Қазақ филологиясы



бет10/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
мақта + п + едiм мақта + п + едiк

мақта + п + едiң мақта + п + едiңдер

мақта + п + едiңiз мақта + п + едiңiздер

мақта + п + едi мақта + п + едi

Болжалды келер шақ мағынаны білдіруші сөйлеу мәнді етістіктер –р, -ар, -ер аффикстері жалғанған етістік түбірінен жасалады.: айт+ар+мын, сөйле+р+мін, сұра+р+мын, бұйыр+ар+мын, хабар+ла+р+мын, түсін+ер+мін және т.б.

Белгісіз келер шақ етістік негізіне –мақ, -мек, ( -пақ, -пек, -бақ, -бек) аффикстері мен етістіктің жіктік жалғауларының жалғануы арқылы жасалады.

«Қазіргі қазақ тілі» белгісіз келер шақтың баяндаушылық сипатына айырықша назар аударады.

Баяндау тұлғасындағы келер шақ негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады: Мен сізбен кең түрде әңгімелеспекші едім; Мен ол кісімен бір кең отырып сөйлеспекші едім; Сен ол кісімен сөйлеспекші едің [30,341].

Яғни, сөйлеу етістіктеріне етістіктің барлық шақтары тән: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.

Кейбір ауыспалы кезеңдермен үш шақты білдіру үшін сөйлеу етістіктері рай, етіс, есімше, көсемше тұлғаларының категорияларымен берілетінін атап айту қажет.

Жан-жақты зерттеулер дифференцияланған мағыналы сөйлеу етістіктерінің (-айт, -сөйле, -де) айтылатындарының барлығының негізін құрайтынын және сөйлеу, айтылу процестерін жүзеге асыратынын көрсетеді. Орасан көп сөзжасамдық, тұлғажасамдық тәсілдермен сөйлеу етістіктері айту процесінде икемді және модальды реңкте түрлене түседі.

Өткен шақ едi көмекшi eтістігі арқылы да жасалады. Нақты мағынасы жоқ және сөз түрлендiрушiлiк қабiлетiн жоғалтқан едi тұлғасы көмекшi eтістіктерге жатады. Едi етістігі -п көсемше жұрнағы жалғанған тұлғамен, есiмше тұлғалармен және күй-жағдай етістіктермен тiркесiп өткен шақ тұлғасын жасайды [29].

Сөйлеу етістіктері нақтылық (айт, сөйле, сұра, бұйыр, кеңес, үгiтте, талқыла, сұхбаттас) және дерексiздiк дәрежесiмен (қағыт, тиiс, мысқылда, сайра, қайра, сыбырла, екiреңде, күбiрле, күңкiлде жене т.б.) ерекшеленедi.

Қазіргі казақ тілінің грамматикалық жүйесінде сөйле, айт, де етістіктері үлкен орын алады. Сөйлеу мәнді етістіктер семантикасы мен функциясы жағынан бір-бірінен дараланады. «Де» етістігі көбінесе айт, сөйле етістігіне синоним ретінде жүмсалады Сөйлеу мәнді етістіктерінің ішінде де етістігі семантикасы мен функциясыньң жан- жақтылығы жағынан болсын, қолданылу қабілеті жағынан болсын өзге етістіктердің бірде біреуі «де» етістігіне барабар бола алмайды. Де етістігі - лексика - грамматикалық сипаты күрделі сөз. Ол көп мағыналы. Сонымен бірге бұл сөздің грамматикалық жүмсалысы өте жиі және алуан сырлы. «Де» етістігі негізгі зерттеулерде жеке толық мағыналы лексикалық тұлға ретінде қарастырылады. Сөйлеу мәнді етістіктердің лексикалык немесе грамматикалық сипатын ажырату үшін алдымен олардың қызметін ашып алуды жөн көрдік.

Айт етістігі бірқатар түркі тілдерінде соның ішінде қазақ тілінде ойдың айтылу процесін білдіретін етістік ретінде қызмет етеді. Айт сөйлеу етістігі айтылу әрекетін білдіріп қана қоймайды, айтылу процесінің жай-күйін, мезгілін, айтылу жағын және бұл әрекеттің айтылу нысаны мен арадағы байланысты көрсетеді. Осыған байланысты қазіргі қазақ тіліндегі айт сөйлеу етістігі шақ, жақ, түр, рай, етіс категорияларына ие болады. Айт етістігіне ортақ бірлескен етіс аффиксі –с,-іс,-ыс қосылуы екі адамдар арасындағы сөзге келіп қалу, пікірлесу т.б. жарысты білдіреді. Айтыс шешендік жарыс ретінде қолданылады, яғни белгілі құбылыс атауы болып, заттанған күйінде қолданыс табады.
Айт етістігі төлеу сөзді жеткізуде негізгі рөл атқарады. Төлеу сөз әдетте бөгде біреудің сөзін сөзбе-сөз бермей, тек оның мазмұнын ғана жеткізетіні белгілі және жеткізу тұлғасы жеткізуші жаққа тәуелді болады. Төл сөзбен төлеу сөзге айналған кезде де етістігінің орнына айт етістігі қолданылады. Мысалы: Ташкентке апарып генерал-губернатор Кауфманнан қолжазба ретінде бес жүз дана етіп басуға рұқсат алғандығын, 1900 жылы бастырып шығарғандығын айтты (С.Талжанов).

Келтірілген мысалдан төлеу сөзде кейіпкердің сөзі автор сөзімен бірігіп кеткендігі көрініп тұр. Осылайша төл сөз тұлғалық грамматикалық қатынаста тұтастай және толығымен автор сөзіне сіңеді де, тұтас жай сөйлем болып қалады.



Айт етістігі арқылы жасалған сөз тіркестері тілімізде молынан ұшырасады. Бірқатар көрнекті қазақ жазушыларының көркем шығармаларын талдау арқылы айт сөйлеу етістігінің дайын сөйлеу бірлігі түріндегі өзінің құрылымы жағынан тұрақты, мағынасы жағынан тұтас сөз тіркестерін құрайтынын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет