109
үшіншісі де – маған», – деп ертегі айтақаны үшін үш
алманы бірдей өзіне
бұйырады, яғн ақы сұраған түрі:
«Jедиләр, ичдиләр, мәтләбләринә
jетишдиләр. Көjдән үч алма дүшдү, бири мәним, бири нағыл деjәнин, бири дә
өзумун. Сән сағ, мән саламат. Сән jүз jаша, мән ики әлли, һансы чохду, ону
сән көтур» [20].
Ал, түрікпен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, башқұрт сияқты бақташы-
көшпелі түркілер ХХ ғасырдың басына дейін феодалдық қоғамда өмір
сүргенімен, оларда рулық қауымның қалдықтары көп болды. Әрине, бұл
жалпы мәдениетке де, фольклорда да көрініс тапты.
Бұл халықтар да Шығыс және Россия елдерімен араласты, олардың
мәдениетімен байланыс жасады. Алайда, тарихи-қоғамдық дамуының
ерекшелігіне байланысты олардың фольклорлық дәстүрінде шығыс әдебиеті
мен фольклорының
әсерінен гөрі өзіндік белгілер басым болды. Басқа
сөзбен
айтқанда, патриархалды-феодалдық қоғамда өмір сүрген бақташы-
көшпелі түркілердің ертегі поэтикасында көнелік сипат (синкретизм) пен
эпосқа еліктеушілік бар және кәсіпқой ертекші стилінің жоқтығы байқалады.
Бақташылық тұрмыста
кәсіпқой ертекші болмайды,
себебі ауылдан
алыста, далада күндіз мал бағып, түнде күзетіп жүрген кез келген адам
ертекші болған. Ол ертегіні тамақ үшін емес, уақытты өткізу үшін айтқан
[21]. Сондықтан ертекті айтушы мен тыңдаушыға оның тілінен гөрі
мазмұнының, оқиғасының қызықты болғаны керек (Ал, кәсіпқой ертекші
мазмұнмен қатар айтылу мәнеріне, көркемдікке көңіл бөлген, өйткені ертегі
оны асырайды). Сол себепті де бақташы-көшпелі түркілер ертегісінде ертегі
мазмұнына еш қатысы жоқ жәйт көп айтылмайды, демек, арнайы түрде
ұйқаспен баяндалатын кіріспе (присказка, текерлеме) қалыптаспаған және
ертегі соңында әңгіме айтқаны үшін сыйлық
сұрайтын аяқтама да пайда
болмаған. Мысалы, үш томдық
«Қазақ ертегілеріне» енген 372 мәтіннің
бірде-біреуінде ондай нышан жоқ.
Бақташы-көшпелі түркілерде кәсіпқой ертекшінің болмауына тағы бір
себеп – бұл елдерде ақындық (шайырлық, жыраулық, бахшылық, шешендік,
манасшылық, жыршылық) өнердің өте жоғары дамуы. Ақын-шайырлар
профессионал болғандықтан поэзияны барынша дамытқан, сондықтан бұл
елдерде поэзия – көркем сөз өнерінің биік шыңы деп бағаланған. Ал, ақындар
мен шайырлар ертегі айтпаған, сол себепті ертегіде ұйқасты кіріспе мен
аяқтама тұрақты белгі ретінде қалыптаспаған. Реті келгенде айта кетейік:
жоғарыда айтқан қазақша 372 текстің екеуінде ғана өрнектелген кіріспе бар
[22], бірақ оның біреуі ертегі мазмұнына тікелей қатысты. Алайда, бұл екі
ертегі кеш жазылып алынған және айтушыдан тікелей (қалай айтса, солай)
жазылып алынған ба, жоқ па, – ол жағы белгісіз. Жалпы, бақташы-көшпелі
халықтар ертегісінің өте кеш жазылып алынғандығынан оның поэтикасында
нұқсан болуы даусыз.
Осыған орай мына мәселені арнайы айтуымыз керек.
Фольклор
шығармаларын жинау барысында біз әлі күнге дейін ертекшіге көңіл бөлмей
келеміз. Шындығын айтсақ, ертегі поэтикасын зерттеу үшін ертекшілердің
айту мәнерін, талантын, стилін, басқаша айтқанда оның ертегіні жадында
110
ғана сақтамай, елге қалай жеткізетінін анықтау қажет. Мұндай шаруаны
Еуропа фольклористері ХХ ғасырда-ақ қолға алған болатын. Қазіргі таңда
олар бір ертекшіден араға уақыт салып бірнеше ертегіні дүркін-дүркін қайта
жазып алып, текст қаншалықты өзгеріске ұшырайтынын, бір ертекшіден әр
кезде жазылып алынған ертегінің сюжетінде, мазмұнында,
құрылысы мен
стилінде қандай айырмашылық болатынын анықтап, ертегі жанрының
трансформациялық процесін, ертегілік дәстүрдің өмірін, тіпті бүкіл
фольклордағы коллективтік пен даралық мәселесін зерттеуде. Сондай
зерттеудің бірі – В.М.Гацактың «Ертекші және оның тексі» деген мақаласы.
Бір ертекшіден әр кезде жазылып алынған бір ертегінің әртүрлі нұсқасын
салыстыра зерттеп, ол мынадай қорытындыға келеді:
«Ертегі жеке бір нақтылы шығарма ретінде орындалады. Ертекшінің
ойында сақтап айтатыны – жалпы ертегі емес. Оның баяндайтыны – белгілі
бір қаһарманның іс-әрекеті, қимылы, өмірі. Сол ертегіні қайта айтқанның
өзінде де ертекші сол қаһарманды өзгертпейді. Сондай-ақ ертекші ертегі
сюжетіне де ешбір сапалық өзгеріс енгізбейді» [23].
Қызық тұжырым. Ал, енді осы қорытынды қазақ ертегілеріне,
ертекшілеріне сәйкес келе ме? Міне, қазақ фольклорының поэтикасын
зерттейтін мамандардың болашақта атқаратын ісінің бірі осы болмақ.
Әрине, мұнда тек сандық жағы ғана ескеріліп қоймауы керек. Ертекші
аудиторияның ерекшелігіне байланысты бір ертекті әртүрлі айтуы да мүмкін.
Демек, ертегі қандай ортада және қандай мақсатта айтылатыны да ескерілуі
қажет. Сонымен бірге бір ертекшімен ғана шектелмеу керек. Айталық, бір
ертегіні 2-3 ертекшіден
бірнеше рет жазып алып, бір жағынан, әр ертекшінің
әр
кезде жазылған өз нұсқаларын, екінші жағынан бір ертегінің әр ертекші
айтқан нұсқаларын
салыстырып зерттеуге де болар еді. Сөз жоқ, бұл әдіс
ертегі поэтикасының, ертекші қабілетінің ішкі сырларын ашуға көп жәрдем
берер еді.
Талдап отырған ертегі композициясына қайта оралайық. Сонымен, біз
бірнеше түркі халықтары ертегісінің құрылымына тән ортақ және алшақ
белгілер бар екенін анықтадық.
Ортақ белгі – ертегідегі оқиғаның өмірде
болмайтынын көркем түрде ескертетін бастаманың болуы.
Бірақ осы көркем
ескертпе екі түрлі болады: бірі – ертегі мазмұнына еш қатысы жоқ
өрнектелген кіріспе де, екіншісі – біршама көркемделген, бірақ ертегідегі
оқиғаға тікелей қатысты болып келетін бастама. Міне –
бұл отырықшы
түркілер мен бақташы-көшпелі түркілер ертегісінің композициясындағы
өзгешелік.
Олардың ертегі композициясындағы тағы бір айырмашылық – сюжеттің
Достарыңызбен бөлісу: