Қазақ филологиясы


Дифференцияланған мағыналы жалқы сөйлеу етістіктері сабақты етістікке жатады



бет23/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Дифференцияланған мағыналы жалқы сөйлеу етістіктері сабақты етістікке жатады.

Дифференцияланған мағыналы жалқы сөйлеу етістіктері жүзеге асырылып отырған сөйлеу процесінің қандай да бір жеке жағын білдіреді, бұл орайда олар негізінен не сөйлеу процесінің мазмұнын, не айтылу тәсілін білдіреді.

Ортақ мағыналы сөйлеу етістіктері белгілі бір әмбебап қолданыста болады және дифференцияланған мағыналы жалқы сөйлеу етістіктерінің орнына қолданыла алады (мақтау – дәріптеу, лепіру – өршелене сөйлеу, қағыту-сөзбен шалу; былшылдау – бетімен лағып сөйлеу; көпіру – бос сөз сөйлеу; бөсу – өтірік айту; ғайбаттау – жала жауып сөйлеу; тұтығу – кібіртіктеп сөйлеу; сөгу –жер-жебіріне жету; құлағының етін жеу – қайта-қайта айтып беру; паш ету-жариялау; сақтан-саққа жүгірту – әр түрлі ғып айту).

Ортақ мағыналы сөйлеу eтicтікepi қазақ тiлiндегi сөйлеу етістіктерінің семантикалық жүйесiнде анағұрлым ауқымды топ болып табылады. Аталған топтың лексикалық мағыналарын зерттеу оларды айтылу реңкiндегi етiстiктердiң белгiлi бiр жүйесi iшiнде бiр-бiрiмен семантикалық сыңарлардың өзара қарым-қатынасы бiрiктiретiнiн көрсетеді. Жалпы мағыналы сөйлеу етістіктері қазақ тiлiнде үлкен семантикалық топ құрайды. Олар дифференцияланған мағыналы жалқы сөйлеу етiстiктерiнен модальды­ бұйрықты, эмоциялы-экспрессивтi бояуымен ерекшеленедi. Ортақ мағыналы сөйлеу eтістіктері тек сөйлеу әрекетін ғана бiлдiрiп қоймайды, сөздi жеткiзу сипатын немесе тәсiлiн анықтайды; олардың, сөйлеу объектiлерiн айтылу тұлғасына назар аудара отырып атайды.

Мысалдар: Тiлiне алғашқыда тосаңсып жүрсе де, аздан соң аңғаратын болды, Башқұрт тұрмысын сұрады (Ж.Аймауытов). Құнанбай бiраз ойланды да, жол қамын әзiрлеудi бұйырды (З.Ақышев). Ауылдан ұзап шыққан coң-ақ, Қайсар Еркебұлан мінген күрең атты көп мақтады (F.Мүсiрепов). Мұстапа ағасының сөзiн анадайдан естiп тұрып өзiне өзi жекiрiндi (F .Мұстафин). Келтiрiлген мысалдардағы сұрады, бұйырды, мақтады, жекiрiндi, сайрады, қағытты, қызыл кеңiрдек болды ортақ мағыналы сөйлеу eтicтiктepi айтылу семантикасы жaғынан түрлi сипатқа ие. Алайда, олардың екi-үш қызмет атқаратынын айту қажет: айтылу қызметi + мағынаның модальдық реңкiн көрсететiн қызметi, яғни айтушының қандай да бiр орын алған фактiге деген эмоциялық ­интеллектуалдық қарым-қатынасы: сенiмдiлiк, сенiмсiздiк, ойлану, күмәндану, түсiнбестiк, сенбеу, күтпеу, таңғалу, тәлкектеу, жек көру, менсiнбеу, қорқыныш, шошу, ату, жек көру, аяу, нәзiктiк, аялау, сүю, сыйлау, қолдау, қуаныш және т.б.

Қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң нақты материалдары негiзiнде сөйлеу етiстiктерiнiң төмендегiдей семантикалық топтары анықталды:

1. Ортақ мағыналы сөйлеу eтістіктері айтылудың түрлi реңктерiн бiлдiредi: бұйыру, сұрау, ескерту, қайталау, түсiндiру, бiлдiру, кеңесу, сұхббаттасу , хабарлау, баяндау, паш ету, әңгiмелесу, мәлiмдеу, жаттау және тағы басқалар.

Сөйлеу етістіктерінің аталған тобы әлдене жайлы баяндауды, хабарлауды ғана бiлдiрмейдi, түрлi модальды реңктер де бередi.

2. Айтушының эмоциялық күйiн бiлдiретiн сөйлеу етістіктері:

а) жағымды эмоциялық реңктi айтылу процесiн бiлдiретiн

етістіктер: әзiлдеу, қалжыңдау, мақтау, мадақтау, сайрау, бөсу, мүдiрмеу, сырласу, құптау, ақтау, әйгiлеу және тағы басқалар;

ә) жағымсыз эмоциялық реңктi айтылу процесiн бiлдiретiн eтістіктер: бақыру, балағаттау, былшылдау, жанжалдасу, жеку, жекiру, қаралау, лепiру, қызыл кеңірдек болу, өсек тарату, сампылдау, сөгу, тиiсу, шаптығу, балағаттау және тағы басқалар;

Ортақ мағыналы сөйлеу етiстiктерiнiң даму жолдарын анықтай отырып, бiз олардың жасалуының үш түрлi тәсiлiне көз жеткiздiк:

- бiр түбiр етістігінен + сөзжасам, тұлғажасам аффикстерiнен

жасалған сөйлеу етістіктері;

- сөздiң аналитикалық тұлғасынан тұратын сөйлеу eтістіктepi;

- тұрақты сөз тipкeстерінен тұратын сөйлеу eтicтіктерi.

Сонымен, қорытындылай келе, зерттеу жүргiзу барысында үш жүзден астам ортақ мағыналы сөйлеу eтістігі анықталғандығын атап айтқымыз келедi. Соның бiразы диссертацияның соңындағы сөздiкте берiлдi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет