Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. XV- xix ғасырлардағЫ Қазақ философиясы


Қазақ өркениетінің тарихи типтері



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата18.05.2023
өлшемі0,9 Mb.
#94113
1   2   3   4   5   6   7   8   9
 Қазақ өркениетінің тарихи типтері 
Евразия ұлы дала кеңістігінде орын алған этностардың өркениеттік 
дәстүрін жалғастырушы түркі өркениетінің өзіндік болмысы айрықша 
сипатқа ие. Отырықшы, жартылай отырықшы және көшпелі өмір салтын 
үйлестіре білген түркі мәдениетінің негізінде номадалардың мәдени-
дүниетанымдық философиясы жатыр. Қарапайым мысал ретінде Қорқыт 
ата туралы аңызды алып көрейік. Аңыздың мазмұнына терең үнілсек 
көшпеліліктен бастау алатындығын көреміз. Себебі, Қорқыт ата болған 
жерлерді отырықшы адам түсіндіріп бере алмаған болар еді. Өйткені 
көшпелілерге тән ерекшеліктің өзі осы көшпелі халық болғандығында. 
Қазақ аңыздары бойынша, Қорқыт ата өзінің желмаясына
мініп алып, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеген. 
Ол философиялық өте маңызды мәселе өлім мен өмірдің мағынасы 
туралы, шектеулікті жеңіп шығудың жолдары туралы талай тамаша 
пікірлер айтады. Енді Қорқыттың философиялық ғақлия сөздеріне 
жүгінейік: 


14 
«Қорқыт ата сөйлейді: Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де 
өлмес. Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке 
қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер талап етер, бірақ несібесінен 
артығын жемес. Гүрілдей шұбыра сулар тасыса теңіз толмас. 
Тәкаппарлықты тәңір сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. 
Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас. Ол ішіп-жер, киер де 
кетер, бірақ, көрдім демес. Қар қаншама қалың жауғанмен – күзге 
бармас. Гүлденіп өскен бәйшешек – күзге бармас.тозған мақта бөз 
болмас, ежелгі жау ел (дос) болмас. Ат қиналмай жол шалмас. 
Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. Маңғырған мал жиғанмен, 
адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан 
тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм 
беруге жарамайды. Ананың көңілі балада болар. Жақсы ана үшін 
бала – екі көздің сыңары. Ұлың өсіп жетілсе, ол отбасының мерейі, 
бас-көзі. Атадан қалған малы болмаса, баланың күні қараң. 
Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ. Уа, хан ием, сізді 
тәңірім сондай ісінің сәті түспегендерден сақтасың» (Келімбетов Н. 
Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 224 б.). 
Мәңгі өмір іздеген Қорқыт үнділік Будда сияқты, қайда барса 
да көр қазып жатқандарға жолығады, көктем-жаздағы жас желек 
күзде сарғайғаны тәрізді, өмірде де, «өлмейтін нәрсе жоқ» екендігі 
туралы қорытындыға келеді. Енді ол мәңгілік өмірді қобыз 
сарынынан іздейді. Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, 
артындағы ұрпақтарға өлмес күйлерін қалдырады. 
Қорқыт жайында қазақ халқының жадында талай аңыз-
мифтер бар. Олардың бірі «Қазақ мәдениетінің ғарышы» атты 
кітапта 
суреттеледі. 
Авторлар 
Қорқыт 
бейнесінің 
шым-
шытырақайдан пайда болған үйлесімділікпен байланыстырады 
және терминологиялық талдау арқылы ізгілі кпен жамандықтың 
мәңгілік күресі деп (құт және қор) түсіндіреді. 
Қорқыт туралы бір аңыз бойынша, оны анасы үш жыл 
құрсағында көтеріпті. Қорқыт туылар алдында әлемді қара түнек 
басып, сұрапыл қара дауыл соғыпты. Аталмыш кітапта былай 
дейді: 
Қорқыт туар кезінде 
Қара аспанды су алған, 
Қара жерді күл алған. 
Ол туарда ел қорқып, 
Туған соң әбден қуанған. 
Қысқаша айтқанда, «Қорқыт ата кітабы» түрік халықтарының 
алтын қорынан тиісті орнын алып отыр. Мәдениеттанулық 
әдебиетте 
өркениеттік 
уақыт 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет