Қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тəрбие берудің мазмұны



бет5/5
Дата31.12.2021
өлшемі31,04 Kb.
#22676
1   2   3   4   5
Бірінші кезең-20-30 жылдар аралығы.

Екінші кезең- Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары.

Үшінші  кезең  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдар.

Қазақ фольклористикасы 20-шы жылдары айырықша бой көрсетті. Əрине бұл кезеңде Х.Досмұхамедов ,М.Əуезовтың  қатысуымен қазақтың батырлық жырлары, басқа да фольклор туындылары жарық көрді. Ал 1930 жылдары қазақтың эпостық жырлары жарық көре бастады.«Батырлар жыры», М.Əуезов тапқан « Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының жаңа нұсқасы, айтыстың бірінші кітабы ( С.Мұқановтың сөз басымен) басылды. «Қазақ ертегілері» мен « Алпамыс» , «Қамбар», «Қобыланды» сияқты озық үлгілері орыс тіліне аударылып осы кезеңде жарық  көрді.  1940 жылдан бастап, фольклористика саласындағы арнаулы зерттеулер өсе түсті. Қ.Жұмалиев пен М.Ғабдуллин ауыз əдебиетіне байланысты оқу құралдарын жазса, Ə.Марғұлан қазақ эпосының түп тегіне қатысты көптеген этнографиялық мақалалар жариялады. Ал сол 1945 жылы Ұлы  Отан соғысы кезінде   С.Орловтың «Казахский героический эпос» деген зерттеу жұмысы жарық көрді. Сол жылдары Қазақстанның көрнекті ғалымдары М.Əуезов, Ə.Марғұлан; Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Ə.Қоңыратбаевтар қазақ фольклористикасының дамуына елеулі үлес қосты. Кейін 1948 жылы «Қазақ əдебиеті тарихының» алғашқы томы қазақ фольклорының жанрларын қамтыған үлкен еңбек жарық көрді. Ал кейін 1956 жылдан бастап қазақ фольклоры жақын зерттеле бастады. Кейін М.Əуезов атындағы « Əдебиет жəне өнер институты алғаш құрылғаннан бастап, «Айтыс» (3 томдық), «Үш ғасыр жырлайды», жинақтары шығарылды. « Қазақ фольклористикасы» (1972ж.) , «Қазақ фольклористикасының  тарихы» (1988ж.),«Фольклор шындығы» (1990 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1985 ж.) , «Қисса- дастандар» (1986 ж.) көп томдық ертегі , айтыс, батырлар жырына  арналған ғылыми зерттеулер мен еңбектер шықты.

Жалпы фольклордың негізі ертеде қалыптасқаны   белгілі. Сонау замандағы ұлы ғұламалар ( Əл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмұт Қашқари), атақты ақын- ағартушылар ( Шоқан, Ыбырай, Абай) сынды ғұламаларымыз адам бойында адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалаған. Ал сол сара жол деп таныған фольклорды одан əрі дамытқан, елеулі еңбек еткен аға буын өкілдерімізді де айтқанымыз жөн. Айтар болсақ, М.Əуезов, С.Мұқанов, Ə.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев,Х.Сүйіншəлиев, Н.Келімбетов, А.Қыраубаева сынды ғалымдарымыздың есімдерін ерекше деп айтуымызға негіз бар. Негізінде ғылымда халық ауыз əдебиет туындыларын «фольклор», ал оны зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды. Жалпы фольклор  ұғымын басында халықтың рухани, кейде материалдық мəдениеті деп түсінгенімен, уақыт өте келе оның ауқымы кеңейіп, ел арасындағы аңыздар, ертегілер, өлең жырлар жатқызылды. Қазақ фольклоршылары М.Əуезовтың, М.Ғабдуллиннің еңбектерінде фольклорға «ауыз əдебиет» ұғымы берілгені, қазақ фольклоршыларының  көбі фольклорды «əдебиет» деп танығаны белгілі.

Демек, ғалымдардың «фольклор» ұғымдарына байланысты айтылған пікірлерін саралай келіп атадан балаға мирас болып жеткен, көркем сөз, сахна өнері: əн, күй, би, қолданбалы өнер,  халық ойындары, тұрмыс-салт жырлары олардың  ерекшеліктерін фольклор ұғымына  жатқызамыз. Сондықтан  да «ауыз əдебиет» деген ұғымнан гөрі ауқымы кең «фольклор» терминін қолдану ғылымда  нақтырақ секілді.



Пайдаланылған әдебиеттер:
Бердібаев.Р. Кәусар бұлақ.  – Алматы: Жазушы, 1989.  –  360 б.
Қасқабасов.С.А. О типах и формах взаимодействия казахской литературы  и  фольклора // Известия АН Каз ССР. Серия  филологическая.– 1984, №3.  Б.19- 24.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет