Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



бет42/45
Дата06.01.2022
өлшемі149,37 Kb.
#13050
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
28билет

1. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды. Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді. 1940—1970 жылдар аралығындағы статистикалық басылымдарда туылғандар мен өлгеңдердің 1000 адамға шаққаңдағы табиғи өлім, неке мен ажырасу сандарынан өзге мағлұмат жоқ. Тек кейінгі санақтарда ғана толық есеп жүре бастады. 1989 жылғы және 1999 жылғы санақтарда туу айлары, ұлттары, анасының жасы, өлген әйел — ерлердің жас мөлшерлері, бала өлімі, өлім-жітім себептері айтылады. Сонымен, санақ мәліметтері, статистикалық материалдар, мұрағатгық құжаттар мен косымша мағлұматтарды ой елегінен өткізіп салыстырмалы түрде саралап, фактілердің объективтілігін анықтау арқылы Қазақстан халқының әлеуметтік, этнодемографиялық өзгерістерін анықтауға мүмкіндік аламыз.
2. 1867-1868 жж. реформа негізінде әскери-сот комиссиясы және уездік соттар құрылды. Билер мен қазылар соты сақталды. Дау мәселесін шешкенде билер соты дәстүрлі құқық пен шариатқа, ал қазылар тек шариат заңдарына заңдарына сүйенеді. Билер соты үш сатыдан құрылды: бірінші саты – билердің жеке дара өз соты, екіншісі билердің болыстық съезі, үшіншісі билердің төтенше съезі. Облыстық басқармалар әскери және уездік сотқа қарамайтын барлық азаматтық және қылмыстық істерді үкіметке қарсылық көрсетіп, почтаға, қазыналық көлікке шабуыл жасап, телеграфты бүлдіріп, лауазымды және христиан дінін қабылдауға тілек білдірген адамдарды өлтіргені үшін әскери сот алдында жауап беретін болды. Ал жергілікті тұрғындардың кісі өлтіруі, қарақшылық жасауы, барымта мен керуенге шабуыл жасауы, бөтеннің иелігіне қол сұғуы, жалған ақша шығарып, қоғам мүлкін ұрлағаны, қазыналық басқарудың жарғысын бұзғаны және басқа да лауазымдық қылмыстары империяның жалпы қылмыстық заңы бойынша заңға тартылады.

1867-1868 жж. Ереже тәжрибе жүргізу үшін екі жылға ғана арналған болатын. Бірақ бұл «тәжрибені» жергілікті тұрғындардың қолдамауына байланысты 20 жылға созылды. Қазақстан жерінің Ресей империясының мемлекеттік меншігіне айналдыру жасалған реформаның ең ауыр салдары еді. 1893 жылы 26 наурызда патшаның жарлығына байланысты Каспий теңізі де Ресейдің жеке меншігіне айналды.



3. тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген. Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтардың бітімге келе қоюы мүмкін емес еді. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді . Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар біріккен, қазақтар бытыраңқы болды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Тауке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет