№15 дəріс Мұхаммед Бабырдың « Бабыр - нама» жəнеХайдар Дулатидің
«Тарихи –и - Рашиди» шығармалары.
Мұхаммед Хайдар Дулати ( 1499- 1551) - өз дəуірінің ғұлама – ғалымы,
тарихшысы, сөз зергері, ақыны, қоғам қайраткері. « Тарихи Рашиди» шежіресі
негізінен ХІҮ – ХҮІ ғсырлар аралығында Моңғолстан мен Қашқарияда
болған тарихи оқиғаларды баяндайды.Шежіре екі дəптерден тұрады, біріншісі
Монғолстанда билік жүргізген хандар шежіресі, ондағы халық тарихы
баяндалады. Екінші дəптерде қазақ елінің өз көршілерімен қарым- қатынасы
жан- жақты сөз болады. Ол ХҮ – ХҮІ ғасырларда Орта Азия, Шығыс
Түркістан, Ауғаныстан жəне Үндістанда орын алған маңызды тарихи
оқиғондағы халық тарихы баяндалады. Екінші дəптерде қазақ елінің өз
көршілерімен қарым- қатынасы жан- жақты сөз болады. Ол ХҮ – ХҮІ
ғасырларда Орта Азия, Шығыс Түркістан, Ауғаныстан жəне Үндістанда орын
алған маңызды тарихи оқиғаларды көркем тілмен баяндайды. « Тарихи
Рашидидің » зерттелуі, аударылуы. Захриддин Мұхаммед Бабыр(1483- 1530) –
көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, дарынды лирик ақын, белгілі
жазушы, атақты тарихшы ғалым.
«Бабыр наме» - үш бөлімнен тұратын прозалық шығарма.Бабырдың
есімін аса дарынды көркемсөз зергері , тарихшы- ғалым, географ, этнограф
ретінде əлемге мəшһүр еткен туынды. Бірінші бөлімде ХҮ- ХҮІ ғасылардағы
Орта Азиядағы тұрмыс- тіршілігі, қоғамдық- əлеуметтік, саяси оқиғалар, осы
өлкенің табиғаты сөз болады. Екіншісінде қазіргі Ауғаныстан жерінде ( «
Кабул уəлаяты») орын алған маңызды тарихи оқиғалар , үшіншісінде үнді
елінің бай табиғаты , халқы, əдет- ғұрпы, салт- санасы, ғылымы, мəдениеті,
əдебиеті, тілі, тарихы, ондағы саяси оқиғалар баяндалады. « Бабыр- намені»
зерттеу , өз тілдеріне тəржімə жасауға көп елдердің ғалымдары атсалысты. «
Бабыр - наменің» идеялық мазмұны, тарихы, əдеби мəні, тілі