Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


сюжеттік материалды белгілі бір мақсатпен тұтас мазмұнды, айқын



Pdf көрінісі
бет40/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

сюжеттік материалды белгілі бір мақсатпен тұтас мазмұнды, айқын 
идеялы шығармаға айналдырудың әдісі, жолы, құралы. Ойымызға 
дәлел ретінде айтарымыз – бір сюжет негізінде әр түрлі жанрға жататын 
бірнеше шығарманың жасалуы. Мысалға Жүсіп пен Зылиханың хикаятын 
келтіруге болады. Бұл хикаяттың сюжеті ертегіде де, дастанда да, кейінгі 
замандағы драмада да баяндалған. Сюжет – біреу, ал жанр – бірнеше. Әр 
жанр – өзінің композицялық және көркемдік әдісімен бұл сюжетті өзінше 
жырлаған. Айталық, көне заманда Інжілге (Библияға) енген сюжет жай ғана 
хикаят, мысал болатын. Кейін ол хикаялық (новеллалық) ертегіге айналған. 
Орта ғасырда бұл сюжет үлкен дастан болып жырланды. Осының бәрінде 
түпкі сюжет сақталған, бірақ бірде ол қарапайым ғана баяндалса, екінші 
жанрда сюжет көптеген қосымшалар, детальдар, эпизодтармен толығып
көлемді шығарма ретінде көрінеді. Ал, енді бір жанрда (мәселен, драмада) 
сюжет басқа элементтер мен компоненттер арқылы баяндалған. Демек, әр 
жанр өзіне тиісті әдіспен белгілі сюжетті басқа шығармаға айналдырады. 
Мұндай мысалды көптеп келтіруге болады [6]. Алайда, осы бір ғана Жүсіп-
Зылиха хикаяты жанрдың әр түрлі болуы сюжетке байланысты емес 
екендігін дәлелдейді. Жанрдың мұндай болу себебін оның шығарманы 
баяндау түрінен, яғни сюжетті өру мен көркемдеу әдісінен іздеу қажет. 
Әр жанрдың ерекшелігі неден көрінеді? Ол үшін бірнеше факторды 
анықтап алу шарт: біріншіден, жанр қай заманда, дәуір мен қоғамда пайда 
болған, екіншіден, оқиғаны қандай әдіспен, тәсілмен, құралдармен 
бейнелейді; үшіншіден, бейнелеп отырған нәрсесіне қалай қарайды, оны 
қалай бағалайды; төртіншіден, осы өзінің бағасын, қатысын қалай, қандай 
түрде көрсетеді; бесіншіден, ол жанр қандай мақсатқа қызмет етеді, яғни 
жанрдың функциясы қандай? 
Шығарманың белгілі бір жанр аясында болуы – жай ғана нәрсе емес. 
Жанрдың ерекшелігі шығарманың бүкіл көркемдік болмысын айқындайды. 


58 
Бір сюжет бірнеше жанрда әр түрлі шығарма береді. Ол шығармалардың 
көркемдік сипаты, эмоциялық күш-қуаты жанрдың қасиеттеріне байланысты. 
Көркем шығармашылықтағы бұл құбылысты кезінде академик 
В.В.Виноградов өте дәл байқаған [7]. Жалпы, әдебиетте де, фольклорда да, 
өнерде де бір сюжет бірнеше жанрда әр түрлі шығарма болып көрінетіні – 
заңдылық. Осыған орай ойға оралатын тағы бір нәрсе – сюжет бұрын пайда 
бола ма, әлде жанр бұрын туа ма? – деген мәселе. 
Біздіңше, ең алдымен сюжет деген не, соны анықтап алу керек. Сюжет
жайында әдебиеттану мен фольклор туралы ғылымда айтылған пікір әр түрлі. 
Біз соның бәрін тәптіштеп айтып жатпай, осы күнгі анықтаманы және соған 
негіз болған ойды айтып өтсек те жетерлік. 
Әдебиеттану ғылымында сюжет бірде кең мағынада, бірде нақты мәнде 
түсіндіріледі [8]. Кейбір еңбектерде сюжет шығармадағы характерді 
ашудың әдісі, тәсілі деп қаралса, ендігі бір зерттеулерде сюжет шығармадағы 
тіл, характер, қимыл қосындысы ретінде пайымдалады. Ал үшінші бір топ 
еңбектерде сюжет – баяндаудың бір түрі деп түсіндіріледі.
Фольклордағы сюжет дегеніміз – фольклорлық шығарманың негізгі 
оқиғалық қаңқасы, өзегі. Ол шығармадан бұрын пайда болып, одан тыс өмір 
сүре алады. Көркем шығармада, әсіресе фольклорда, сюжет көбінесе 
болмыстың өзінен пайда болады, ойдан да шығарылады. Сюжет – бір ізге 
түсіп, тұрақталған оқиға десе де болады. Кез келген оқиға сюжет бола 
бермейді. Сюжет болу үшін оқиға бірден-бірге тарап, фольклорлық сипат 
алуы керек. Сөйтіп тұрақталған сюжетке, содан кейін шығармаға айналады. 
Ал, шығармаға айналу үшін жанрдың әдісі мен тәсілі қажет. Демек, 
тұрақталған сюжет белгілі бір жанр аясында ғана көркем шығарма бола 
алады.
Көркем шығарманың жалпы желісі фабула болмақ. Негізгі сюжет 
көптеген қосымша сюжеттермен, эпизодтармен, детальдармен өріледі. Осы 
өрімнің тұрпаты, яғни баяндалуы – фабула. Қай шығарманың болса да 
мазмұнын кең түрде, қосымшаларымен бірге, толық айтып берсе, ол фабула 
болады. Ал, сюжет шығарма мазмұнын толық қамтымайды, ол түп оқиғаны 
ғана баяндайды. Олай болса, фабула – сюжеттің дамыған, тарамданған, 
көлемді түрі. Осы ойды академик В.Виноградов та айтады. Ол «фабульное 
развитие сюжета» деген тіркесті қолданады [9]. Ендеше, фольклордағы 
сюжет – шығарманың оқиғалық қаңқасы, ал фабула – оның ұзын ырғасы. 
Жанр мен сюжеттің ара қатынасына байланысты шығатын сауал – жанр 
болу үшін сюжет міндетті ме? Әдебиетті былай қойып, фольклорға келетін 
болсақ, жұмбақ, мақал-мәтел, нақыл сөз, қайым айтыс, қара өлең 
жанрларында сюжет оқиға ретінде ылғи да көрінеді деп айта алмаймыз. Олай 
болса, фольклорлық жанрлардың тағы бір ерекшелігі – шығарманың тұрақты 
түрдегі бір ситуацияда айтылуын қажет етуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет