Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



бет8/45
Дата06.01.2022
өлшемі149,37 Kb.
#13050
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Байланысты:
bilet 1-30-1

6билет

1. Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.

Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету.



1928–1931 жыл­дардағы ұжым­дасты­ру ба­рысы: рес­публи­ка ша­ру­ашы­лығының 1928 жы­лы 2% -ы,1930 жы­лы сәуірде 56,4%-ы,1931 жы­лы қазан­да 69%-ы ұжым­дасты­рыл­ды.Ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін және мал­дарды күшпен ал­ды. Мы­салы, 1931–1932 жыл­да­ры Шұбар­тау ауда­нын­да мал­дың 80%-ы ет­ке өткізілді. Балқаш ауда­нының халқына 297000 малға са­лық са­лын­ды,. Торғай­дағы 1 млн. мал­дың 98 мыңы ғана қал­ды.Ку­лак­тарды жою ісі қатал жүргізілді. Шо­лақ бел­сенділер ор­та­шалар­мен қатар ке­дей ша­ру­аларға да зор­лық жа­сады. Күштеп үйымдастыру салдарынан 1931-1932 жж. аштық кеңінен етек алды. 

2. Қозғалыстың басты мақсаты: – Хан озбырлығына шек қою, шаруалар    жағдайын біршама жақсарту, жер мәселелеріндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту. 

Жәңгір хан Орынбор губернаторынан Исатай Тайманов пен Махаммбет Өтемісов және олардың кейбір серіктерін бұқараны ресми тәртіп пен патша үкіметінің даладағы саясатына қарсы «бүлікшілікке бастаушылар» етіп көрсетіп, оларды ұстау үшін жедел шаралар қолдануды сұрайды. 1836 ж. 17 наруызда сенімді билерге жолдаған хатында хан былай деп жазады: Исатай мен Махамбет «халықты жоғарғы билікке бағынбауға шақырып жүр. Олар старшындар Қарабекен мен Жоланның ауылдарын шапты. Сендерге оларды ұстап алып хан ордасына жеткізуге әмір етемін». Азаттық қозғалысының бастапқы кезеңіне тән белгілері: Халық хан билігіне ру басшыларына күрт наразылық білдіріп, оларды орындарынан алуды талап етті, екіншіден хан және бай сұлтандардың саясатына қарсы бағытталған қозғалысқа жаңадан ауылдарды тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді, қарулы жасақтар құрылып жатты. Сонымен қатар сұлтандар, билердің ауылдарына шабуыл жасалып, малдарын тартып алып, қоныстарын талқандау жиілей түсті. Көптеген ауылдар Исатай мен Махамбетті қолдап, Исатайдың қол астына келеді. Исатай мен Махамбеттің серіктері, көтеріліс басшылары: Сарт Еділұлы, Тінәлі Тайсойғанұлы, Иса Төлегенұлы, Имантай Қондыбайұлы т.б. ерлікпен күресті. Жәңгір ханның қарулы топтары Исатай туы астына топталған старшындардың ауылдарын жиі тонады. Бұл жағдай Орынбор генерал-губернаторы атына Исатай Тайманұлы Иманбай Қалдыбайұлы, Досхан Дағанбекұлы, Елжан Тұманбекұлы т.б. белгілі старшындар қол қойған шағымның түсуіне себепші болды. Тарихи маңызы: Хан сарайындағылардың іс-әрекетіне біршама шек койылды. Хан билігінің әлсірегенің көрсетті. Патша үкіметіне көтерілісті қолдаған старшындармен санасуына тура келді.Хандық билеу жүйесінің жойылатындығын көрсетті. Сипаты жағынан ұлт-азаттық бұл тартыс – отаршылдыққа және әлеуметтік езгіге қарсы бағытталды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет