Қазақ филологиясы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет34/53
Дата24.05.2023
өлшемі489,64 Kb.
#96443
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Байланысты:
Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиеті

№11 дəріс Алтын Орда дəуіріндегі əдебиет жəне Насыриддин Рабғузи. 
Дешті Қыпшақтағы / ХІІІ – ХҮ ғғ./ тарихи - əлеуметтік жағдай. Монғол 
шапқыншылығынның зардаптары. Отырар ойраны / 1220 ж. /. Сығанақ, Жент, 
Үзкент, Баршынлыкент, т.б білім мен мəдениет орталықтарының жер бетінен 
жойылып кетуі. Қыпшақ елінде мəдениет пен экономиканың құлдырауы. 
Басқыншыларға қарсы жергілікті халықтың күресі. Дешті Қыпшақ, Орта Азия 
жəне Еуропа жерлерін ХІІІ ғасырдың орта кезінде монғолдардың жаулап 
алуы.Алтын Орда /Жошы ұлысы / мемлекетінің құрылуы. Алтын орда 
мемлекетіне қарсы халықтың басым көпшілігі түркі текті ру- тайпалар, əсіресе 
қыпшақтар, оғыздар болды. Алтын Орда дəуіріндегі əдебиет түркі тайпалары 
мен халықтарының бəріне бірдей түсінікті əдеби тіл – шағатай тілінде 
жасалды. Алтын Орда дəуірі əдебиетінің көрнекті өкілдері: Рабғұзи, Əли, 
Сараи, Хорезми, Құтып, Дүрбек, т.б . Алтын Орда мемлекетінің Батыс Еуропа, 
Мысыр, Кіші Азия, Үндістан, Қытай елдерімен мəдени,, экономикалық 
байланыста болды. Бұл елдер əдебиеті мен мəдениетінің ықпал- əсері. Алтын 
Орда дəуірі əдебиетінің бізге жеткен үлгілері: Насыр аддин Рабғузидің « 
Қисса- сул əнбия», Хорезмидің « Мұхаббат- наме», Құтыптың « Хұсрау- 
Шырыны», Дүрбектің « Жүсіп- Зылиха» , Сайф Саридың « Түркі тіліндегі 
Гүлістан», тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер, т.б.
Насреддин Рабғузи – Алтын Орда дəуірі əдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. « 
Рабғузи қиссалары»(1310 ж) – табиғат, дүние құбылыстары, жартылыстың 
пайда болуы, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана, Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан 
мен періште, т.б уралы шығыстық сюжеттегі қисса- аңыздар, өлең- жырлар 
жинағы.
№12 дəріс Сайф Сарай «Гүлстан бит- турки», Құтб «Құсрау шырын» 
дастандары. 
Сайф Сарай – Алтын Орда əдебиетінің ХІҮ ғасырдағы аса көрнекті 
өкілі.Сайф Сарай – лирик жəне эпик ақын, аудармашы. Оның «Гүлстан бит-
туркидің» (1391 ж.) – прозамен жазылған қыпшақ тіліндегі көркем шығарма. 
Ақын бұл еңбегін Еділ сағасындағы Сарай қаласынан бастап, Египеттегі Ніл 
өзені бойында жазып бітірген. Бұл өзі парсы-тəжік əдебиетінің классигі əйгілі 
Сағди Шираздың «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы. «Түркі 
тіліндегі Гүлстан» Сайф Сарайдың төл туындысы болып саналады. Мұнда 
назирагөйлік дəстүрдің əсері байқалады, бірақ еркін аудару барысында 
бірқатар эпизодтар түсіп қалған, оның есесіне қыпшақтар өміріне қатысты 
тың көріністер, аудармашының өз жырларының қосылғаны көрінеді.Түркі 
тіліндегі «Гүлстан» шығармасын егжей-тегжейлі зерттеген ғалым Ə.Н.Нəжіп 
болды. Ғалым Сайф Сарай шығармасының жазылу тарихын , оның əдеби 


мəнін, тілін, сол дəуірдің əдеби жəне тілдік ерекшеліктерін кең көлемде 
зерттеп, «Гүлстан бит-түрікті» транскрипциялап орыс тіліне аударып шықты. 
Түркі тіліндегі «Гүлстан» композициялық құрылысы сегіз тараудан тұрады. 
Біріншісі – ел билеуші əкімдер туралы, екіншісі- халық бұқарасы жайында, 
үшіншісі – қанағат жөнінде, төртіншісі – тілге сақ болу туралы, бесіншісі – 
жігіттік шақ хақында, алтыншысы- кəрілік туралы, жетіншісі – тəлім-тəрбие 
жайында , сегізіншісі - əңгімелесудегі əдептілік туралы. Сайф Сарай 
шығармасы əлемдік əдебиеттің алтын қорынан орын алған көркем 
туынды.Құтыбтың «Құсрау Шырын» дастаны – азербайжанның ұлы ақыны 
Низамидің осы аттас поэмасының еркін аудармасы. Құтыптың Низами
поэмасын парсы тілінен қыпшақ-оғыз тіліне еркін аударғандығы. Құтб 
аудармасының көркемдік ерекшеліктері. Низами поэмасында қала өмірінің, 
патша сарайындағы сөн – салтанаттың, ал Құтбтың дастанында мал бағумен 
тіршілік еткен көк майсалы дала көріністерінің көбірек бейнелетіні.
«Хұсрау-Шырын» дастанының негізгі тақырыбы. Дастанның қаһармандары. 
Шырын патша, Хұсрау патша, құрылысшы Фархад, Хұсраудың досы Шамур, 
Мариям, Шеруя т.б «Хұсрау Шырын» дастанының қазақтың лиро-эпостық 
жырларымен сарындастығы, үндестігі, ал баяндау тəсілдері мен 
композициялық құрылысы жағынан ұқсас болып келетіні. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет