«Үш топтан таңдап алған Қамажайым, Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын»
[7]. Осы жерде заңды сұрақ туады: бұл неғылған үш топ? Қандай үш топ?
Бет-албаты үш топтан таңдап алған ба? – деп күлесің. Ақиқатында олай емес.
Үш жүзден таңдап алған. Міне, Қамажайдың қандай қыз екенін осыдан
білуге болады. Яғни оны бүкіл қазақтың ішінен, үш жүзді аралап жүріп,
таңдап алған.
Дүниенің бәріне кедей таптың көзімен қарау, адамдардың өмірін,
олардың сезімін, ара-қатынасын «пролеткульт» көзқарасымен бағалау біраз
ән мен күйді, эпостық жырымызды, дастанымызды «халыққа жат» деп
есептен шығарып тастауға әкеп соқты. «Ұмыттыру» мүмкін болмаған
әндердің сөзін түгелдей, немесе ішінара өзгертуге мәжбүр еткен уақыт 1930-
50 жылдар арасы. Соның бір айғағы – Ақан серінің «Балқадиша» әні. Бәріңіз
білесіз, соңғы кезге дейін «Дегенге Балқадиша, Балқадиша, Күйеуің сексен бесте шал, Қадиша» деп айтып, автордың ойына мүлде қайшы ой
қостық. Қазақ радиосының «Бізге қымбат дауыстар» атты айдармен беретін
концертте осылай айтылып жүр. Әрине, оны өзгертуге болмайды. Мәселе –
қазіргі әншілеріміздің сөзді дұрыс айтуында болып отыр.
Кеңес өкіметі халықтың рухани мұрасын тек таптық тұрғыдан ғана емес,
атеизм мен интернационализм тұрғысынан да бағалап, тек «пролетарлық
мәдениетке» жарамдысын ғана насихаттауды, талап етті. Соның салдарынан
көптеген әндеріміздегі Алла, құдай, пайғамбар, періште сияқты исламға
қатысты сөздер мен ұғымдар алынып тасталды да, олардың орнына басқа
сөздер енгізілді. Мысалы, бәрімізге белгілі «Жалғыз арша» әніндегі «Хатқа
жүйрік сол қалқа мұсылманша» деген жолды «Хатқа жүйрік сол қалқа зерек сонша» деп әлі күнге дейін айтып жүрміз. Кеңес кезінде ән ұмытылмасын
деген мақсатпен «мұсылманша» сөзін «зерек сонша» деп ауыстыру қажет
болған шығар. Ал, бүгінгі күндері солай айтқанымыз қалай?
Тағы бір мысал. Атақты Естайдың «Хорланындағы» өлеңнің екінші
жолын бұзып айтамыз. Еске түсірейік: «Бір қыз бар Маралдыда Қарлығайын,