«Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы



жүктеу 226.59 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.12.2016
өлшемі226.59 Kb.

М.Б.Шындалиева 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан 

 

 «Қазақ» газетіндегі  ұлт-азаттық көтеріліс туралы 



мақалалардың маңызы 

1916  жылғы  ұлт-азаттық  кӛтеріліс  туралы  мерзімді  баспасӛздегі 

публицистикалық  шығармаларды  талдау  мен  онда  кӛтерілген  замана 

кӛрінісін      тақырыптық  және  идеялық  жақтарын  ашу  мен  тану  қазақ 

баспасӛзі тарихында  бүгінгі күннің ӛзекті мәселелерінің бірі болып қала 

береді.  Бұл  тақырыптың  ӛзектілігі  1916  жылғы  ұлт-азаттық  кӛтеріліс 

туралы мақалалардың отандық баспасӛздегі орны мен рӛлі әлі күнге дейін 

ӛз  деңгейінде  анықталмай  келеді.  Адамзаттың  асыл  қасиеттерінің  бірі  – 

бейбітшілік  десек,  осы  проблеманы  жүйелі  қозғап,  осы  ӛзекті  мәселелер 

тӛңірегінде  жас  ұрпаққа  тәлім-тәрбие  берерлік  материалдарды  үзбей 

жазып, басып келген басылымдар баршылық. Қоғамдық-саяси ойымыздың  

қалыптасуына  үлес  қосқан,  халықтың  асыл  армандарын  насихаттаған  

«Қазақ» басылымының бүгінгі қазақ қоғамындағы рӛлі зор. 

 1916  жылғы  ұлт-азаттық  кӛтерілістің  қазақ  баспасӛзінде  жазылу 

деңгейін, 

соғыс 


және 

бейбітшілік 

проблемасының 

кӛтерілуін, 

тақырыптық, проблемалық, пішіндік жетістіктерін парықтау, сол кезеңдегі 

кӛрнекті  публицистер  материалдардарына  талдау  жасай  отырып, 

дәйектеуді  мақсат  еттік.  Осы  арқылы  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ 

басылымдарының 

негізгі 

ұстанымын 

айқындауда 

белсенді 

журналистердің  мақалалары  басты  назарда  болды.  Қазіргі  күні 

қалыптасып отырған 1916 жылғы ұлт-азаттық кӛтерілісті баспасӛзде жазу 

мәселелері жӛніндегі жаңа кӛзқарастар, саяси сипаттар сараланып, оларды 

түрлі сараптамалық ойлар негізінде қорытуға болады.  

Қазіргі  кезде  ұлттық  санадағы  терең  ӛзгерістер,  мемлекетіміздегі 

жаңа  бетбұрыстар  тарихымыздағы  бұрмаланған  тұстарды,  тарихи 

оқиғаларды, соның ішінде халық санасының оянуының бастамасы болған 

ұлт-азаттық  кӛтерілістерді  тарихи  шындық  тұрғысынан  зерттеп 

қарастыруды қолға алуға жақсы мүмкіндіктер туып отыр.  

«1916 жыл тарихи оқиғаларына байланысты жаңаша ойлау және оған 

байланысты «ақтаңдақтарды» қайта қарастыру еліміздің егемендігін алып, 

тереземіз тең мемлекет болғаннан соң ғана мүмкін болып отыр» [1,159-б]. 

Кейінгі  жылдар  кӛлемінде  1916  жылғы  ұлт-азаттық  кӛтеріліс  тарихына 

қалам  тартқан  ғалымдардың  кӛптеген  зерттеулері  мен  мақалалары 

баспасӛз бетінде жарық кӛруде.  Бұл мақалаларда осы тақырыпқа алғашқы 

болып  қалам  тартқан  ғалымдар  мен  жазушылардың  және  мемлекет 

қайраткерлерінің  еңбектеріне  оңды  баға  берілуде.  Мәселен,  Қазақстан 

Ұлттық  Ғылым  академиясының  академигі  Манаш  Қозыбаевтың  «1916 

жыл:  ұлт-азаттық  революция  тарихының  тарихнамасының  кейбір 

мәселелері»  [1,258-б]  атты  мақаласында  «Қазақстан  мен  Орта  Азиядағы 



1916  жыл  кӛтерілісі»  жайында  кӛп  жазылған.  Мәселені  ең  алғаш 

зерттеудің әу басында тарихшылардың аға буын ӛкілдері С.Аспандияров, 

А.Байтұрсынов,  Т.Рысқұлов,  С.Меңдешов,  Б.Алманов,  Б.Қаратаев, 

Ж.Аймауытовтар тұрды. 

Осы  есімі  аталғандардың  басым  кӛпшілігінің  20-30  жылдары  жарық 

кӛрген  еңбектері  олардың  авторлары  жалған  жаламен  «халық  жаулары» 

[2,262-б]  ретінде  айыпталғаннан  кейін  ғылыми  айналымнан  алынып 

тасталған  болатын.  Кӛтерілістің  басты  ошағының  біріне  айналған, 

переселендер  кӛп  қоныстанған  Жетісу  ӛлкесіндегі  қанды  оқиғаның 

шындығын  кӛрсеткен  қазақ  халқының  қайраткері  Мұхаметжан 

Тынышбаевтың  жазбалары  мен  архив  деректері  [3]    осыны  дәлелдейді. 

М.Тынышбаевты  ақылшы,  басшы  ретінде  таныған  ӛлке  қазақтарының 

кӛтеріліс себептері жӛніндегі онымен кеңесіп жазған арыз-шағымдарында 

біраз  шындықтың  беті  ашылады.  М.Тынышбаевтың  осы  мәліметтері 

негізінде  және  ӛзі  куә  болған  оқиғалар  жӛнінде  жазған  пікірлерінен, 

кӛтерілістің  шығу  мақсаттарын  барлық  зерттеушілерден  бұрын  айтып 

кеткені  кӛрінеді.  Мәселенің  деректік  кӛзіне  айналатын,  обьективті 

тұрғыдан  жазылған  бұл  жазбаларға  жаңа  кӛзқараспен  қарау  1916  жыл 

оқиғасының әлі беймәлім жақтарын ашуға кӛмектеседі. М.Тынышбаевтың 

1916  жыл  оқиғалары  жӛнінде  Түркістан  генерал-губернаторына  берген 

жауабында үлкен тұжырымдар жасалған. Онда патша үкіметінің саясаты, 

жергілікті 

әкімшіліктің 

оны 


армансыз 

ӛз 


құлқындары 

үшін 


пайдаланғандығы қаз-қалпында кӛрсетілген. Қазақ елінің 1916 жылғы ұлт-

азаттық  қозғалысы  инженер-тарихшының  қоғамдық  қызметі  мен 

шығармашылық еңбегінде ерекше орын алғандығы жайында сол жылдары 

Орынборда  жарық  кӛріп  тұрған  «Қазақ»  газетінде  былай  делінді: 

«М.Тынышбаев ІІ  – Мемлекеттік Думаның ағзасы, инженер. Саясат ісіне 

жетік  халыққа  таза  жолмен  қызмет  етіп  жүрген  алдыңғы  қатарлы  зиялы 

азамат. Жетісуда бүліншілік болғаннан бері Мұхаметжан кӛзге кӛрінерлік 

кӛп  пайда  келтіріп  жүр.  Былтыр  Түркістан  уалаятында  Куропаткинге 

генегерал-губернатор  болғандығын  /1916  ж.  10  тамыз/,  мәселенің  бәрі 

Жетісу  қазақ-қырғызында  емес,  жергілікті  хәкімдердің  жауыздығынан 

болғандығын  Куропаткинге  жете  түсіндіруші  Мұхаметжан  Түркістан 

уалаятындағы 

қазақ-қырғыздардың 

жерін 


Жетісу 

переселендік 

мекемесінің зиянды саясаты бойынша мұжыққа алынғандығын жергілікті 

халықтардың  тау  мен  тасқа  қамалып  қалғандығын  һәм  мұнан  былай  да 

жер  алынатын  болса,  қазақ  пен  қырғыз  аса  таршылқта  қалатындығын 

дәлелдеп 

докдад 

жазатын 


Мұхаметжан» 

[4,452-б]. 

Мұндай 

пайымдаулардың  астарын  түсінген  М.Тынышбаев  кӛтерілістің  негізгі 



себептерін  генерал-губернаторға  берген  хатында:  «Түркістандағы  орыс 

тұрғындарының  90  пайызы  Жетісу  жеріндегі  толқулардың  себебін  кӛп 

ойланып  жатпай-ақ  «түркі  және  герман  үгіттеуінен  кӛру  дұрыс  емес, 

шындығында оның себептері қырғыз, қазақтарды ата қонысынан, жерінен 

айырған  –  отарлау  саясаты  мен  патша  жендеттерінің  жасаған  түрлі 

зорлықтары  және  де  үлкен  кӛтерілістерді  ұыймдастырар  үгітшісінің 



жоқтығы  еді»[3,231-б]  -  ашық  жазуымен  қатар  Түркістан  генерал-

губернаторы  Куропаткиннің  қабылдауында  болып,  кӛтерілістің  шығу 

себептерінің бірі жер мәселесінің болғанын айтқан.    

1916  жылғы  дүрбелең  кезеңінде  қатарында  М.Тынышбаев  бар 

зиялылар  «Қазақ»  газеті  арқылы  оқығандарға  үндеу  тастап,  оларды  ӛз 

ауылдарынан  майданның  қара  жұмысына  алынғандардың  қатарына 

қосылып,  майдан  шебіне  баруға,  ӛзге  ұлттарға  басындармауға, 

офицерлерге  қорлатпауға  шақырды.  Іле  Әлихан  Бӛкейханов  бас  болып, 

олар қара жұмысқа алынғандар шоғырланған жерлерді аралауға аттанды. 

Ол  жерерде  оларды  азық-түлік,  киім-кешекпен  қамтамасыз  етуге, 

ауруларына кӛмек кӛрсетуді ұйымдастырады.  

«М.Тынышбаев  пен  басқа  қайраткерлер  1916  жылғы  кӛтерілісті 

патша жендеттері аяусыз басып-жаншылағанда шетелдерге босып кеткен 

қандастарды  ӛз  отанына  қайтару  ісімен  айналысты.  Босқындарды  қазақ 

еліне  қайтару  үшін  Ахмет  Байтұрсынов  пен  Міржақып  Дулатов 

Шәуешекке,  Мұстафа  Шоқай  Ӛзбекстанға,  Мұхаметжан  Құлжаға 

аттанды»[5,244-б].  Осылайша  азаттық  күресі  стихиялық  түрде  дамыған 

халықтың  қозғалыстан  кейінгі  босқындық  күйі  ауыртпалығын  да  зиялы 

қауым кӛтерді.  

 Халқымыздың тарихында әлі күнге дейін  толық түсінік таппай келе 

жатқан  жағдайдың  бірі  –  патша  үкіметінің  1916  жылғы  бұратана 

халықтардан  солдат  алу  мәселесі.  «Қазақ»  газетінің  ұлтшыл-байшыл 

атанып,  ұзақ  жылдар  бойы  қараланып  келуі  осындай  жайларға  да 

байланысты  болатын.  Ашығын  айту  керек,  Қ.Бекқожин  «Қазақ  баспасӛзі 

тарихының очеркі» [6] атты еңбегінде басылымның жарық кӛру мақсатын 

Троицк  қаласында  шығып  тұрған  прогрессивтік  бағыттағы  «Айқап» 

журналына кереғар бағыт ұстанушы орган ретінде кӛрсетеді. «Қазақтың» 

патша бұйрығын алақай салып, қуана қарсы алмағандарына оның бетінде 

жарияланған түрлі материалдарды оқи отырып, кӛз жеткізуімізге болады. 

Мысалы,  газеттің  1916  жылғы  207-нӛмірінде  жарияланған  мына  екі 

мақалаға  назар  аударып  кӛрейікші.  Алғашқы  мақала  «Торғай  облысы 

Ырғыз  һәм  Торғай  уездерінің  бас  хүкіметінің  бұйрығы»  [7,352-б]  деп 

аталады.  Онда,  «25  июньде  шыққан  патша  жарлығы  бойынша» 

мемлекеттегі  бұрын  әскерлік  қызметінен  азат  бұратана  халықтар  соғыс 

желкесіндегі  жұмысқа  шақырылды.  Бұратаналардың  кӛбі,  патша 

жарлығына  сӛзсіз  кӛніп,  кісілерін  беріп  те  қойды.  Дәл  осы  күні  он 

мыңдаған сарт, бурят, қазақ жігіттері соғыс желкесіндегі жұмысқа кірісіп, 

ондағы майданға керек солдаттарды босатты. 

«Г.Думаға солдаттың мәселесі» [8,238-б]  деп аталатын мақала авторы 

М.Дулатов  халықтың  әлі  де  болса  саяси  ұйымдасушылығына  кӛңілі 

толмай,  «бұл  істі  қалың  қазақтан  күту,  қашпаған  қашардың  аузына 

қарағандай  болған  соң,  дума  ашылуына  қарсы  Самарадан  Ә.Бӛкейханов, 

Орынбордан  А.Байтұрсынов,  Ақтӛбе  уезінен    Н.Бекметов  жүріп 

кеткендіктерін  айтады.  «Қазақтың»  осы  кездегі  саяси  жағдайға 

байланысты  жылап  тұрып  айтатын  мәселесі  –  думада  қазақтың  тілегін 


жеткізер,  қазақ  жайын  түсінер  адам  жоқ  екендігі,  әрі  мұсылман 

фракциясының жанынан бюро ашу, әңгіменің түптӛркіні  – қаражат. Жыл 

сайын бюроға адам ұстай алмасақ та, осындай қылыштың қырында тұрған 

шақта дума маңынан бір адам ұстау. «Бүкіл қазақ болып бір адам жібере 

алмауымыз  масқаралық  болар.  Қазақ  жайына  қалдырмайыншы,  сӛзіңді 

сӛйлеп, думаға жеткізе алатын депутат жоқ деп біліңдер» [8,238-б], - дейді 

Міржақып. Бұл автордың тағы бір құптарлық жағы: «Халық тілегіне қоса 

айтылатын  нәрсе  –  метрика  түзету  мәселесі.  Мұндай  жауапты  істі 

қиянатсыз  істейтін  мекемеге  тапсырса  екен,  қиянатқа  үйреніп  қалған 

мекемелерге  тапсырса  қолайсыз  шатақ  істер  шығып,  халық  лаңға  түсуі 

ықтимал»  [8,239-б],  -  деп  алаңдаушылық  білдіруі  дер  едік.  Міне,  ӛзіміз 

күні кешеге дейін ұлтшыл, байшыл деген газетіміз патшаның дегені жүріп 

тұрған  заманда  осылайша  ӛткір  сӛйлеуге  қаймықпаған.  Ал  патшаның 

бұйрығы  «ақиқат»  десе  оны  да  түсінуге  болады.  Олар  ӛздері  жазғандай, 

қайткенде де қашып құтылмайтын іс болған соң, халық жанашыры болып, 

қолайлы  жағын  қарастырады.  Осылайша,  халықтың  саяси  сана-сезіміне 

қозғау салады.  

Бүгінгідей  плюрализм  –  пікір  еркіндігі  тиіп  отырған  кезеңде,  ӛткен 

тарихымызды саяси таразылау жолында ешқандай бұрмалаушылыққа жол 

берілмеуі тиіс. Мұны айтып отырған себебіміз «Арай» журналының 1991 

жылғы    1  –  2-сандарында  жарияланған  журналист  Ю.Шапоревтің  тарих 

ғылымының докторы В.К.Григорьевпен сұхбаты «Алашты», оның органы 

ретінде  «Қазақты»  теріс  бағалайды.  1917-1918  жылдары  газет  осы 

партияның  ресми  органы  болды  дегенімен  қоймай,  1913-1916  жылдар 

аралығында  кӛтерген  идеялар  «Алашорда»  партиясының  негізін  қалады 

деуге  дейін  барады.  Оны  біз  жеңілдетіп  айтқанда  газеттің  рӛлін 

түсінбегендік  деп  ұғынамыз.  Осы  сӛз  орайы  келуіне  қарай  бір  мәселені 

ашық  айтуымыз  керек.  Баспасӛзді,  шығарманы  түпнұсқасында  оқи 

алмайтын  басқа  ұлт  ӛкілдері    кейбіреулердің  шаласауат  аудармасы  не 

ауызекі  айтып  беруі  арқылы  бағалап,  ғылыми  атақ-дәреже  алғанымен 

тұрмай  әрі  қарай  зерттеген  болып,  орыс  тілді  оқырмандарға  қате  түсінік 

береді. Әйтпесе, қазақ тілін жете түсіне оқу ӛз алдына, араб харпінің ӛзін 

біле  бермейтін  кісілер  қалай  әділ  баға  беруі  мүмкін.  Алаш  партиясының 

бағдарламасын түпнұсқада ілгері аталған кісілер оқи қойды ма екен деген 

де күдік туады. «Алаш» партиясы қабылдаған алғашқы бағдарламасының 

жобасында  жазылған  «Мемлекет  қалпы»,  «Жергілікті  бостандық», 

«Негізгі  құқық»,  «Дін  ісі»,  «Билік  һәм  сот»,  «Ел  қорғау»,  «Салық», 

«Жұмысшылар»,  «Ғылым-білім  үйрету»,  «Жер  мәселесі»  деген 

тарауларының 

идеялары 

бүгінгі 

егемен 


Қазақстанның 

жаңа 


конституциясында қабылданған негізгі заң баптарымен ұштасып, ӛмірден 

ӛз    орнын  тауып  жатқаны  бұл  партияның  нені  кӛздеп,  нені  аңсағанын 

қиналмай-ақ түсінуге болатын сияқты [9,145-б].  

Кезінде  «Қазақ»  басылымы  әскери  цензураның  қатаң  бақылауында 

болған.  Оны  «Қазақтың»  әр  нӛміріндегі»  дозволено  военной  цензурой» 


деген бұрыштамадан кӛреміз. Мысалы, газетте 1914 жылдың тамызының 

үші күнгі нӛміріндегі бас мақалада жарияланбай қалған.  

1)

 

«Солдаттық  мәселесі»  атты  бас  мақала  былай  басталады: 



«Қазақтан  солдат  алу  хабары  шыққан  кезде  ол  туралы  газетімізде 

жазылған  пікірлер  оқушылардың  есінде  шығар.  Бұл  хабардың  рас-ӛтірігі 

бұл күнге шейін айқындалған жоқ. Алдымыздағы февраль ішінде Г.Дума 

ашылмақшы.  Егер  ол  хабар  рас  болса,  ықтимал  думаның  осы 

мәжілістерінде  қаралып  та  қалар.  Сондықтан  солдаттық  мәселесі  туралы 

кейбір  пікірлерді  жазып  ӛту  артық  болмас  деп  ойлаймыз»  [10,455-б]. 

Қазақтан солдат алынатын бола қалса, оның тіршілік қалпы ойсырап зиян 

кӛрмеуіне  әр  түрлі  шаралар  қылып,  бұрыннан  солдат  беріп  үйренген 

жұрттардан  кӛрі  де  жеңілдік  болуы  шарт  екені  тілге  тиек  етіледі.  Бұл 

мақалада қазақтан солдат алына қалған күнде, жаяу солдат бола алмайды, 

казак-орыс  қылмаса,  казак-орыс  қылғанда  мемлекеттің  айбынды  әскері 

боларлық  жұрттың  тіршілік  шаруа  жағын  да  уайымсыз  қылып,  жерінің 

жақсысын  казак-орыс  ретінше  беруі  лайық  екені  де  айтылады.  «Заң 

бойынша,  әскерлік  қызметінен  бұл  күнге  шейін  азат  болып  келген 

халықтар  бар.  Бұл  сұрапыл  соғыста  мемлекеттің  барлық  күшін  біріктіру 

қажет  болып  тұрғанда,  қару  кӛтеріп  соғысқа  жарарлық  миллиондаған 

халықтардан солдат алынбау дұрыс емес» [10,456-б]. 

 «Соңғы  күндерде  қазақ  халқы  құлағын  түрген  нәрсе  солдаттық 

мәселесі  болып,  мұның  жай-жапсарын  білуге,  қазақ  жайын  депутаттарға 

білдіругке Петроград барып қайттық. Бұл туралы түгел мағлұмат “Қазақ” 

бетінде  қазір  жазылып  жатқандықтан,  ол  жағын  ұзатпай,  тек  мұсылман 

фракциясына  жәрдем  һәм  жәрдемші    жеткізу  жағын  құлақтарыңызға 

саламыз. Думада қазақтан депутат жоқтығы, ӛзгелер қазақ жайымен жете 

таныс  еместігі,  мұсылман  депутаттарының  саны  ӛте  аздығы,жұмысы  аса 

кӛптігі белгілі. Құралақан біз түгіл депутаты бар ноғай туғандарымыз да 

депутаттарының  қасына  жәрдемшіге  кісі  қосып  жатыр»  [10,457-б].  Түрлі 

мәселелер майданға түсіп, басы-қасында кісіміз жоқ болып тұрған кезде, 

мұсылман  фракциясына  ниеттес  болып,  қазақ  жұмыстарын  бірге 

кеңесетін,  бірге  істесетін  ақылшы  адам  керектігін  әңгіме  етеді.  Олай 

болса,  кӛп  ойлап  уақыт  ӛткізбей,  басқалар  қайтер  екен  деп  арбаспай, 

мүмкін қадір тез қимылдап, ісі істерді орындауға автор шықырады. 

Қазақтан  әскер  алу  хақында  “Қазақтың”  171-172  нӛмерлерінде 

Петроград  хаты  айтады:  “Казак  болу  қазақ  тұрмысына  жақын  екенін, 

мұны қазақтар ӛзі кӛріп отыр. «Әйтеуір әскерліктен қазақ  бас тарпайтын 

болған соң, бізге казак болудан басқасы жоқ. Егер кезінен қалғып-мүлгіп 

кеш  қалсақ  кейінгі  ұрпақтарымыздың  кӛз  жасына  қалғанымыз,  онан  соң 

кӛрде  тыныш  жату  болмас”  деп  қайғысын  қосып.  Қара  қазан,  сары 

баланың қамын айтып кім қайғырмаған? [10,359-б]. 

1916  жылдың  басынан  жұрт  шабуылда  болып,  басшылары  неше 

жерде жиылыс ашып, хан ордасына, бұл орысша ханская ставка аталады, 

Астрахан губернаторы келіп, мұндағы временный советпен мәжіліс құрып 

жатқаны да «Қазақ» газетінде үзілмей жазылып тұрған.  



Бақыткерей    Құлман  баласы,  бұл  бірінші  Г.Думада  Астрахан  қазағы 

сайлаған  депутат.  Жанарал  басшы  болған  мәжіліске  кіріп  Бақыткерей 

жұрт  тілегін  айтты.  Бақыткерей  айтқан  жұрт  тілегі  «Қазақ»  газетінде 

былай жазылады: «Қазақ патша жарлығына құл. Қайда патша айдаса, жұрт 

сонда болады. Егін пісіп тұр. Пішен шабылып кӛпенеде жатыр, шошаққа 

салынған  жоқ.  Жігіт  бәрі  соғыс  қызметіне  алынса,  шаруа  күйзеледі. 

Орыстан  солдат  алған  уақытта  жұрт  мойнына  түскен  жүкті  жеңілдетіп 

тұрған  неше  жол  бар.  Осы  жеңілдік  қазаққа  да  болсын»  [11,259-б] 

делінген. 

«Қазақ» газетінің «Тарихи жыл» атты тарихи очерк басылған. Авторы 

Міржақып  Дулатов.  Ол  былай  басталады:  «Дүние  тарихында  Европа 

соғысы  адам  баласы  кӛрмегені  қандай  оқиға  болса,  біздің  қазақ  жұрты 

үшін  ӛткен  1916  жыл  айрықша  терең  із  қалдырған  бір  тарихи  жыл 

екендігіне шүбә жоқ» [12,356-б]. Қазақ халқының ӛткен дәуіріне айналып 

қараған  мақала  авторы  түрлі  тарихи  зор  уақиғалар,  ӛзгерістер  бастан 

кешіргенін тізбелеп шығады. Публицист бұлардың әрқайсысы ӛз тұсында 

толқынсыз ӛтпеген болса да, ала бұлтпай, бір тап ел жаман болса, екінші 

аман  болып,  үш  жүздің  баласына  шылығын  тегіс  тигізе  алғанын  айтады. 

«1916  жылдың  уақиғасы  ӛзгеше  болды.  Айдап  ӛргізіп,  иіріп  жусатып 

күнелткен тӛрт түлік малына қатерлі он екі жылда бір айналып, кӛбінесе 

тегін кетпейтін сұм қоянды аман ӛткізіп, ӛткен жаз қазақ байдың баласы 

биыл  кеңіп,  байға  жарлы  теңеліп,  жайлауында  жадырап,  ӛзінше  ӛзінен 

бақытты  жұртты  білмей  рахат  ғұмыр  ӛткізіп  тып-тыныш  жатқанында 

ӛрттен шошынып оянғандай бір күйге ұшырады. Халқын бір уыс қылды, 

кең  дүниесін  тарылтты,  жүрегіне  найзадай  тиді.  “Солдатқа  алмайды, 

жұмысқа  шақырады”  деушілерді  жау  кӛрді,ешкімге  сенбеді.  “Солдатқа 

алмаймын  деген  ақ  патшамыздың  уағдасы  бар”  дегеннен  басқаны 

білмейді» [12,356-б]. Бұл мақалада қазақ облыстарының кейбір уездерінде 

де,  Жетісудай  болмаса  да,  шет  пұшпақтап  кӛңілсіз  уақиғалар  болғаны, 

егін-пішен орусыз, жиюсыз, мал бағусыз қалып, ит пен құсқа жем болғаны 

да ашық айтылады. 

«Қазақ»  газетінің  1917  жылғы  212-санында  шыққан  М.Дулатовтың 

“Тарихи  жыл”  атты  қысқа  очеркінің  мәні  зор.  Автор  тек  кӛрген-білгенін 

жалаң  баяндап  қоймай,  очеркке  жаңа  мазмұн  бере  білген. 

Публицистикалық  элементтерді  жинақтап,  құжат,  цифрларды  орын-

орнымен  жеткізе  отырып,  қазақ  халқының  ӛткен  дәуіріндегі  тарихы  зор 

оқиғалар:  қазақ-қалмақ  соғысы,  ақтабан  шұбырынды,  Ресейге  бағынған 

шақ,  Кенесары  кезеңі,  қазақ  заманы,  1868  жылғы  жаңа  заңның  шығуы  - 

осының бәрінен де 1916 жылғы оқиғаның ӛзгеше болғанын ашып жазады. 

Ашынған автор енді ӛткен жылдардың үлкен сабақ болғанын айта келіп, 

қазақ  ұлтын  оянуға  шақырады.  „„Қазақ‟‟  газетінің  екінші  редакторы 

болған  Міржақып  Дулатов  тек  очерк  жанрында  қалам  тартпай,  кӛптеген 

публицистикалық  мақалалар  жазып,  қазақ  баспасӛзінің  дамуына  елеулі 

үлес қосқан қайраткер.          



Міржақып  Дулатовтың  “Қазақ”  газетінде    1916  жылы  жарияланған 

“Қазақ  жайы”  [13,239-б]  очеркі    қазақ  халқының  сол  кезеңдегі  басынан 

кешіп  отырған  қиындығын,  ұлт  дамуындағы    кемшін  түсіп  жатқан  

тұстарын,  келешекте  керек  ғылым  мен  ӛнерді  игеру  жолдарын  сӛз  етеді. 

Автор  осы  очеркінде  қазақтың  тӛл  мақал-мәтелдерімен  ӛз  ойын  дәлелді 

түсіндіруді жӛн деп тапқан. Мысалы: “Tіршілік – бәсеке, жарыс”, “Дүние 

–  бәйге  үлестіруші”,  “Басыңның  сауында  бер  садақасын”,  “Ұша  алмас 

салсаң бүркіт томағасын”, “Жығылған күреске тоймас” [13,240-б] т.б.  Бұл 

очеркінде  Міржақып  мақал-мәтелдерді  кӛркем  құрал  ретінде  пайдалана 

отырып,  сол  кезеңдегі  қазақ  халқы  басынан  кешіп  отырған  күйді  жан-

жақты кӛрсетіп, одан шығу жолдарын іздестіреді. 

“Қазақ” газеті басқа газеттердегі 1916 жылғы кӛтеріліске байланысты 

материалдарды  да  кӛшіріп  басып  отырған.  Соның  бірі    ”Оренбургское 

слобода” газетінен басылған „Қазақтан солдат алу” деп аталатын мақала. 

Онда:  „Бұрын  да  һәм  қазір  де  қазақтан  солдат  алуға  қарсылардың 

кӛрсеттетін себептері қазақ нада, мәдениеті жоқ, орыс тілін білмейді, орыс 

тамағына  шыдай  алмайды  деген  сӛздер  еді.  Бұлардың  мұнысы  дәлелсіз” 

[14,261-б],-  деген  уәж  айтады.  Расында  да  қазақтар  һӛзге  жердегілердіне, 

қай  жұрттан  болса  да  артығырақ  екенін  мақала  авторы  дәлелдейді. 

„Қазақтағы” 

Д.Дулатовтың 

„Г.Дума 


һәм 

солдаттық 

мәселе” 

публицистикалық  мақаласының  маңызы  зор.  „Самардан  Ахмет 

Байтұрсынов,  Ақтӛбе  уезінен  Нысанғаги  Бегімбетов  3  февральда 

Петроградқа жүріп кетті. Солдаттық мәселесі туралы қазақ даласының әр 

тұсынан жиналған пікір, бір ізден шығып тұр”  [15,270-б],- деп мақаласын 

қорытындылайды.  Бұл  публицистикалық  мақалада  қазақтан  солдат 

алынбауы,  лажсыз  алынатын  болған  жағдайда  жаяу  солдат  болмай,  атты 

әскер болу мәселесі жан-жақты жазылады. 

1916  жылғы  „Қазақ”  газетінің  бірнеше  санында  „Петроград  хаты” 

[31,272-27б] атты проблемалық бірнеше хаттық формада мақала басылған. 

Мақала  авторлары  А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов,  Ә.  Бӛкейханов.  Бірінші 

хатын мақала авторлары „Солдат алар ма?” деп атап, солдат алған күнде 

заң  жобасына  сәйкес  келе  ме,  солдаттардың  жас  шамасы  қандай  болу 

керек деген сауалдарға жауап іздейді. Екінші хат „Не істеуге” деп аталып, 

қазақты  қай  түрде  солдатқа  алатыны,  тек  жаяу  әскер  емес,  атты  әскерге 

алуы  қамтылуы  керек  екені  сӛз  болады.  Үшінші  хат  „Тағы  не  істеуге 

болады?” деп аталып, Ресейдегі мәдениеттің түрлі қырқасында тұрған әр 

түрлі  халықтардың  ерекшеліктері  солдат  алғанда  ескерілуі  керек  екені 

айтылады.  Тӛртінші  хат  „Мал  есебі  туралы”  деп  аталып,  „1  мартта 

министрлер  кеңесі  келер  1  майға  шейін  патша  қол  астындағы  елдердің 

малы жазылсын деп қаулы қылып, мұның шығынына 1 милллион 760 мың 

сом  ақша  шығарылсын  деді”  [31,279-б].  Сонда  20  айға  созылған  соғыста 

Ресей  жан-жағындағы  елдерден  салық  ретінде  азық-түлік  тауарларын 

алып  отырғанының  ӛзі  құптарлық  жағдай  болмағанын  авторлар  басып 

айтады.  1916  жылғы  кӛтерілістің  осы  саяси  мәні  мен  сипатына,  тарихи 

маңызына  байланысты  жазылған  «Қазақ»  газетіндег  мақалаларды  талдай 



келе ол материалдардың ӛзіне тән кӛркемдік, жанрлық, стильдік бірқатар 

ерекшеліктері бар екеніне кӛз жеткіздік. Олар мыналар деуге болады. 

1.  Алдымен,  қазақ  халқының  1916  жылғы  ұлт  азаттық  кӛтерілісі 

туралы мақалалар реалистік тұрғыда жазылған. Олар халықтың ӛмірінде, 

тарихында  болған  оқиға,  авторлары  басынан  кешірген,  кӛзімен  кӛрген 

оқиға  туралы  соның  үстінде,  ізінше  шығарылған,  ӛмір  тарих  шындығын 

баяндайтын публицистика. 

2. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт азаттық кӛтерілісі туралы «Қазақ» 

газетіндегі  мақалалар  патриоттық,  ерлік,  батырлық  сарында  жазылды. 

Олар  бүкіл  халықтың,  жеке  ер-азаматтардың  ӛз  бостандығы,  теңдігі,  ӛз 

бақыты  жолында  жанқиярлықпен  күрескенін,  сол  қиянкескі  күрес 

үстіндегі  патриоттық,  ерлігін,  тӛзімділігін,  тапқырлығын,  асқақ,  азаттық 

сүйгіш  ой-сезімін,  ізгі  тілек-арманын,  халықтық,  адамдық  қасиетін,  әлді, 

әлсіз жағын – бәрін дәл, айқын, шебер суреттейді. 

Бұл  жағынан  1916  жылғы  кӛтеріліс  туралы  «Қазақ»  газетіндегі 

публицистикалық  шығармалар  қазақтың  бұрыннан  дамып  келген 

патриоттық,  батырлық  дәстүріндегі  жаңа  дәуірде,  халық  ӛмірінде  болған 

жаңа  оқиғаға  байланысты  жасалған  халықтық  жаңа  публицистика  деуге 

толық негіз бар. 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1.

 



Назарбаев Н. Тарих толқыныда. – Алматы. Атамұра. 1999. 

2.

 



Қозыбаев М. Таңдамалы шығармалары. – Астана. Елорда. 2001. 

3.

 



Тынышбаев М. Жазбалары мен архив деректері. – Алматы. Қазақстан. 

2002. 


4.

 

Тынышбаев  М.  Торғай  һәм  Ырғыз  уезінің  хылқына.  //  «Қазақ»  газеті. 



Құрастырушылар:  Ү.Субханбердина,  С.Дәуітов,  Қ.Сахов.  –  Алматы. 

«Қазақ энциклодеиясы» Бас редакциясы. 1998. 

5.

 

Қойгелдиев М. Тарих толқыны. – Алматы. Рауан. 1996. 



6.

 

Бекхожин Х. Қазақ баспасӛзінің даму жолдары. – Алматы: ҚМБ, 1964. 



– 268 б.; 

7.

 



Торғай облысы Ырғыз һәм Торғай уездерінің бас хүкіметінің бұйрығы.  

«Қазақ»  газеті.  /  Құрастырушылар:  Ү.Субханбердина,  С.Дәуітов, 

Қ.Сахов. – Алматы. «Қазақ энциклодеиясы» Бас редакциясы. 1998. 

8.

 



Дулатов  М.  Г.Думаға  солдаттың  мәселесі.    «Қазақ»  газеті.  / 

Құрастырушылар:  Ү.Субханбердина,  С.Дәуітов,  Қ.Сахов.  –  Алматы. 

«Қазақ энциклодеиясы» Бас редакциясы. 1998. 

9.

 



Алдабергенов 

Қ., 


Нұсқабайұлы 

Ж., 


Оразай 

Ф. 


Қазақ 

журналистикасының тарихы. – Алматы: Рауан, 1996. 

10.

 

Байтұрсынов А. Казак болу қазақ тұрмысына жақын. «Қазақ» газеті. / 



Құрастырушылар:  Ү.Субханбердина,  С.Дәуітов,  Қ.Сахов.  –  Алматы. 

«Қазақ энциклодеиясы» Бас редакциясы. 1998. 

11.

 

Астрахан  қазағы    депутат.  «Қазақ»  газеті.  /  Құрастырушылар: 



Ү.Субханбердина, 

С.Дәуітов, 

Қ.Сахов. 

– 

Алматы. 



«Қазақ 

энциклодеиясы» Бас редакциясы. 1998. 



12.

 

Дулатов  М.  Тарихи  жыл.  «Қазақ»  газеті.  /  Құрастырушылар: 



Ү.Субханбердина, 

С.Дәуітов, 

Қ.Сахов. 

– 

Алматы. 



«Қазақ 

энциклодеиясы» Бас редакциясы. 1998. 

13.

 

Дулатов  М.  Қазақ  жайы.    «Қазақ»  газеті.  /  Құрастырушылар: 



Ү.Субханбердина, 

С.Дәуітов, 

Қ.Сахов. 

– 

Алматы. 



«Қазақ 

энциклодеиясы» Бас редакциясы. 1998. 

14.

 

Қазақтан 



солдат 

алу. 


«Қазақ» 

газеті. 


Құрастырушылар: 

Ү.Субханбердина, 

С.Дәуітов, 

Қ.Сахов. 

– 

Алматы. 



«Қазақ 

энциклодеиясы» Бас редакциясы. 1998. 

15.

 

 Дулатовт  Д.  Г.Дума  һәм  солдаттық  мәселе  «Қазақ»  газеті.  / 



Құрастырушылар:  Ү.Субханбердина,  С.Дәуітов,  Қ.Сахов.  –  Алматы. 

«Қазақ энциклодеиясы» Бас редакциясы. 1998. 

16.

 

 Байтұрсынов А., Дулатов М., Бӛкейханов. Ә. Петроград хаты.  «Қазақ» 



газеті.  /  Құрастырушылар:  Ү.Субханбердина,  С.Дәуітов,  Қ.Сахов.  – 

Алматы. «Қазақ энциклодеиясы» Бас редакциясы. 1998. 



 

 

 



 

 

 

 

 

Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің магистранты
data -> Ұстаз ғалымның абыройы
data -> Интеллигенциясы: тарихи
data -> ТҮрік тілін үйренудегі ортақ СӨздер және олардың фонетикалық ерекшеліктері кумашева Назым
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых
data -> Очерктің тілі мен стилі
data -> Бағдарламасы, ұлттық рухани байлықты жалпы адамзаттық мәдениетпен
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых
data -> Әдеби сапарнама жанрының тууы мен қалыптасуы А. Е. Ментебаева


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет