Қазақ фольклоры Миф, аңыздар



бет3/5
Дата07.11.2022
өлшемі56,77 Kb.
#48123
1   2   3   4   5
Байланысты:
аружан фольклоо

Эпостық жырлар

Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі — эпостық жырлар. Ә.Марғұлан қазақ эпосын мынадай кезеңдерге бөлген:



  1. Архаикалық кезең. Ол исламшылдыққа дейінгі түркі мифтері негізінде жасалған туындылар. Оған Күлтегін жоқтауы, Құламерген, Шола мерген, Ер Төстік, Ақ Көбек, Оғыз қаған туралыаңыздар жатады;

  2. Огыз-қыпшақ дәуірі (VI—XII ғасырлары). Бұл кезде жергілікті түркілер Қытай,

Иран, Византия, Араб шапқыншыларына қарсы күресті жырлаған. Мысалы,
"Қорқыт ата кітабы", "Алдар көсе", "Қозы Көрпеш — Баян сұлу", т.б.;

  1. Ноғайлы дәуірі (XIII—XVI ғасырлары) — "Бөген батыр", "Едіге батыр", "Қобыланды",

"Ер Сайын", "Қамбар батыр", "Мұсахан", "Орақ батыр", т.б.;

  1. Қалмақ шабуылы дәуірі — XVII—XVIII ғасырлардағы "құба қалмақ" заманы. "Олжабай", "Қабанбай", "Бөгенбай", т.б.;

  2. Кейінгі дәуір. Қазақ батырларының хан, сұлтандарға, патша әкімдеріне қарсы күресін бейнелейтін жырлар.

Фольклорлық шығармалартарихымызды зерттеудегі құнды деректің бірі. Жалпы, қандай да болсын, фольклорлық шығарманың негізінде өмір шындығы бейнеленеді. Әрине, архаикалық фольклордан тарих іздеу қиын. Дегенмен де көне мифтік аңызәңгімелерден халықтың дүниетанымын, кейбір көне әдет-ғұрыптарының іздерін көруге болады. Ал түркі дәуірінен бергі фольклорлық шығармалардан сол замандағы тарихи-этнографиялық болмыстың елесін, жаңғырығын таба аламыз. Ал ноғайлы дәуірінен бергі замандағы фольклорлық шығармалардың ішінен тарихта болған оқиғаларға арналған, тарихи тұлғаларға арналған жырларды фольклоршылар жеке жанрға — тарихи жырлар деп бөліп қарастырады. Тарихы көбінесе ел жадында ауызша сақталып келген көшпелі қазақтар үшін осы тарихи жырлардың деректемелік орны бөлек. Дегенмен де фольклорлық шығармаларға дерек ретінде
сүйенгенде, онда әсірелеудің, тарихи тұлғаларға типтік образдық портрет берілетіндігін ескеру қажет. Жырда тарихи нақтылы құбылыстар дәлме-дәл қайталанбайды.
"Алпамыс" жыры көшпелі түркі халықтарына ортақ эпостық шығарма. Белгілі фольклортанушы В. М. Жирмунский оның ең көне нұсқасын VI—VIII ғасырларға жатқызады. Алпамыстың бұдан кейінгі таралуы IX—X ғасырларға — оғыз, қыпшақ замандарына сай келеді. Алпамыс классикалық қаһармандық шығарма ретінде осыдан кейінгі кезеңде, қоңыраттарарасында көркемделіп жетілген деп есептеледі.
Көне эпостық шығармаға қазақтың "Құламерген, Жоямерген" жыры жатады. Жырда Хазар (Каспий) теңізі, Орал тауы, Болгар шаһары аталады. Қазақтың эпостық жырларының ішінде оқиғалық жағынан ең ескісінің бірі — "Мұңлық — Зарлық". Бұл шығармада да мифтік, ертегілік, аңыздықсюжеттер басым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет