Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. XV- xix ғасырлардағЫ Қазақ философиясы



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата18.05.2023
өлшемі0,9 Mb.
#94113
1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Көшпенділер өркениеті» деген ұғымды Ә. Марғұлан, К. 
Ақышев, К. Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланып 
келді. Соңғы жьлдары К. Байпақов Евразия сахарасыңда көшпенділер 
өркениетінің орнына Дала өркениеті деген ұғымды қолдануды орынды 
санайды.
Ең алдымен «Дала» деген ұғымның басын ашып алу керек. 
Оны тек бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып 
не сан өзендер өтеді. Бір шеті Енесай, Лена, Онон, Керулен, Ертіс, 
Тобыл, Жайық, Объ, Каспий, Арал, Еділ, Дон, Дунай, Днепр ұлы 
сахараның сәні мен әні еді ғой. Қазақстан жерінде 45000 өзен мен 
өзен аңғарлары, 85 мың көл бар екен. Осы ұлан- ғайыр далада 
өркениет орнауға себеп болған факторлар қандай? 
1. Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықты ң 
басын қосты. Ол Европа мен Азияның қақпасы, тоқсан тоғыз 
жолдың торабы. А. Тойнби: «аңдарды үйретіп, қол малы жасауы, 
өсімдік жинауға үйреніп,оны өсіріп қорек етуден гөрі биігірек 
өнер, өйткені ол адамның, ақыл – ойы мен ерік- күшін қажет етеді, 
- дей келіп, - «көшпенділер ат болмағанда мұншама маң даланы 
бағындырып, керемет қатаң табиғи жағдайда өмір сүре алмас еді, 
олардың сұңғыла да ұстамды, күшті де төзімді болып келуі сол ат 
үсті өмірінен» (Тойнби А. Дж. Постижение истории. – М.: Прогресс, 
2011. – 122 б.), - деп түйеді.
2. Сайын дала Әму мен сыр бойы арқылы қытай, парсы, үнді, 
араб өркениеттерімен тоғысты.
3. Сыр мен Әмудария аралығында пайда болған Зәрдеш 
(зороастр) тәңірлік дүниетаным христиан, будда, ислам сияқты 
әлемдік діндердің өзекті қағидаларына негіз болды. Дала 
өркениетін рухы биік халық жасады. Олар тәңірге табынды. 
Әлемдік діннің қайсысы болса да сахарада орын алды. 
4. Қыр баласы табиғи ортамен толық жарасымды болды. Дала 
перзенті ешбір шектелу дегенді білмеді, бостандықта өсті, 
төзімтал, өжет болып өсті. Оларға творчествалық эволюция тән еді.
5. Л. Н. Гумилев, т.б. зерттеушілер «көшпенділер» деген 
ұғымды абсолюттандырады. Шын мәнінде ұлы сахарадағы 
халықтың негізгі кәсібі мал бағу болғаны рас. Сонымен бірге ол 
егін де екті, қолөнерін де дамытты, қала да салды.
Бір сөзбен айтсақ атқа қонған көшпенді географиялық 
кеңістікті игерді, астраномиялық білімге ұмтылды, зат айырбастау, 


11 
жаудан қорғану мен шабуылға шығу, металл балқытуды игеру, 
әскери өнерді жетілдіру, атты әскер мен әскери арбаларды 
қолданып, бұрын- соңды болмаған жеңіске жету – көшпенділерді 
замананың иесі етті. Азияның көне көшпенділері еш жерде 
қайталанбайтын скиф-сібірлік «аң өрнекті» ғажайып бейнелеу 
өнерін жасады. Бұл өнерді игерген сақ, үйсін, сармат, ғұн сияқты 
тайпалардың творчествасында көне Қытайдың, Орта Азияның, 
Таяу Шығыстың, Грецияның отырықшы халықтарының ықпалы 
байқалады. Алайда, олар жасаған өнердің болмысы өзгеше, дара 
ғажайып баға жетпес ұлы өнер еді.
Сайын даладағы көшіп қону, экологияны сақтау, ұрпақ 
тәрбиелеу, демографиялық үрдісті жолға қою сал-серілік дәстүр 
сияқты дала этикасын, менталитетін орнатты,
Біздің өркениетіміз өте ерте дамыған және ол қала мен 
даланың синтезі. Ендеше, біздің жерімізде мемлекеттің жабайы 
түрі емес, кемеліне жеткен түрі болған. Б.з.д. V ғасырда бұрынғы 
үйсін мемлекеті жөніндегі қазіргі Қытай жерінде көптеген 
зерттеулер бар. Түрік қағанаты кейінгі түргеш, ұйғыр, қарахан, 
қырғыз, хазар қағанаттарына қарлық, оғыз, қимақ мемлекеттеріне, 
Алтын Орда, Жошы ұлысына, қазақ хандықтарына жол салды.
Л.Н. Гумилевтің пікірінше тәңірге табынушылық аспан мен жер 
арасындағы көзқарастардың басын қосқан дүние деп мойындайды.
Л.Н. Гумилев ғұндар туралы айта келіп, Қытай елшісі (245-250 
ж.ж.) Кампучияда болған кезінде ғұндардың жазуына ұқсас жазу 
көргенін ескертеді. Ендеше Орхон-Енесай жазуының түпнұсқасы 
тым алыста жатыр. Қ.И. Сатпаев өзінің 1942-жылғы өкіметке 
жолдаған хатында 81 жастағы Мұрын Сеңгірбаев жыраудың 18 
жастан бастап «Қырымның 40 батыры туралы» сияқты жырларды 
орындағанын жазыпты. Ол Сыпыра жыраудың, Әбіл жыраудың, 
Нұрым жыраудың мұрагері. Мұрын жырау әрбір жырды 7-10 
күннен жырлайды екен (Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне 
мәдениет жазбалары. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. – 400 б.).
Сонда 40 жырға 400 күн керек емес пе?
Міне, осылай Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен 
тоғысқан түркілер жаңа мәдениет типін қалыптастырды. Егер 
бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстемдік етсе, екінші түркі 
қағанатында руналық жазу тарады. VІІ-ХІІІ ғ. қалған Монғолия 
мен Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда 
көне түркі алфавитімен жазылған 200-ден астам ескерткіштер 
қалды. Ал біздің жыл санауымызға дейін V ғасырда өмір сурген 
Есік жазуындағы 17 әріптің 13 көне түркі руникалық алфавиті 
екенін айтсақ түркілердің жазуы, өнері тым ерте екендігі көрінеді. 
Д. Клеменецтің көне түркілерді «тамаша халық» деуі осыдан.


12 
VІ ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші шығыс 
мәдениеті игеріле бастады.
Кезінде кеңестік шығыстанушылар орта ғасыр дәуірінде жеті 
тарихи-мәдени өлкелер қалыптасқанын мойындағанды: еуропалық, 
араб-исламдық, орташығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық 
Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық. Академик 
Н.И. Конрад алғашқы кезде мәдени қарым-қатынаста көне 
халықтардың мәдениеті үстем болды, ал екінші кезеңде жаңа 
ортағасырлық әдебиет туындаған кезл\де жас халықтарға кезек 
тиді, олар ортағасырлық әдебиет жасады – жапондық, жаңа үнділік, 
жаңа түркілік, жаңа ирандық, арабтық, армяндық, грузиндік, 
славяндық, романдық, германдық (Конрад Н. Запад и Восток.
Традиции и современность. – М.: Наука, 1993. – 403 б.), – деп атап 
көрсетті.Міне, осылай түркі өркениетінің қанат жайып, түркі 
әдебиетінің өскен кезеңі Түркі қағанатының тұсына келеді. Егер 
біз Египет өркениеті 6000 жыл бойы дамып, өзін танытты десек, 
жас түркі өркениеті алда кеткен өркениетті аса жылдамдықпен 
қуып, баса көктеп өркендеді.
Түркі қағанатының ғажабы – тайпалық томаға тұйықтық 
көзқарас орнына жалпы империялық, жалпы түркілік идеология 
орнады. Кейін империя құлаған кезде бұл тайпалардың 
мемлекеттігінде бір әдеби тіл, жазу, бірегей саяси-әлеуметтік жүйе, 
материалдлық мәдениеттің бірегей нормалары сақталды. Сайын 
даладағы халықтар өздерінің бір мәдени ортаға қосылатынын білді, 
осының негізінде болашақ түркі тектес халықтардың бірегейлігі 
беки түсті. Ал бірегейлік Алтайдан Дунайға дейінгі қыпшақ 
даласында одан әрі жалғасын тапты. Ұлы Жібек жолы 
трансконтиненталды трасса сайын сахарада дала мәдениетіне қала 
мәдениетін қосты. 
Дала өркениетінің бір белесі моңғол шапқыншылығы 
тарихына байланысты. Сөз жоқ, бұл шапқыншылықты Европа 
варварлардың ісі деп біледі. Ұлы Евразия даласында пайда болған 
мемлекеттер жаңа мәдени-әлеуметтік тұтастықтың көрінісі болды:
«...Түріктер мен татарлар бәр-бәрі Кіндік Азиядан келіп, тарихта 
елеулі рөл атқарды. Көпшілігі олар көшпенді болғандықтан варвар 
болуға тиіс деп ойлайды, ал бұл қате түсінік» (Конрад Н. Запад и 
Восток. Традиции и современность. – М.: Наука, 1993. – 403 б.).
Моңғолдар сан емес, жауларын сапамен жеңді, онда да тәртіп, 
ғажайып ұйымшылдықта болды. Әлемді таңдандырған жеңіс 
Шыңғыс ханның асқан қолбасшылық өнерінің арқасы еді.
Бұл арада Шыңғыс ханның жиһангерлігін емес, өркениеттік 
дәрежедегі жасампаз қайраткерлігін айту керек. Далалық мемлекет 
басқару жүйесі сол кезде шыңдала түсті. Моңғолдардың адат заңы 


13 
ғасырлық халық тәжірибесі үлкен Ясыға – Кодекске айналды. Оған 
бас қағанның өзі бағынуға тиіс болды. Моңғолдардың Ұлы мәжілісі 
– Құрылтай хан сайлады, іргелі мәселелерді шешті. Бұл тәртіп 
империя өз құрамына отырқшы халықты қосып алып, мемлекет 
көшпелілік сипатын жоғалта бастаған кезде де өзгермеді. М. Аджи 
Шыңғысханның түбі түркі екендігіне назар аударды (Мурад Аджи. 
Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой степи. - М., 1999. – 21 
б.). Бұл пікірді кезінде академик В. Бартольд та айтқан-ды. З.В. 
Тоғанның айтуынша, Шыңғыстың бабалары өздерін Ергүнікөннен 
шыққан көктүрікпіз деп санаған (Кокалып З. Түрікшілдіктің 
негіздері. - Алматы: Мерей, 2000. - 128 б.).
Орыс әскери ғалымы М.Н. Иванин көрсеткендей, Әмір Темір 
Ұлы Шыңғыстың заңдарын одан әрі дамыта түсті. Моңғол 
мемлекеттік жүйесі Алтын Орда мен Мәскеу Русінің державалығын 
шыңдады. Мәскеу мемлекеттігіне самодержавие, орталықтандыру, 
басыбайлық, почта бекеттері, көлік салығы, халықты жалпылай 
санақтау, әскери-әкімшілік жүйе, орыстың ақшасы – күміс теңгесі 
моңғолдар арқылы тарады. Эренжен Хара-Даван моңғолдан сабақ 
алған орыс елі шашырап жатқан жұртын біріктіріп, Ұлы Мәскеу 
мемлекеті болып қалыптастыруға әкелді деп санайды. 
Басқаша айтқанда, Шыңғыс хан бұл арада ғасырға созылған 
дала әлемінің тәжірибесін жинақтап, жасампаздық қасиетін 
танытты. Ендеше, өркениеттің эволюциялық даму барысында 
болған тарихты даяр қалыпқа бағындырып, қатырып тастамай, 
салыстырмалы, жүйелі қараған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет