Қазақ филологиясы


Сөйлеу мәнді етістіктердің тұрлаусыз мүшелер қызметінде



бет37/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
2.3 Сөйлеу мәнді етістіктердің тұрлаусыз мүшелер қызметінде

жұмсалуы

Сөйлемнің мағыналық құрылымында оның бас мүшелерінің ғана емес, сол бас мүшелердің айналасына топтасып, солармен белгілі бір қатынасқа түсу арқылы сөйлемді жайылма ететін тұрлаусыз мүшелердің рөлі зор. “Тұрлаулы мүшелердің айналасына топтасып, соларға қатысты болатын, сөйтіп, заттың сындық, сапалық, заттық т.б. қасиетін, қимылдың тарау аймағын, көлемін, бағытталған объектісін т.б. білдіріп, сөйлемді семантикалық жағынан кеңейтіп, толықтырып тұратын мүшелерді тұрлаусыз мүшелер деп атайды” [26,650]. Субъект пен предикат арасындағы мағыналық байланыс тұрлаусыз мүшелер арқылы ғана нақтыланып, айтушы ойын саралау, сөйлемнің мазмұнын кеңейту жүзеге асады. Ойды анық та, дәл, толық жеткізілуі тұрлаусыз мүшелердің сөйлемде қаншалықты мол, орынды қатысуына байланысты. Сөйлеу мәнді етістіктер де тұрлаусыз мүше қызметінде жұмсалып, ойды нақтылап, саралауға, кеңейтуге қатысады. Тіл білімінде тұрлаусыз мүшелер үш топқа – анықьауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп бөлу ертеден қалыптасқан. Сөйле, айт, де, сайра, т.б. етістіктер сөйлемде анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш қызметінде жұмсала береді.

Енді, сөйлеу мәнді етістіктердің сөйлемдегі қызметіне жеке-жеке тоқталамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет