Қазақ филологиясы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет32/53
Дата24.05.2023
өлшемі489,64 Kb.
#96443
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
Байланысты:
Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиеті

№8 дəріс Ахмет Жүйнекей,Сүлеймен Бақырғани шығармашылықтары. 
«Ақиқат сыйы» - дидактикалық сарында жазылған шығарма.Композициялық 
құрылысы.Идеялық мазмұны. «Ақиқат сыйы» қоғамдағы моральдық ұғымдар 
мен мінез- құлық нормаларын жыр еткен жинақ. «Ақиқат сыйы » оқу- білім, 
мінез- құлық, əдептілік, тілді тыйып ұстау , жомарттық мейірімділік, ізгі 
қасиеттер туралы. «Ақиқат сыйы » дастанының негізгі тарауларының 
тақырыптық атаулары : «Бұл кітаптың жазылу себебі мен оның қажеттілігі», 
«Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы», «Тілді тию əдептілік пен 
тəртіптіліктің шарты екендігі туралы», «Жақсының игі қылығы мен 
дүниеқоңыздың жарамсыз қылығы туралы», т.б. «Ақиқат сыйы» дастанының 


көркемдік ерекшеліктері. Ақынның бір- біріне қайшы екі құбылысты қатар 
қойып, жұптап суреттеу əдісі. Дастанның он бір буынды аруз жүйесімен 
жазылуы. Сүлеймен Бақырғани – сопылық сарындағы хикмат жырларымен 
есімі мəшһүр ақын. Қожа Ахмет Иассауидің философиялық ой- пікірлерін 
ислам қағидалары бойынша жалғастырушы шəкірті. «Бақырғани кітабының» 
негізгі идеясы – сопылық дəстүрді мадақтау, адамгершілікке , адалдыққа
бауырмалдыққа үндеу. Гуманистік ой- пікірді ислам діні қағидалары 
тұрғысынан баяндау. «Бақырғани кітабының» қазақша аударылуы. 
№9 дəріс Махмұт Қашқари (ХІ ғасыр) 
Махмұт Қашқари (ХІ ғасыр)- ұлы филолог, ауыз əдебиеті үлгілерін жинап, 
зерттеуші ғалым, саяхатшы. «Диуани лұғат –ат түрік»- түрікше- арабша 
түсіндіме сөздік. Қазіргі түркі тілді халықтардың бəріне ортақ мұра. «Диуани 
лұғат –ат түрік»- тек сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырлардағы 
түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми, мəдени, əдеби, саяси өміріне, көне 
тарихи мен əдет – ғұрпына, салт- санасы мен наным – сеніміне, т.б қатысты 
бағалы деректері мол жинақ. «Диуани лұғат –ат түрік» əдеби мəні. «Сөздікте» 
мысал ретінде келтірілген көркемсөз үлгілері: бəйіттер, ғазалдар, тұрмыс – 
салт жырлары, мақал- мəтелдер, қанатты сөздер, ғибрат сөздер, сажьдар /ақ 
өлең/, насыр/проза/. М.Қашқари «Сөздігіндегі» адамдардың қадым 
замандардағы тұрмыс тіршілігін, көк Тəңірісі мен Күнге табыну дəуірін 
бейнелейтін көркемсөз үлгілері. «Диуани лұғат –ат түрік»- сөздігінде табиғат 
туралы өлең- жырлар. Жылдың төрт мезгілі- көктем, жаз, күз жəне қыс – 
көріністеріне арналған өлеңдер.Қыс пен жазың айтысы. Аңшылық жайындағы 
өлеңдер мен еңбек, егін салу, мал бағу тақырыбына арналған өлең- жырлар.
Махмұт Қашқари жинаған бəдік, бақсы өлеңдері, бата- тілек, бесік жыры, той 
басар, жар-жар, жоқтау, естірту, т.б жыр үлгілері. «Диуани лұғат –ат 
түріктегі» мақал- мəтелдер, ғибрат сөздер, афоризмдер. Қазіргі қазақ тілінде 
қаз- қалпында қолданылатын мақал- мəтелдер, қанатты сөздер.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет