Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



бет35/45
Дата06.01.2022
өлшемі149,37 Kb.
#13050
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
bilet 1-30-1

23билет

1. 1825 жылға дейін Қазақ өлкесінде болашақ декабристер қызмет бабымен болған немесе жер аударылған болатын. Жергілікті ресми мекемелерде қызмет істегендер – Г. Батеньков, А. Жемчужников, М. Муравьев, В. Вольховский, А. Янушкевич.
Декабристер көтерілісінің жеңілуі азаттық қозғалыс өкілдерінің шеткі аймақтармен танысуына себеп болды. 1826 - 1828 жылдары П. Коновницин және М. Лаппа Ертіс бекіністерінде айдауда болды. Орынбордағы желтоқсаншылардың жасырын ұйымының мүшесі прапорщик Г. Карелин, Г. Батеньков “Сібір Қазақтарының Жарғысын” дайындауға көмектесті. Жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені С. М. Семенов болды. Айдауда жүріп, Омбы облыстық басқармасы шешімімен Өскеменде қызмет атқарып, кейін дəрігер болды. Ол саяхатшы - ғалымдар Гумбольдт, Эренберг, Розе басқарған саяхатқа қатысып, Қазақ елін аралап, жергілікті халықтың өмірімен танысты. Ал М. И. Муравьев - Апостол Бұқтырма комендантынан жергілікті тұрғындарды емдеуге рұқсат алып, халықты емдеген. Орынбор қаласындағы тұңғыш мұражай тарихы да декабристер есімімен байланысты. Мұражайды экспонаттармен жабдықтауға Жəңгір хан көмектесті. Орал қаласындағы мұражайда Г. С. Карелин есімімен байланысты көрмеліктер бар. Г. С. Карелин Каспий теңізінің солтүстік - шығыс жағалауын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. В. Вольхосвкий 1825 жылы Бұхарға ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, “Кіші жүз руларының картасын” жасады. 1867 жылы Мəскеуде жарық көрген И. Завалишиннің “Батыс Сібірді сипаттау” еңбегінің бір бөлімі қазақтардың өміріне арналған. А. Д. Коровковтың “Іле бекінісіне бару” очеркі қазақ жері мен шексіз даласы туралы жазылған.
1849 жылы М. В. Петрашевский ісі бойынша тұтқындалған жазушы Ф. М. Достоевский “Белинскийдің идеясын” таратқаны үшін Сібірге жер аударылды. Семейде археологиялық ескерткіштер жинаумен айналысып, жергілікті өлке тарихын зерттеуге көңіл бөлді. Семейде Ш. Уəлихановпен кездесіп, Омбыда басталған таныстық жалғасты.

2. \Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: 1)Күйзелген ауылшаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2)Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3)Өркениетті кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді 4)Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. 5)ЖЭС – шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921-1929жж) Бір ескерерлік жайт — ЖЭС-те бізге жақсылык әкелмеді. 1921 жылы күзде Лениннің өзі Арал балықшыларына хат жазып, орталыққа балық алғызды, Тіпті Ақмола, Семей губернияларынан 1921 жылы ашыққан неміс жұмысшыларына астық жөнелтіліп, оларды "таң калдырдық". 1921 жылы Мәскеу Қазақстаннан 1920 жылдың орындалмаған 20 миллион пұт астығын жинауға әрекеттенді. Бұған тек шаруалар ғана емес, осы әрекеттің жөнсіздігін түсінген кейбір Кеңес кызметкерлері де наразылық біддірді. Осыған қарамастан, 1921 жылы мамырда Мәскеу мен Ленинградтан Павлодарға 7 мың жұмысшы және 2,5 мың адамнан құралған бірнеше автоколонналар келіп түсті. Астық жоспарын орындату мақсатымен кейбір губернияларға зат айырбасын жасауға әртүрлі тауарлар да жіберілді. Бірақ Кеңес өкіметінен жүрегі шайлығып қалған шаруалар бұған сенбеді және ел ашығып жатқанда астығынан айырылғысы келмеді. Сондықтан олар астықты тііггі өнеркәсіп тауарларьша айырбастаудан да бас тартгы. 1921 жылғы 2-шіддеде Лениннің РК(б)П-ның Сібір және қазақ бюроларына жіберген телеграммаларында "шешуші шаралар қолданып, базарларды толық жабудан (шаруалар астығын сатгырмау үшін) тайсалмай, кең мөлшерде зорлап алмастыру жүргізіңдер" деп кеңес берді. Осылайша Кеңес өкіметі жоғарыда керсетілген жеңілдіктердің бәрін бірте-бірте жойып, іс жүзінде ескі "соғыс коммунизмі" саясатына қайта көшуге бет алды. Соның бір көрінісі — 1921 жылы 20-қарашадан бастап сұрақтарға жауап берерліктей. Бірақ Қазақстан топырағында бұл саясаттарға ортақ белгілер болғанын, яғни ең әуелі орталықтың мүддесі үшін азық-түлік күшпен экспро-приацияланғанын ашық айтатын уақыт жетті.

3. Ғұндар, хундар – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанып, Қытай жылнамаларында «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. 24 руға бөлінді. Жоғары билеушісі «тәңірқұт» қытай деректерінде «шаньюй» деп аталды. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды. Ғұн тайпаларында əлеуметтік теңсіздік қалыптасты. Ауқатты отбасылардың немесе үстем тап өкілдерінің қабірлерінен қымбат бағалы заттар көп табылады. Кедей адамдардың қабірлерінде қарапайым жасалған арзан бұйымдар кездеседі, кейбір қабірлерден ешбір зат табылмайды. Ғүндардың билеушісі тобы ақсүйектер рудың мүддесін қорғап, көсем ретінде бар мəселені шешіп отырды. Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет