Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


«Қарындастан айырылған қиын екен»



Pdf көрінісі
бет69/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

«Қарындастан айырылған қиын екен» деген бұрынғы тармағы «Ел-
жұрттан айырылған жаман екен» [11], – деп өзгертілген. Осындағы 
«қарындас» деген сөз бүгінгі мағынада емес. Бұл жерде қыз туралы сөз 
болып тұрған жоқ. Орта ғасырда «қарындас» деп бірге туған аға-ініні, 
(единоутробный) бауырын айтқан. Жырауларда солай. Ал, ауызекі сөзде 
«жаман екен» дегеннен гөрі «қиын екен» деп айтылатын дәстүр бар. 
(«Жаман кісі» демей, «қиын кісі екен» дейді). «Қиын екен» – тіркесі 
поэзиялық әрі эмоциялық қасиеті жағынан әлдеқайда әсерлі естіледі. 
Адамның ішкі сезімін, психологиялық жағдайын, көңіл күйін білдіріп тұр. 
Сонымен, ойымызды қорытар болсақ, қазақ әндерін текстологиялық 
тұрғыдан арнайы түрде зерттеп, әр әннің тұрақты (канонды) мәтінін анықтау 
қажет. Олай болмаған жағдайда әркім әртүрлі сөз қолданып, әндердің 
мазмұны мен эмоциялық күші әлсірейді, ал бұл әннің құдіретін азайтады. 
Қазіргі шақта жүріп жатқан музыка саласындағы үдеріс пен үрдістер ұлттық 
әніміздің әуеніне ғана емес, мәтініне де мұқият болуды міндеттейді. Әр әннің 
мәтінін тарихи тұрғыда зерделеп, әр дәуірдің өзіне тән сөзі мен сөз саптауын 
анықтау және оны орнымен қолдану қажет. Сонда біз әннің, оның сөзінің қай 
дәуірде туғанын, оның қалай дамып, қаншалықты өзгеріске түскенін білуге 
қол жеткіземіз. Осы жүзеге асатын болса, ән мәтіндерін орынды-орынсыз 
өзгертуге жол берілмес еді. 
Сілтемелер және ескертпелер: 
1. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. А., 
1977, 93-бет («Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»). 
2. Сонда, 254-бет. («Көңіл құсы құйқылжыр шар тарапқа»). 
3. Халық әндері мен халық композиторларының әндері. Екі томдық. Құрастырған Жәнібек 
Кәрменов. А., 1991. 1-том, 159-бет. 
4. Александр Затаевич. 1000 песен киргизского народа. Оренбург. 1925; А.Затаевичтің 1931 жылы 
Алматыда шыққан «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» атты жинағында да «Ырғақты» әні 
берілген. Орындаушы - әйгілі Қали Байжанов (105 бет). А.Затаевич екі жинақта да «Ырғақты» әнін 
сол шақтағы Семей губерниясына қараған Қарқаралы мен Баянауыл жағынан жазып алғанын 
айтады. 
5. Сонда, 362-бет. 
6. Халық әндері мен халық композиторларының әндері, 1-том. 84-бет. 
7. Қазақ әндері. Үш томдық. 1-том. А., 1968. 28-бет. 
8. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Аталған кітап. 1 том, 124-бет. 
9. Сонда, 181-бет. Бұл жұмбақтың шешуі – білмекке құмарлық, дейді Абай. 
10. Мағжан Жұмабаев. Батыр Баян. Өлеңдер, поэмалар. Астана, 1998. 87-бет. 
11.Қазақ әндері. 1968. 1-том, 7-бет. 


124 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет