Қазақ фольклоры Миф, аңыздар



бет4/5
Дата07.11.2022
өлшемі56,77 Kb.
#48123
1   2   3   4   5

Батырлар жыры

Қобыланды— қыпшақ елінің, Алпамыс — қоңырат жүртының, Ер Тарғын — бүкіл ноғайлы елінің намысын қорғаған батырлар. Бір кезде бүгінгі қазақ, ноғай, қарақалпақ ноғайлы елі деген жалпы атпен белгілі болғаны белгілі. Батырлық жырларындағы қазақтың негізгі жаулары— қызылбастар, қалмақтар. Қызылбастар — түркі жұрттары сонау ерте заманнан қақтығысып келген Орталық Азияның оңтүстікбатысындағы иран тектес халықтарда, қалмақтар — жоңғар-моңғол тектес халық. Мұрын жыраудан жазылып алынған жырларда ғана бір ындыс деп аталатын жұрт тарихтанақты белгісіз, мүмкін индус болуы. Өйткені Қушан, Моғолстан заманында түркілер үнділермен де қақтығысқан.


Қазақтың "Қарасай Қазы", "Шора батыр", "Қырымның қырық батыры", эпостанушылардың пікіріне қарағанда, ноғайлы елінің ыдырап, жеке-жеке жұртқа бөлінгендәуірінде (XV ғасырдың соңы) туған жырлар.

Әлеуметтік-тұрмыс эпосы

Қазақтың эпостық мұрасының қомақты бір бөлігі — әлеуметтік-тұрмыс эпосы, оны кейде лиро-эпостық поэмалар дейді. Бұл шығармаларда ерлік, батырлық, ел қорғау мақсаты емес, жеке бастың мүддесі — махаббат еркіндігі мәселесі алға шығады. Кезеңдік дамуы жағынан алып қарағанда, ғашықтық жырлар архаикалық, қаһармандық эпостан кейін туындаған шығармалар. Фольклортанушылардың пікірінше, лиро-эпостық мұра көне эпостан жазбаша романға өтер жолдағы аралық саты, аралық деңгей.


Соңғы кезге дейін қазақтың лиро-эпосы ретінде "Қозы Көрпеш — Баян сұлу", "Қыз Жібек", "Айман—Шолпан" секілді санаулы жырлар ғана ауызға ілініп келген. Соңғы жылдары мұндай шығармалар қатарына қазақ халқына кең тараған, түп-төркіні шығыс елдерінен келсе де қазаққа төл туындысындай етене жақын болып кеткен бір топ ғашықтық жырларды да жатқызып жүр. Олар: "Жусіп—Зылиха", "Ләйлі— Мәжнүн", "Құсрау—Шырын", "Сейфілмәлік", "Таһир — Зухра", "Бозжігіт", т.б. Лироэпостық жырлардан, әсіресе тіні қазақ топырағында қалыптасқан жырлардан халықтың әдет-ғұрып, салт- санасы туралы ұшан-теңіз мәлімет алуға болады. Әлі де болса тарихшы-этнографтар халқымыздың өмір салтының, әдет-ғұрыптарының осы бір деректерін толық пайдалана алмай келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет