«Қазақ халық ауыз әдебиеті түрлерімен таныстыру» Ауыз әдебиеті —



Дата15.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#50355
Байланысты:
халық ауыз әдебиеті


«Қазақ халық
ауыз әдебиеті
түрлерімен
таныстыру»
Ауыз әдебиеті —
 халық шығармашылығының 
айрықша саласы,
ауызша шығарылып,
ауызша тараған
көркем-әдеби туындылардың
жиынтық атауы.
Ауыз әдебиетінің түрлері:
Тұрмыс-салт жырлары
ертегілер, аңыздар
эпостық жырлар
тарихи жырлар
лирикалық өлеңдер
өтірік өлеңдер
мақал-мәтелдер
жұмбақтар, айтыстар
шешендік сөздер
жаңылтпаштар
Өтірік өлең– қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты туындаған әдебиеттің көне үлгісі. Өтірік өлең әзілге құрылып, көбіне той-думанда, ойын-сауықтарда айтылған. Өтірік өлеңде оқиға шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет шынайыөмірге үйлеспейді.
“Өтірік өлең”
Мініп алып қоңызға,
Қуа жөнелдім қоянды.
Ұстап алып қоянды,
Қыстай жедім соғымға.
“Жұмбақ”
Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар.
“Жұмбақ”
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі...
«Мақал»
Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі — ертегілер. Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Ол халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Осы ауызша әңгімелері, ертегілері арқылы халық бақыт туралы, еркін өмір, жайлы мекен туралы үміт, армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық уақиғалар шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесі тудырған. Ғажайып қиял әңгімелері, орасан уақиғалы қазақ әңгімелері, салтпен, тарихпен байланысты оқшау әңгімелер - бәрі де ертегінің түрлері.
Ертегілер
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған.
«Жаңылтпаш»
Назарларыңызға
рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет