Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


дәстүрлі стильдік формулалар



Pdf көрінісі
бет62/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

дәстүрлі стильдік формулалар үлкен рөл атқарады [31]. Қазақ ертегілерінде 


115 
мұндай формулалар топтап, жинақтап айтсақ, мына мақсаттарда 
қолданылады:
а) Қаһарманның ерекше тұлғасын, қасиетін суреттеп, тегін емес екенін 
білдіру үшін «Атса мылтық өтпейді, шапса қылыш өтпейді, адамның күші 
жетпейді», – делінеді. 
ә) Қаһарманның дұшпанмен жекпе-жек күресін «Ой жерді дөң қылады, 
дөң жерді ой қылады» – деп сипаттаса, оның ержүректілігін көрсету үшін 
қаһарманға «Атыспақ керек пе, алыспақ керек пе?» – деп тіл қатқызады. 
б) Бас кейіпкердің өте шапшаң өсіп-ержетуін «Ай сайын емес, күн сайын 
өсіпті; алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт 
болыпты», – деп хабарлайды. 
в) Сол сияқты жүйрік аттың немесе желмаяның шабысын «Құстай 
ұшып, құйындай ұйтқып», яки болмаса «Айлық жерді алты аттап, жылдық 
жерді жеті аттап», – деп суреттейді. 
г) Ал, қыздың сұлулығын «Ай десе аузы бар, күн десе көзі бар», – деп 
сипаттаса; 
д) Ұзақ жол сапарының ауырлығы мен кейіпкердің қайтпас жігерін, 
табандылығын былай бідіреді: «Ұшқан құстың қанаты күйеді, жүгірген 
аңның тұяғы күйеді»; «Таусылмас азық алды, тозбас киім алды», немесе 
«Маңдайым тасқа тиіп, табаным жерге тиіп»; «Темір етіктен теңгедей
темір таяқтан тебендей қалды»; «Мойны ырғайдай, биті торғайдай 
болды». 
е) Кейіпкердің кезген уақытының мөлшері мен жолының ұзақтығын 
«Күн артынан күн өтіп, ай артынан ай өтіп, жыл артынан жыл өтті», 
немесе «Күн жүреді, түн жүреді, ай жүреді, апта жүреді», – деп білдірсе, 
ертегі оқиғаның сәтті аяқталысы мен той жайын «Отыз күн ойын, қырық 
күн тойын жасады»; «Баршасы мақсат-мұратына жетіпті», – деп баян 
етеді. 
Осындай тұрақты формулалармен қатар қазақ ертегілерінде әр түрлі 
афоризмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және өлең-жырлар да кездесіп 
отырады. Әсіресе, өлеңдердің функциясын атап айту абзал. Олар ертегіні 
көркемдеп, жандандыра түседі, оның әсерлілігін арттырады. Бірақ өлеңнің 
мазмұны ертегінің сюжетіне тәуелді боп келеді. Сондықтан да өлеңнің орнын 
ауыстырып, бір ертегіден алып екіншісіне қосу өте қиын. Әрбір өлең белгілі 
бір сюжеттің негізінде туындайды. 
Белгілі бір ертегідегі өлеңдердің ешқайсысы да одан бөлек айтылмайды. 
Өлеңнің ертегі мазмұнымен біте қайнасқаны соншалық, онсыз өлең өзінің 
логикалық мәнін жоғалтып алады. 
Ертегідегі өлеңдер образдың тұлғасын жан-жақты ашуға, қаһарманның 
белгілі бір жәй-күйін: қайғысын, уайымын, сағынышын, қуанышын 
көрсетуге көп септік етеді. 


116 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет