137
Мұны қазақтардың айдалада өсіп тұрған жалғыз ағашты қадір тұту салтынан
да көруге болады. Бұл туралы Шоқан Уәлиханов былай деп жазады:
«Жапанда өсіп тұратын жалғыз ағаш, немесе бұта қадірленіп, оның
басына түнейді. Оның қасынан өтіп бара жатып, адамдар ағаштың
бұтақтарына шүберек байлайды, ыдыс тастайды, тіпті құрбандыққа мал
шалады, я болмаса аттың жалын түйіп тастайды» [26].
Үш әлемді дәнекерлеп, жалғастырып тұратын космостық ағаш бейнесі,
шамандық нанымда жақсы сақталған.
Қазақ бақсыларының қолына ұстап жүретін асатаяқ (асай-мұсай) осы
Сібір шамандарының үш әлемді шарлауға мүмкіндік беретін космостық
ағашының өзгерген түрі емес пе екен деген ой келеді. Қалай болғанда да,
бақсы асатаяғы мен ертедегі бәйтеректің түбірі бір екені, ол архаикалық
мифтегі космостық ағаш екені күмәнсіз.
Алғашқы қоғамдағы мифтік ұғым бойынша космос тек жоғарыдан
төмен қарай құрылған вертикальді үш әлем түрінде ғана емес, сондай-ақ тегіс
жатқан, яғни горизонтальді әлем ретінде де суреттеледі. Полинезиялықтар
мен африкалықтар, американдықтар мен сібірліктердің көне мифтерінде
горизонтальді космос моделі төрт (кейде сегіз) бағананың, кейде діңгектің
үстінде тұрған төрт бұрышты тегістік болып келеді [27].
Қазақтың «дүниенің төрт бұрышы» деген сөзі осы мифтік ұғымға
меңзейді. Оның үстіне архаикалық мифтерде тегістікті басынан аяғына дейін
(яғни жоғарғы бұрышынан төменгі бұрышына дейін) байланыстырып
тұратын нәрсе - өзен болса (бұл жерде өзен үш вертикальді әлемді
байланыстырып тұратын космостық ағаш сияқты), ондай түсінік қазақ
арасында да із қалдырған. Әдетте, қазақтар «су басы», «су аяғы» деп қана
қоймайды, сонымен бірге «суды өрлеп», «су аяғы құрдымға кетті...», деп те
айтады. Мұндағы «су басы», «суды өрлеуі» - жоғарғы жақ та, «су аяғы»,
«құрдым» - төменгі жақ. Демек, қазақтың бұл сөздері ғалым
Е.М.Мелетинскийдің мына пікіріне толық сәйкес келеді.
«Солтүстік халықтарының шамандық мифологиясында (функциясы
жағынан әлемдік ағашқа, шамандық діңгектерге жақын)
жоғары мен
Достарыңызбен бөлісу: