Қазақ филологиясы


Айтқалы отырмын. Біріміз айдауда, біріміз байлау-матауда күңірене жүріп



бет41/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Айтқалы отырмын. Біріміз айдауда, біріміз байлау-матауда күңірене жүріп, көне беретінбіз (М.Әуезов).

Сөйлеу мәнді етістіктер кейде себеп пысықтауыштың қызметінде жұмсалады. Мысалы, Дауыстап сөйлегендіктен Матвеевтің даусы қарлығып шықты.

Күшейтпелі етістіктің жұрнағы -ңқыра/-ңкіре қосымшасы жалғанып келуі арқылы жасалған күйінде пысықтауыш бола алады. Мысалы, Айтыңқырау, бөсіңкіреу, т.с.с түрінде жұмсалады.

Де етістігі толық мағыналы сөздермен қатар келіп пысықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы,

Сен бірдеңе дегелі келдің. Айтайын деп асықты. т.б.

Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер – үстеулер, үстеу мәндес есімдер, сапалық есімдер, мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес)зат есімдер, етістіктің есімше, көсемше, шартты райлы түрлері. Сондай-ақ, еліктеуіш сөздер мен көмекші сөзді тіркестер де пысықтауыш қызметінде қолданыла алады. Пысықтауыштар құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінеді”[ 26, 657].

Сөйле, айт, де т.б. сөйлеу мәнді етістіктер пысықтауыштың қызметін атқарғанда мекен, мезгіл, мақсат, амал мағыналарында жұмсала береді.

Қимыл амалды білдіретін пысықтауыш қызметінде жұмсалған сөйлеу мәнді етістіктер: Сөйлей-сөйлей орнынан қозғалып, сөзін бітіруге жақындағанда, жылжи-жылжи столға келіп, столды бір-екі рет жұдырықтап жіберді (Ғ.Мұстафин).

Сөйлеу мәнді етістіктердің себеп пысықтауыш түрінде кездесетіндігін де көруге болады. Негізгі сөзге көсемше тұлғалы де көмекші етістігіарқылы жасалады. Мысалы, Ол сізді көрермін деп жүрді.

Ол ауылына соқпастан, қаладағы туыстары жиналған үйге келгенмен бірде- бір жанмен тіл қатысып, сөйлеспестен төрдегі жинаулы тұрған төсекке сұлық құлады (БМайлин).

Мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалған сөйлеу мәнді етістіктер –ғалы, -гелі, - қалы, -келі тұлғалы көсемше жұрнағы жалғанады, зат есімдермен тіркесу арқылы жасалады: Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы кетіп барады (М.Әуезов).

Сөйлеу мәнді етістіктер меңгеріле байланысқан қимыл есімді күрделі пысықтауыш бола алады. Мысалы, Әсіресе артынан келе жатқан жұмыскерлік салты жоқ, ауылдан кеше ғана келген қазақ жігіттерімен шешіліп сөйлесу үшін қазақтың өзі қандай жұрт екенін кеңірек білуде әйелдің ұқыптылығымен қазбалап іздестіріп еді (Ғ.Мүсірепов).

Қабыса байланысқан қимыл есімді күрделі пысықтауыш: Осының бәрін біз біткен шығарманы әйтеуір сынау, әйтеуір мінеу үшін емес, автордың біткен шығармасының өзіне қайта-қайта оралып міней беруі, түзей беруі өте-мөте орынды екендігін тағы бір атап өту үшін айтып жатырмыз (З.Қабдолов).

Сөйлеу мәнді етістіктердің пысықтауыш қызметінде жұмсалуын былайша топтауға болады:


  1. Көсемше арқылы;

  2. Есімше арқылы;

  3. Қимыл есім арқылы;

  4. Шартты рай арқылы

  5. Есім мен етістіктер арқылы т.б.

Есімше пысықтауыш жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауы жалғанып келіп көмекші сөздер арқылы жасалады.

Жатыс жалғауы: Айқанда қорытынды шығара деймісің.

Шығыс жалғауы: Ол сөйлемегендігінен, айтпағандығынан ғана құтылды. Мысалы, Дауыстап сөйлегендіктен Матвеевтің даусы қарлығып шықты (С.Мұқанов).

-сы,-сі жұрнағы өткен шақ есімшенің болымды және болымсыз түріне жалғанып, қимыл иесінің бір істі жорта істеген, не істемеген болып көрінуін білдіреді (айтпағансып, жамандамағансып, ұрыспағансып т.б.) Ол түк айтпағансып отыра берді (С.Мұқанов).

-дай/-дей жұрнағы өткен шақ есімшеге жалғанып, туынды түбір жасайды (айтқандай, сөйлегендей, хабарлағандай, сыбырлағандай, айғайлағандай, бажылдағандай). Сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарып тұрады. Мысалы, Құлағыма анам сыбырлағандай болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет