Қазақ филологиясы


-ла, ле аффиксі жалғануы арқылы есім сөз таптарынан жасалған сөйлеу етістіктері



бет26/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
-ла, ле аффиксі жалғануы арқылы есім сөз таптарынан жасалған сөйлеу етістіктері. Сөйлеу етістіктерінің бір бөлігін -ла/ле, -да/де аффикстері жалғануы арқылы есім сөз таптарынан жасалған туынды тұлғалар құрайды [40]. Есім негізді етістік жасаушы формант ретінде оның барлық фонетикалық нұсқасында –ла, -ле аффиксі болып табылады.

Есім сөздерден етістік тудырушы форма ретінде –ла, ле аффиксі тілшілердің назар ертеден аудартқан. А.Қалыбаева: «-ла, ле, аффиксі – де, -те етістік лексикасынан шыққан деп санайды, «айт» (айт, сөйле, әңгімеле) және оның көмегімен жасалған туынды негіздердің синонимдері: сөй-ле, баян-да және т.б.[41].

А.Қалыбаеваның «Қазақ тіліндегі -ла, ле, аффиксті туынды түбір етістіктер» атты монографиялық еңбегінде зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, еліктеу сөздер, одағай, «бар», «жоқ» сөздерінен, сондай-ақ өлі түбірлерден -ла, ле, аффикстері арқылы жасалған туынды етістік негіздері туралы тұжырымды пікір айтады. Бұл орайда «барлық сөз таптарынан, оның ішінде етістіктен етістікжасайтын бұл аффикс кез-келген сөзге сондай-ақ кез-келген зат есімге жалғанбайтынын» атап айту қажеттігін айтады[41].

Қазақ тілінде –ла, аффиксіне бітетін сөйлеу етістігі негізінен сөйлеу, айтылу мағыналы түбірлерден жасалады: айқай+ла, әзіл+де, балағат+та, баян+да, дәлел+де, жат+та, күбі+ле, күңкіл+де, қалжың+да, мазақ+та, мақұл+да, мәлім+де, мылжың+да, мысқыл+да, міңгір+ле, от+та, пысық+та, рас+та, сыбыр+ла, талқы+ла, тіл+де, үгіт+те, хабар+ла, шүңкіл+де.

Мысалдар: Бұдан кейін бір жұма өтер-қтпесте, мал алуға бес кісі құдалар келіп қалатындығын хабарлады (Ж.Аймауытов). Бұзбай пісірілген құланның шылқыған семіз етіне кеңірдектей тойған аңшылар аран жайын мұрттарынан май сорғалата отырып әңгімелейді (Ә.Кекілбаев).Сабаншы батырға жолдаған хатында патшаның адам алатыны баяндаған (М.Дүзенов). Жанында отырған жалппақ бетті әйелге бірдемені сыбырлап айтып, екеуі күңкілдеді (Б.Майлин). Сәмет құлағына сыбырлады (Ғ.Мұстафин). Танабай қолын сермеді де өзіне-өзі күбірледі (Ж.Еділбаев). Өзгеден қайыр, бөтеннен пәтуа іздемейді деп мұны тілдейді (Ә.Кекілбаев). Жел құйынды өзіне шақырып, Ерден бар даусымен айқайлайды (С.Бегалин). Кешегі кедей қыздың мұнша жұртты аузына қаратуы оған, әрине намыс. Сол жөнінде әкесінің құлағына көп сыбырлады (М.Дүзенов).

Айтылу мағыналы етістіктер басқа сөз таптарынан да жасалады, бұл орайда олар көп жағдайда ақтау (ақ+та+у), қаралау, жамандау,жақсылау және т.б. сөздер арқылы жүзеге асатын бағалауыштық сипатта болады.

Мысалдар:

Абайды ақ патшаға қарсы деп те жамандады (М.Әуезов). Кінәлі адамды ақтаймын деп өздерің күнәға батпаңдар,- деді ол (Ә.Сәрсенбаев). Ахмет жайында менің құлағыма естілген сөздер оны балағаттау, қаралау болатын (Б.Майлин).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет