Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет61/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

контраст. Ол ертегіде екі түрлі сипатта көрінеді. Бірі – сырттай, көзге 
бадырайып тұрады, яғни образдар қайырымдылық пен зұлымдықтың 
өкілдері есебінде бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Мұндай ашық түрде 
қарама-қарсы қою арқылы ертегі қаһарманның ең ізгі қасиеттерін айқын 
көрсетеді. 
Оның 
басқа 
кейіпкерлерден 
ерекшелігін, 
жауларынан 
артықшылығын сипаттайды. Сыртқы контраст халық алдында қаһарманға қас 
дұшпандардың зымияндық ойлары мен әрекеттерін ашық әшкерелейді. 
Екінші – жай көзге сырттан көрінбейтін бір образдың өз ішінде 
кездесетін контраст. Басқа сөзбен айтсақ, образдың ішінде бірі мен бірі 
сыйыспайтын, қарама-қарсы қасиеттер мен қылықтардың үйлесуі. Образдың 
өзінде жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық, арамдық пен 
адалдық сияқты қасиет-мінездер диалектикалық дәнекер тауып, бірлікте 
болады. Мысалы, әу баста түкке тұрғысыз, ешнәрсеге жарамсыз болып 
көрініп, ең соңында өзінің үлкен ағалары мен дұшпандарынан талантты да 
ақылдырақ болып шығатын кенже ұл мен тазша секілді жағымды 
кейіпкерлер міне, осындай. Қаһарманның басты қолқанаты – аттың да 
бейнесі осылай. Алғашқыда аласа, қотыр мәстек болып көрінген ол біраздан 
соң алты айлық жолда алты аттап өтетін тұлпарға айналады. Ертегінің 
басында балтыры қотыр, басы таз, түріне адам қарағысыз жетім бала, немесе 
адамның ең жаманы саналған Аяз би сияқты кейіпкерлер соңырақ елден 
асқан сұлу, ақылды, тіпті батыр болып шығады. 
Міне, ертегі эстетикасы деген осы. Ол халықтың эстетикасымен ұласып 
жатады. Халықтың эстетикалық мұраты – жаманды жақсы қылу, нашарды 
өрлету. Бұл мұрат пен арман ұштасып, халық оны ертегі эстетикасымен 
жүзеге асырады. Ол үшін қаһарман образында ішкі контраст бар. Сол арқылы 
бас кейіпкердің шын қасиеті танылып, халықтың оған деген сүйіспеншілігі 
білінеді. Халық ертегісінің кереметтігі сол – бас кейіпкерінің хас асыл 
қасиеттерін бірден көрсетпей, тыңдаушыларды қаһарманмен бірге өмір 
сүргізіп, ол құсап талай қиын-қыстауды бастан кешіртіп, әбден құмарттырып 
барып, оның бет пердесін, жан сырын ашады. Бұл үшін ертегі ішкі контраст 
әдісін қолданады. 
Ішкі 
контраст 
жағымсыз 
кейіпкерлердің 
бейнелерінен 
де 
байқалатындығы орынды. Мысалға, жалмауыз кемпірді алайық: сырт 
қарағанда ол әлсіз, қаусаған кемпір секілді, ал шын мәнінде ол табиғаттың 
небір жасырын сырларын білетін, оларды өзіне бағындырған өте күшті 
әмірші. Демек, ертегіде ішкі контраст әдісі бейнеленетін нәрсенің, не 
образдың шын мәнін ашып көрсету үшін қолданылады. 


114 
Ертегі жанрына тән көркем әдістердің бірі – қайталау. Қайталау тәсілі 
ертегіде үш түрлі мақсатпен қолданылады. Біріншісі – қаһарман кездесетін 
қиыншылықтарды күрделендіре түсу, сол арқылы образдың батырлық 
тұлғасын көтеру үшін; екінші – ретардация, яғни оқиғаны баяулату үшін, 
үшіншісі – ертегінің ауызша таралуына байланысты оның ұмытылмастай 
болып жақсы ұғылып, есте қалуы үшін пайдаланылады.
Көптеген ертегілерде кейіпкердің алдынан кездесетін әр түрлі бөгеттер 
бірнеше рет қайталанып келеді, әсіресе, үш рет қайталанып отыру жиірек 
ұшырасады [29] және әрбір жаңа бөгет бұрынғысынан әлдеқайда қиын әрі 
күрделі. 
Қаһарман осының бәрінен де әрқашан аман-есен өтіп отырады. Мысалы, 
«Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісінде кейіпкер алтын мүйізді киік ұстап 
алып, оны ханға сыйға тартады. Сараң хан алғыс орнына оған бірінен бірі 
қиын үш түрлі тапсырма береді. Алдымен баланың өзі алып келген киіктің 
астына қоятын алтын тақты, одан кейін белгісіз елден алтын ағашты, ең 
соңында күн астындағы Күнікей қызды әкелуге жұмсайды. 
Міне, мұндай қайталаулар ертегіде, бір жағынан, кейіпкердің орындар 
ісінің қиындығын көрсетсе, екіншіден, осы арқылы халықтың арман еткен 
адамды ардақтау мақсатын көздейді. 
Ертегідегі қайталаудың басқа бір түрі – қимыл-оқиғаны баяулату үшін 
қолданылатын ретардация дедік. Ретардация жағдайында бүтіндей 
эпизодтар, кейде тіпті ертегінің бүкіл мазмұны түп-түгел қайталанып 
отырады. Мысалы, «Арман тас» атты ертегіде қыз өлген адамның қасында 
оны тірілту үшін 40 күн, 40 түн отырады. Қыз шаршаған кезде, оны мыстан 
кемпір ауыстырады. Қыз демалу үшін далаға шығады. Осы сәтте өліп жатқан 
жігіт тіріледі де, «сені мен тірілттім» деп айтқан мыстан кемпірге үйленеді. 
Қыз өзінше қалады. Мыстан кемпір қыздың көзін жоюды ойлайды. 
Мыстанның бұйрығымен жігіт қызды өлтіріп, күлге көміп тастайды. Күлден 
ақ ағаш өсіп шығады, кемпір ағашты шауып тастауды бұйырады... Ақыр 
аяғында қыз тіріледі. Жігіт базарға жүрерінде, қыз оған арман тасты әкелуді 
өтінеді. Жігіт әкеліп береді, қыз тасқа барлық өмір тарихын айтады, тас оны 
растайды. 
«Сонда әлгі арман тасты алдына қойып көп сөйлейді: 
– Әй, арман тас! Мен кедейдің жылғыз қызы екенім рас па? 
– Ия, рас, рас! – деді. 
Сонда қыз: 
– Мені әкем молдаға әкелгені рас па? – деді. 
– Ия, рас, рас, – деді қозғалып, шәугімдей болды кеуіп» [30].
Міне, өстіп әрі қарай қыз өзінің басынан кешкен жайттарды түгел 
қайталап шығады. Тас мақұлдайды. Мұндағы қайталаудың мақсаты – 
баяндауды баяулату және сол арқылы ертегіні жадында сақтап қалу. Сондай-
ақ мұндай қайталау оқиғаның тыңдаушыға психологиялық әсерін күшейтеді. 
Ертегілік образ жасауда көптеген ауызекі шығармаларда кездесетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет