№2 дəріс Түркі қағанаты дəуіріндегі əдебиет.Орхон жазуындағы
жəдігерліктер.
Ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті əскери қолбасшысы Күлтегін батыр /
684- 731 жж / , оның ағасы елбасы Білге қаған / 684- 784 жж / жəне қағанның
кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған дастандар. Орхон / руна/
жазба ескерткіштерін табу, руна жазуын оқу , аударма жасау , ғылыми мəтін
дайындау ісіне Н.К.Видзен, И.Т.Страленберг, Н.М.Ядринцев, В.В.Радлов,
В.В.Томсен, С.Е.Малов, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, И.В.Стеблева,т.б орыс жəне
Еуропа ғалымдары мол үлес қосты. Орхон жазуындағы жəдігерліктерді қазақ
тілі мен əдебиеті тұрғысынан С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров,
А.Аманжолов, М.Жолдасбеков, Қ.Өміралиевтердің еңбектерінің маңызы зор.
Орхон жазба ескерткіштері мəтінінде түкік қағанатының құрылуы мен
құлдырауы, өрлеу дəуірі мен күйреу кезеңі жайында бірқатар тарихи деректер
бар. Алайда тасқа қашап жазылған бұл жəдігерліктер жылнама – шежіреемес.
ҮІ-ҮІІІ ғасырлардағы түріктердің поэзиясы, солардың алғашқы əдебиет
үлгілері, «шешендік өнердің жəне батырдың ерлігі жайындағы талай
ғасырлардың өңдеуінен өткен ауызша хикаялардың дəстүрлі формаларын
сақтаған» көркем туынды. Күлтегін, Білге қаған жəне Тоныкөк ескерткіштері –
мазмұны мен формасы жағынан да, тілі мен көріктеу құралдары тұрғысынан
да өлең құрылысы мен композициясы жағынан да ежелгі түркі поэзиясының
нағыз классикалық үлгілері болып табылады.
№ 3 дəріс. «Қорқыт ата кітабы»
Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз .Қорқыт ата ҮІІІ ғасырда Сыр бойында
өмір сүрген тарихи тұлға, аңызға айналған күйші – сазгер, мəшһүр жырау,
кемеңгер философ. Қорқыт ата адамзат баласына өлмейтін өмір, мəңгілік
тіршілік іздеуші аңыз кейіпкері. « Қорқыт ата кітабы» - бүкіл түркі тектес
халықтардың ежелгі тарихын, əдет- ғұрпын, салт- санасын, көркем сөз өнерін
танытатын эпикалық туынды, тарихи мұра.Қорқыт ата кітабының екі қолжазба
нұсқасы сақталып келген .Солардың бірі қазіргі Германиядағы Дрезден
қалалық кітапхансының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.
Қорыт ата мұрасын зерттеуші, тəржімалаушы, Еворпа жəне орыс
ғалымдары / этторэ Русси, Г.Ф.Диц, Теодор Нэльдеке, В.В.Бартольд,
Х.Г.Көрұғылы, т.б./ «Қорқыт ата» кітабы 12 жырдан тұрады. Олар :
Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр, Салар Қазанның үйін жау шапқаны
жайындағы жыр, Қам – Бураұлы Бамсы-Бейрек жөніндегі жыр, Қазамбегтің
баласа Оразбектің тұтқынға түскені туралы жыр, Доқа-Қожаұлы ер Домруд
туралы жыр, Қаңлы қожаұлы Қан- Тұралы жайындағы жыр, Қазылық-
қожаұлы Жүгенек туралы жыр, Бисадтың Төбекөзді өлтіргені туралы жыр,
Белгілі ұлы Əмірен жөніндегі жыр, Үйсін-Қожаұлы Секірек туралы жыр,
Салар Қазанның тұтқынға түсуі жəне оны ұлы Ораздың босатуы туралы жыр,
Сыртқы оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы шығуы жəне Бамсы- Бейректің
өлімі туралы жыр.