Қазақ филологиясы


Сөйлеу мәнді етістіктердің анықтауыш қызметінде жұмсалуы



бет38/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Сөйлеу мәнді етістіктердің анықтауыш қызметінде жұмсалуы.

Анықтауыш мүшенің қызметі де өзі тіркесетін сөздің лексика-семантикалық ерекшелігімен тығыз байланысты. «Анықтауыштар - өзіндік лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар бірлік ретінде тұрақталған синтаксистік категория»[47]. Анықтауыштар сапалық, меншікті болып бөлінеді. Байланысу тәсілдеріне қарай қабыса байланысқан, матаса байланысқан анықтауыштарға сәйкес келеді. «Есім сөз + деген», типті анықтауыштың құрылысын, мағынасын талдауда көмекші етістік зат есім, субстантивтенген есімше, тұйық рай етістік, сын есім, сан есім сөздермен тіркесіп, анықтауыш ұйымдастыруын көруге болады.Мысалы, Ермін деген ұлды құрметте. Ер көрмеймін деген жерін үш көреді (Газеттен). Бұдан жүз жыл бұрын айтылған пікір болса да, мен осы дұрыс көрдім (Ғ.Мүсірепов). Сағатқа жақын сөйлескен сөзімізден мен бір-ақ нәрсені аңғардым (Ғ.Мүсірепов). Мен өзім айтқандай болып келем (Ғ.Мүсірепов). Айтыспаған сырымыз да жоқ, ақылдаспаған арманымыз да жоқ (Ғ.Мүсірепов).

Сөйлеу мәнді етістіктердің ішінде де етістігі анықтауыш қызметінде жиі жұмсалады. Мысалы, деген-етістігі көбіне жеке сөз ретіндегі зат есіммен бірігіп анықтауыш қызметінде жұмсалады. Торайғыр деген инженер жұмысқа алынды (Қ.Исабаев). Әлгі айтылған жалқау Байкен деген жігіт Қасымның баласына жердің тұқымын беріп жіберіп, артынан қоймай жүріп қайырып алды (Ғ.Мұстафин). Қала деген ғажап қой! Қобдидай жаңа үйлер, тартқан сымдай көшелер жарқырап көрінеді (Ғ.Сланов). Кәдір деген кісінің Айша сияқты көк өрімдей қызын мал-жанын сала қадалып алғалы жатыр (С.Сейфуллин).

“Жалпы зат есім + деген” анықтауыш басыңқы зат есіммен байланысып, екеуінің арасындағы “жалқы-жалпы” қатынасты білдіреді. Мысалы, Қазақ топырағында әдептілік деген желеумен семьяның ішкі жағдайлары, күйеуі мен әйелі білуге тиіс басқа маңызды мәселелер жөнді айтылмай келеді (Б.Нұржекеев). Алда әлі тозақ деген сынақ тұр (Ш.Мұртаза). т.б.



Деген сөйлеу мәнді етістігінің қатысуымен құралып, грамматикалық құрылымға түспей жүрген анықтауыштың үш түрі бар.

Сын есім + деген” типті анықтауыш: Күтімді деген жылқының өзі жүре алмай қалған (Ә.Тарази). Дені сау деген азаматтар бір кісідей тік көтеріліп, соған аттану керек (М.Қабанбаев).

“Ең” демеулігі қатысып жасалған анықтауыштар да тілімізде қолданылады.

Мысалы, ең қатты деген, ең шұрайлы деген, ең мықты деген т.б.

Барыс септіктегі зат есім + деген” типті анықтауыштарға мысал: Жан тәсілім етердегі бой ұсыну, жауға деген кек әттеген-ай арман, тән жарасы азаптанған ышқыныс-осының бәрімен қабаттас сарбаз жүзіне қанағаттанған өрлік тұнған (Қ.Аманжолұлы).

Анықтауыш мүшелер жүйесінде “предикативтік тұлға + деген” типті құрылымдар бар. Бұл анықтауыштардың негізгі семантикалық компоненті “бастауыш-баяндауыш” болып құрылған тұлға қатысып, деген етістігімен бірге анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Саған оңашада айтайын деген сөзім бар еді (Б.Майлин).

Басқа сөйлеу мәнді етістіктері де анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Гүрілдеген ақ төбет, шәуілдеген сұр қаншық арқаңдағыны тастап кет,-дегендей тап-тап береді (Ғ.Мұстафин).

-атын, -етін, -йтін,-йтын жұрнағы жалғану арқылы да жасалады.

Сөйлейтін, айтатын, сарнайтын, күңкілдейтін т.б. сөйлеу мәнді етістіктері анықтауыш қызметін атқарады. Сөйлейтін сөз қалмады.

Қорыта айтқанда, сөйлеу мәнді етістіктер де анықтауыш қызметінде қазақ тілінде жиі жұмсалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет