Қазақ филологиясы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет28/53
Дата24.05.2023
өлшемі489,64 Kb.
#96443
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
Байланысты:
Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиеті

Мұхаммед Хайдар Дулати(1499- 1551)- өз дəуірінің ғұлама- ғалымы, 
тарихшысы, сөз зергері, ақыны, қоғам қайраткері. 
«Тарихи Рашиди» - ХІҮ – ХҮІ ғасырлар аралығындағы Моңғолыстан мен 
Қашқарияда болған тарихи оқиғаларды көркем тілмен баяндайтын шежіре. 
Захриддин Мұхаммед Бабыр(1483- 1530)көрнекті мемлекет қайраткері
даңқты қолбасшы, дарынды лирик ақын, белгілі жазушы, атақты тарихшы 
ғалым. 
«Бабыр наме» - үш бөлімнен тұратын прозалық шығарма.Бабырдың есімін 
аса дарынды көркемсөз зергері , тарихшы- ғалым, географ, этнограф ретінде 
əлемге мəшһүр еткен туынды. 
 
 
5. Дəрістік кешен (дəріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, 
қажетті əдебиет тізімі). 
№ 1 Дəріс Ежелгі дəуір əдебиеті- қазақ əдебиеті тарихының бастауы . 
Əдебиет тарихы - əдебиеттану ғылымының құрамдас, негізгі бір 
бөлімі.Ежелгі дəуір əдебиеті пəнінің маңызы бкіл түркі тілді халықтарға ортақ 
əдебиет мұраларымен терең танысуға мүмкіндік береді.Ежелгі дəуір əдебиеті – 
бертін келе қазақ халқының құрамына енген тайпалардың көне дəуірдегі 
əдебиеті, олардың ежелгі түркі ру- ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз 
өнері.Түркі халықтарға ортақ əдебиеттің көп ғасырлық тарихын негізінен үш 
кезеңге бөліп қарастырылады:Бірінші, ҮІ – ІХ ғасырлардағы көне түркі 
əдебиетінің ескерткіштері / «Күлтегін»,«Білге қаған», «Тоныкөк » жырлары, 
«Қорқыт ата» кітабы, «Оғыз- наме», Əбу Насыр əл- Фарабидің əдеби 
мұралары\.Екінші, Х-ҮІІ ғасырлардағы əдебиет / Махмұт Қашқари. «Диуани 
лұғат ат- түрік» ; Жүсіп Баласағұн «Құдатғу біліг»; Ахмет Иүгінеки «Хабатул 
- хақайық»; Ахмет Яссауи «Диуани хикмат»; Сүлейман Бақырғани 
«Бақырғани кітабы»/.Үшінші, ХІІІ- ХҮ ғасырлардағы яғни Алтын орда 
дəуіріндегі əдебиет /Рабғузи, «Рабғузи қиссалары », «Кодекс куманикус»; 
Хорезми «Мухаббат наме»; Құтб «Хұсрау Шырын»;Сайф Сарай «Гулистан 
бит- турки»; Дүрбек «Жүсіп Зылиха»; Əбілғазы «Шежіре-и түрік»; Қадырғали 
Жалайыри «Жамиғ- ат тауарих»; Хайдар Дулати «Тари-и-Рашиди»; Бабыр 
«Бабыр наме»/. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет