Қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тəрбие берудің мазмұны


Қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тəрбие берудің мазмұны



бет4/5
Дата31.12.2021
өлшемі31,04 Kb.
#22676
1   2   3   4   5
Қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тəрбие берудің мазмұны
Қазіргі  заман  талабынан туындайтын мəселелердің бірі –жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған парасатты адам ретінде қалыптастыру, оның бойында ұлттық психология, ұлттық сананы орнықтыру, əлеуметтік ортадағы, өзін қоршаған дүниедегі табиғат, адам өміріндегі, əдебиет пен өнердегі тұрмыстағы, салт-дəстүрдегі сұлулықты, жақсы мен жаманды ажырата білуге тəрбиелеу. Олай болса, ата- бабаларымыздың салт-дəстүрлерін,əдет- ғұрпын, əдеби, мəдени бай қазынасын баланың зердесіне орнықтырып, парасатты, эстетикалық талғамы жоғары азамат eтіп тəрбиелеп өсіру баршаның міндеті. Ал эстетиканың ғылым ретінде жеке философиялық пəнге айналу кезеңі XVIII ғасырдан басталғаны белгілі. Яғни эстетикалық тəрбие- қоғамдық дамудың əрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс.

Ал фольклор- тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау тəсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы. Қазақ халқының мəдени жəне рухани байлығын игеруде фольклор жанрларының орны ерекше. Өйткені, жастарға дəстүрлі дүниетанымды түсінуге мүмкіндік беретін халық даналығының қайнар көзі. Егер фольклористика ғылымының тарихи қалыптасуына көз жіберетін болсақ онда оның дамуы мен өсу жолы шартты түрде 3  кезеңге бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет