Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


Ә.Диваевқа арналған «Қазақ халық поэзиясы» (1964) кітабында бұл



Pdf көрінісі
бет53/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

Ә.Диваевқа арналған «Қазақ халық поэзиясы» (1964) кітабында бұл 
ертегі түпнұсқадан алынған: 
«Ертеде бір бай бар екен. Байдың жалғыз баласы жылқы бағып жүрсе, 
бір адам келіп айтады: «Балам, бір айғыр үйірлі жылқы берсең, мен саған үш 
ауыз насихат сөз үйретейін», – дейді. Бала тұрып айтады: «Құп, берейін, 
үйретіңіз!» – дейді. Әлгі кісі айтады: «Балам, дәм татқан жеріңе қас қылма, 
ертеңгі асты тастама, оң қолың ұрыс бастаса, сол қолың арашашы болсын», – 
дейді. Бала бір айғыр үйір жылқы береді. Әлгі адам баланың жылқысын 
айдап кетеді. Кешке бала үйіне келеді. Әкесі сұрайды: «Мал аман ба?» – деп.
Баласы айтады: «Мал аман, мен үш ауыз насихат үйреніп, бір айғыр үйір 
жылқы бердім», – дейді. Әкесі тұрып ашуланады: «Сен адам болмайсың, сен 
мені бүлдіреді екенсің, жоғал, көзіме көрінбей кет», – деп. Бала әкесінен 
кейіс естіген соң, өкпелеп шығып кетеді де қалады.  Бірнеше күндер далада 


99 
қаңғырып жүріп, бір қалаға келеді. Қалада базардың ішін аралап жүріп, 
ханның ордасына келеді. Ханның нөкерлері мұны көріп, мынау жат жерден 
келген адам екен, бөтен адам сықылды көрінеді деп, баладан сұрайды» (48-б). 
Цитатаны әрі қарай созудың қажеті жоқ. Енді басқа бір ертегіні алып 
көрелік. «Ақылды етікші» ертегісі. 
«Қазақ ертегілерінің» І томында: 
«Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әрбір тәртібін 
халқы еш тоқтаусыз уақытымен орындап тұрады екен. Бір күні бұл патша: 
«Менің әрқашан халық пайдасына еткен әмірім орнына нақпа-нақ келіп 
тұрады және халқым да мені жақсы көрді. Сондықтан да мен олардың 
пайдасын ойлаймын. Енді мен осы халқыма зиянды бір әмір таратайын. 
Халқым тыңдап орнына келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе екен?» - деп 
ойлап, уәзірлеріне: – Халыққа тегіс хабарландырыңдар: Ешкім басына пайда 
қылмасын! – деп, әмір қылады. Бұдан соң уәзірлері бұл әмірді халыққа 
естіртіп болып, патшаға:
– Халқыңыз әміріңізді нақпа-нақ айтқыныңыздай орнына келтіретін 
болды, – дейді.
Патша уәзірлеріне еш жауап айтпайды. Түн болған соң үстіне бөтен, ескі 
киім киіп, әмірінің қалай орындалғанын көру үшін көшеде жүрсе, шеттегі 
бір үйде шам жанып тұр екен. Патша қайыр сұраған кісі болып, шам жанып 
тұрған үйге келсе, үйдің ішінде бір етікші етік тігіп отыр екен. Етікші 
қайыршыны көріп тұра келіп, бір кішкене нан береді. Сонда қайыршы: 
– Сен патшаның әмірін тұтпаған не қылған адамсың? «Ешкім басына 
пайда қылмасын және шам да жақпасын?», – дегені қайда? дейді...» (259-260-
б). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет