Қазақ философиясының даму кезеңдері


жауыздық iстеп, мəмілеге келмей қасарысып тұрып алу, яғни келiсiмге келмеу



бет3/5
Дата09.05.2022
өлшемі36,55 Kb.
#33570
1   2   3   4   5
Байланысты:
Философия 13 такырып

жауыздық iстеп, мəмілеге келмей қасарысып тұрып алу, яғни келiсiмге келмеу;

  • жалған сөзбен шұғылдану. Тiл, бiр жағынан адамды бiлiкке жеткiзсе, екiншi жағынан, адамды өмiрден əкетуi мүмкiн;

  • сараңдық (Баласағұн Ж. Құтағду білік. – Алматы, 1991. – 123 б).

    Орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бiрiне Махмуд Қашқаридi жатқызуға болады. Негiзгi еңбегi – Диуани лұғат ат-түрiк (Түркi сөздерiнiң жинағы). Бұл қазiргi түркi халықтарының бəрiне ортақ мұра. Бұл еңбектен бiз сол кездегi түркi тайпаларының тiлдерi мен жалпы мəдениетiнiң деңгейiн, олардың қоғамдық-экономикалық, əлеуметтiк жағдайын, көне тарихы мен əдет- ғұрыпта-ры жөнiнде сан-алуан мəлiметтер аламыз. «Диуанида» 200 - ден астам өлең, 300-ге тарта мақалдар, толып жатқан қанатты сөздер, 29 тайпаның аты аталады, ондағы көптеген жырлар өте ертеде өмiрге келгенiн аңғару қиын емес. М.Қашқари түркi халықтарын бiрлiкке, өз халқын сүюге, халықтың бостандығы үшiн жан аямауға шақырады, батырларды мадақтайды. Қашқаридiң шығармалары көне түрiк тайпаларының дүниесезiмi мен дүниетанымымен таныстыратын бiрде-бiр құнды құжат екенiн айтып кетудi жөн көрдiк.

    ХII ғасырда өмiр сүрген ұлы ойшылдардың қатарына А. Иугнекидi (Әдiб-Ахмед Махмуд Жүйнеки) жатқызуға болады. Ол жөнiнде «...ақындардың ақыны, даналардың көш басы, гауһардан сөз теретiн, одан ешкiм озбады», – деген өлең сөздер қалған. Негiзгi еңбегi «Ақиқат сыйы». Бұл дастанда көтерiлген негiзгi мəселе – ол адам өмiрiнiң мəнi. Осы орайда ойшыл моральдік мəселелерге көп көңiл бөледi. Адам – саналы түрде iс- əрекет жасай алатын пəнде, ал оның санасын, рухын дамытатын – бiлiм. Оның ойынша, «бiлiмсiздiк – тiрi өлiк». Ғұлама ақын адамның бақытты болуы – бiлiмге, ал бақытсыздық – қараңғылыққа, надандыққа байланысты деп ұғынды. А. Иугнекидiң даналығы – ол бiлiмдi қажеттi түрде моральдік санамен бiрге ұштастырып қарайды. Ол бiзге «дəрежең өскен сайын ұстамдырақ бол, тəкəппарлықтан құтыл, кiшiпейiлдiк ұста. Ұлықсынба, абайла!», - деген тамаша өсиеттердi қалдырды.

    Орта ғасырлардағы қалыптасқан философиялық ағымдардың iшiнде сопылық философия ерекше орын алады. «Сопы» деген сөздiң төркiнi шамасы «sophos» – «дана» деген грек сөзiнен шықса керек. Сопылық философия ислам дiнiнiң шеңберiнде пайда болған мистикалық (құпия) аскеттiк (өз-өзiн шектеу) ағым. Оның дүниеге келу себебiн жете түсiну үшiн бiз ислам дiнiнiң кейбiр ерекшелiктерiне өз назарымызды аударуымыз қажет.

    Сопыларды ресми мешiт алғашқы ғасырларда қанша қудаласа да, қарапайым халық арасында олардың беделi өсе бердi. Олар тек қана Құранның аяттарын, шариғаттың қағидаларын түсiндiрiп қана қоймай, дiндi филосо-фиялық тұрғыдан тереңдете бiлдi. Сопылардың ойынша, Шариғатты терең игерiп, оның талаптарын бұлжытпай орындау – ол құдайшылдықтың бiрiншi сатысы ғана. Өйткенi, адамның сыртқы iс-əрекеттерi мен оның iшкi пиғылы, ниеттерi бiр-бiрiнен тiптi алшақ болуы да мүмкiн, құдайлыққа өтудiң екiншi сатысында адам осы екi ортада ешқандай қайшылықтар болмауы үшiн iс-əрекеттер жасауы керек, ол Алланың алдындағы ең жоғарғы адалдық дəрежеге көтерiлуi қажет. Ол үшiн адам өзiндiк сана сезiмiне өне бойы тереңдей түсiп, оны Жаратушының құдiреттi күштерiне бейiмдеуi қажет – бұл адамның екiншi сатыдан – Тариқаттан өтуiмен тең. Сонда ғана адам құдайға, яғни үшiншi саты – Ақиқатқа көтерiлiп, Алла-тағаланы жүрекпен сезiнiп, онымен қауышады. Алайда бұл сиқырлық мистикалық қиын жол, ол адамның құдайды iздеудiң жолында күндiз-түнi құлшылық етiп, өне бойы рухани iзденiсте болуын талап етедi. Сонда ғана оның iшкi көкей көзi (интуиция) ашылып, аян арқылы ол Алла-тағаламен сұхбаттаса алады.

    Сопылық философияның өкiлi Қожа Ахмет Яссауи (1094-1167ж.ж.) еңбегi «Диуани Хикмет» (Даналық кiтабы). Бұл еңбектi негiзiнен алғанда адамның рухани даму жолын жарқырытып көрсетiп тұратын шамшырақ ретiнде қарауға болады. Қ.А. Яссауи философиясында қойылған негiзгi мəселе – ол адам болмысы, ал оның өзiнiң екi жағы бар:

    бiрiншiден, адам дене, оның қажеттiктерi өтелмей өмiр сүру мүмкiн емес;



    екiншiден, адам рух, ол оның басқа тiршiлiктермен салыстырғандағы



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет