпес мұра.Əбу- Насыр əл- Фараби- өз дəуірінің көрнекті ақындарының 
бірі.Бұл жөнінде əл- Фарби замандастары жəне одан кейінірек өмір сүрген 
Шығыстың көрнекті ақындары, əдебиетшілері, тарихшылары көптеген 
мəліметтер жазып қалдырған./Əбу Əли Ибн- Сина , əл- Кифтий, т.б/. Əл-
Фарабидің сан- салалы шығармашылығын жан- жақты зерттеп, оны жариялау 
ісіне А.Машанов, А.Қасымжанов, А.Көбесов сияқты қазақ ғалымдары да көп 
үлес қосты. 
№7 дəріс Ахмет Йассауи ақын, ойшыл. 
Қожа Ахмет Иассауи – сопылық əдебиеттің ірі өкілі , əйгілі ақын , есімі 
ислам əлеміне мəшһүр болған ойшыл қайраткер.Ахмет Яссауи кезінде « 
жахрия » (экстаз) немесе « Яссауия» деп аталып кеткен сопылық – 
мистикалық ағымның негізін қалады.Ахмет Яссауи Испиджаб (Сайрам) 
қаласында туылған. 
«Диуани хикмат» (« Даналық кітабы»)- 
түркі халықтарының ХІІ ғасырдан сақталған əдеби ескерткіші. Даналық 
кітабы оғыз- қыпшақ тілінде өмірге келген əдеби туынды.Ахмет Яссауи 
өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан (1887 жəне 1901) басылымы 
болып табылады. Түрік ғалымы М. Ф.Кепрюлю- заде , белгілі орыс ғалымдары 
А.К.Самойлович, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков , Г.Ф.Благова, т.б Ахмет Яссауи 
жырларын зерттей келіп , кезінде оны жоғары бағалады, əрі ақынның өзінен 
кейінгі сөз зергерлеріне тигізген əсері зор болғанын ерекше атап көрсетті.
«Диуани хикмат » - исламның дін- шариғат жолдарын дидактикалық 
мазмұнда поэзия тілімен бейнелеген жыр жинағы. Даналық кітабы адамзатты 
туыстыққа , бауырмалдыққа, ізгілікке, имандылыққа шақырып, мұсылман 
дінінің қағида, шарттарын, Алланы танудың жолдарын баяндайды. Диуани 
хикматтағы сопылық ағымның философиялық ой- пікірлері: əділдік жолына 
түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы, т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет