Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



бет43/45
Дата06.01.2022
өлшемі149,37 Kb.
#13050
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
29билет

1. Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері[өңдеу]

Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.

Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.



1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді.Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.

1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.

Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындардықайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.

Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды.



2. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды: 1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы. 2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау. 3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту. 4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру. 5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру. Қазақстанның сыртқы саясатында өздерінің тарихи тағдыры, этномәдени құндылықтары бойынша туыс халықтар өмір сүретін Орталық Азия аймағы ерекше орын алады. Бұлар түркі тілдес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, сонымен қатар Тәжікстан мемлекеттері. Халықтар арасында қалыптасқан осы тарихи байланыстар, тарихтын, мәдениеттің, тілдің ортақтығы елеулі дәрежеде осы мемлекеттерді жақындата түседі. Бұл халықаралық аренада біртұтас, келісілген позиция түрғысынан көрінуге мүмкіндік береді. Қазақстанның сыртқы саясатының ерекше аспектісі Кытай екендігі сөзсіз. ҚХР-мен достық, тату көршілік қатынасты жолға қою — Қазақстан басшылығының сыртқы саясатының аса маңызды проблемасы. Осы саладағы біздің міндеттеріміз — Қытаймен арадағы шекараны делимитациялау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сауда-экономикалық шарттарға отыру, мәдени айырбасты дамыту. Қытай —бұл жақын көршілікте түрған, тез дамып келе жатқан аса ірі этно-демографиялық массив, ядролық держава, супердержава ретінде XXI ғасырда халықаралық қатынастарда басты рөлдерді атқарады. Қазақстан Республикасының басшылығы жүргізіп отырған сыртқы саясатта қазіргі әлемнің басты мемлекеттері де назардан тыс қалмайды. АІСДІ, Германия, Англия, Франция және басқа еуропалық мемлекеттер ең алдымен, мүмкін болатын инвесторлар мен сауда серіктері ретінде қызықтырады, осындай қызығушылық Азияның алдыңғы қатарлы елдері Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Пөкістан, Түркия, Иранға да артуда. Қазақстан осы елдердің барлығымен дерлік үздіксіз дамып отырған сыртқы саяси байланыстарды, дипломатиялық қатынастарды жолға қойды. . Қазақстан Республикасының басшылығы қысқа мерзімнің ішінде табысты жұмыс істеп жатқан Дипломатиялық қызметті кұра алды. Бұл Қазақстан Республикасының билік құрушы элитасы меңгерген кәсіптік қызметгің жаңа түрі. Осы құрылымда жүмыс істеу кәсіби білікгілік пен білімді талап етеді және бұл міндетті Қазақстан элитасы табысты түрде атқарып отыр деп толық сеніммен айтуға болады

3. 940 жылы Қашғариядан келген қарлұқ тайпаларың басқарған Сатұқ Боғра Баласағұнды басып алды. Осы Сатұқ Боғра Қарахан әулетінен еді, әулеттің атауын ғалымдар арғы бабасымен байланыстырады, арғы атасы Қарахан болды деп. Осылай Қарахан мемлекеті пайда болады.

Ал Сатұқ Боғра хан болады да мемлекетті басқарады. Исламды қабылдаған билеуші еді. Кейін оның ұлы Мұса таққа отырғанда, 960 жылы ислам дінің Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні етіп жариялайды.  Орта Азияда Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы. Шыққан тегі — мұсылман түркі әулетінен.

Қарахан мемлекетінің құрылуы Қарлық қағандығының ыдырауымен тікелей байланысты. Тарихи әдебиеттерде Қарахандар әулетінің шығуы жөнінде түрлі пікірлер айтылады. Солардың ішінде Қарахан мемлекетінің тарихын зерттеуде үлкен еңбек сіңірген. О. Прицактың пікірінше, Қарахандар әулеті негізінен екі ірі тайпалар бірлестігінен чігілдер (шикілдер) мен яғмалардан құралғанға ұқсайды. Қарахан осы яғма тайпасынан шыққан.

Қарлық қағандығының қағаны Білге Құл (Қадыр хан) өлгеннен кейін, оның орнында қалған екі баласы Бәзір Арслан мен Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра хан ерекше көзге түседі. Ол кейін Оғұлшақтың өзіне қарсы шығып, Тараз бен Қашқарды одан тартып алады.

942 ж. ол Баласағын билеушісін тақтан тайдырып, өзін «қағанмын» деп жариялайды.

Қарахан 960 ж. қайтыс болады. Оның орнына отырған баласы Мұса Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Осыдан болар мұсылман тарихшылары қарахандар әулеті билеушілерінің кестесін осы Мұсадан бастайды. Бірақ шын мәнінде Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Мұсаның әкесі Әбділкәрім Сатұқ Қарахан, кейінгі тарихшылардың мемлекет атын оның есімімен «Қарахан» деп атауы да осыдан. Қараханның мазары бұл күнде Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында тұр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет