Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


«Қазақ ертегілерінің» ІІ томында



Pdf көрінісі
бет52/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

«Қазақ ертегілерінің» ІІ томында: 
«Ертеде Сапаһи деген кісінің теңдесі жоқ, өте сұлу бір әйелі болыпты. 
Әйелінің сұлулығына сонша бір көрген адам екінші көруге құмарланып, сол 
көргенін ауызбен айтып жеткізе алмайды. 
Ері Сапаһи әйелін өте жақсы көріп, әйелі үйді отырса үйде отырып, 
тысқа шықса әйелімен бірге тысқа шығып, қашан ұйқыға барғанша әйелінің 
бетіне қарап мөлиіп отырудан басқа тіршілік етпепті. Сонымен бірнеше 
жылдар өткізіпті. Сапаһи басында жақсы, ауқатты адам болса да, бірнеше 
жылдар басқа әрекет болмағаны үшін, ақыры кедейлене бастапты. Бара-бара 
тіпті нашарлап кеткен соң, бір күні әйелі отырып ері Сапаһиге:


97 
– «Қолдағы мал-мүлік, ақша таусылды, бізде халық қатарлы істеп жүрген 
тіршілік жоқ. Енді жанды қалай бағамыз, сен неге тіршілік етпейсің», – депті. 
Сонда Сапаһи әйеліне қарап: 
Мен сені үйде қалдырып, қайтып басқа жақта жүре аламын. Сыртқа 
шығып, бір қонып, түнемек тұрсын, бір сағат сені көрмесем асығып, өліп 
кете жаздаймын, – депті. 
Сонда әйелі: 
– Сен анығында қалай ойлайсың. Ұзақ жолаушы жүріп кетсең әлде 
біреулермен мені ойнап қояды деп ойлаймысың, – деп сұрапты. Сонда 
Сапаһи: 
– Шынында, сені көрмей, тұра алмаймын, әрі алысқа кетсем
біреулермен ойнап қоя ма деп те ойлаймын, – депті. 
Сонда әйелі Сапаһиге: – Мен саған бір әңгіме айтайын, – әбден тыңдап 
отыр, – депті» (234-235-б). 
Бұл ертегіні институттың қолжазба қорына 1958 жылы жіберген 
Мұсабеков Д. мәтіннің соңында былай деп жазады: «Бұл ертегіні «Тоты-
наманың» бір түнгі әңгімесі деп, 1937 жылы Тесебай Көкежанұлының 
айтқанынан есіттім». 
Ал, келтірілген бұл мысалдардан нені көреміз? Ең алдымен айтатын 
нәрсе – кітапта басылып шыққан мәтін баспаға дейін екі рет әдеби 
редакцияға ұшыраған. Дәлел: қолжазбадағы мәтіннің түпнұсқасына 
шығарушылар «басылсын» деп таңба басқан да, машинкаға бермей, 
қолжазбаның өзіне түзетулер енгізген. Ал, кітапта шыққан нұсқада не текстің 
алғашқы түпнұсқасындағы түрі, не үстінен жүргізілген түзетулер 
кездеспейді. Демек, «түзетілген» қолжазбалық мәтін машинкаға басылған, 
содан кейін машинкадан шыққан мәтін тағы да редакцияланған. Мұның 
ғылыми текстологияға үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын айтып жату 
артық! 
Екіншіден, кітапта шыққан ертегінің стилі барынша жазба әдебиетке 
жақындастырылған. Әрине, ертегі стилі ауызекі сөйлегендіктен қалыпқа 
салып құйған кірпіштей теп-тегіс, жап-жатық бола қоймауы ықтимал. 
Сондықтан кейбір сөйлемдер ұзақ, шұбалаңқы болуы мүмкін. Оларды дұрыс 
сөйлемге, синтагмаға бөлу шарт. Бірақ сөйлемге бөлем деп, бір сөздің 
орнына басқа сөз қоюға немесе түгел бірнеше сөз тіркесін ойдан қосуға 
болмайды. Онда біз ертегінің стильдік, лексикалық ерекшеліктерінен 
айырыламыз. Ендеше, ертегі тілін, ауызекі сөйлеу тілін, керек болса өткен 
дәуірлерге тән лексиканы зерттеу мүмкіншілігін жоғалтамыз. Сондай-ақ 
кейбір фонетикалық ерекшеліктерді де сақтаған жөн. Айталық, жоғарыда 
келтірілген қолжазбада «үйге қалтырып», «әбден тыңлап» деген сөздер бар. 
Осындай фонетикалық өзгешелікті неге кітапта сақтамасқа? Бұл біздің 
тілшілерге де өте пайдалы емес пе? 
Бұдан шығатын қорытынды: біздің фольклортану ғылымымызда 
(әдебиеттануда да) текстологиялық зерттеу ісі көкейтесті мәселелердің 
бірінен саналады. Орыс фольклортану ғылымында бұл мәселеге көптен бері 
көңіл бөлініп жүр. Бірнеше автор текстология проблемаларын арнайы 


98 
қарастырып, ойлары мен пікірлерін ортаға салғаны белгілі. Әсіресе, орыс
фольклортану ғылымының аса көрнекті өкілі проф. В.Я.Пропп фольклор 
шығармаларын әдебилендіру – тағылық деп есептеген. 
Ал, қазақ фольклортану ғылымы бұл проблемаға әлі көңіл бөлмей 
келеді. Сол себепті де біздің құрастырушыларымыз бен редакторларымыз 
жинаққа енген мәтіндерді, «қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса» 
дегендейін, өз еркінше түзеп, редакциялайды. Тіпті кей жағдайда халық тексі 
әдеби қалыпқа түсіп кеткенін көреміз. Бір-екі мысал келтіре кетейік. 
Әбубәкір Диваев жинаған біраз ертегілер Кеңес заманында бірнеше рет 
жарық көргені белгілі. Мәселен, 1946, 1957-1964 жылдары шыққан 
жинақтарда және арнайы Ә.Диваев мұрасына арналған кітапта. Міне, 
алдымызда «Үш ауыз сөз» атты ертегінің екі басылымы. Салыстырып 
көрелік: «Қазақ ертегілері», 1957, І томда:
«Ертеде бір байдың жалғыз баласы жылқы бағып жүрсе, бір адам келіп: 
– «Балам! Бір айғыр үйірлі жылқы берсең, мен саған үш ауыз насихат сөз 
үйретейін, – депті. 
Бала тұрып: 
– Құп! Берейін, үйретіңіз, – дейді. 
Әлгі кісі: 
– Балам! Суын ішкен құдыққа түкірме, ертеңгі асты тастама, оң қолың 
ұрыс бастаса, сол қолың арашашы болсын, – дейді. 
Бала бір үйір жылқы береді. Әлгі адам жылқыны айдап өз жөніне 
кетеді. Кешке бала үйіне келеді. Әкесі: 
– Мал аман ба? – дейді. 
Баласы:
– Мен үш ауыз насихат үйреніп, бір айғыр үйір жылқы бердім, басқа мал 
аман, – дейді. 
Әкесі ашуланып, баласын қуып жібереді. Әкесінен түңілген бала 
бірнеше күндер далада қаңғырып жүріп, бір қалаға келеді. Қаланы аралап 
жүріп, ханның ордасына кездеседі. 
Ханның нөкерлері мұның жат жерден келген, бөтен адам екенін сезеді 
де жөн сұрайды (240-241-б). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет