Керейіттер-тайпаның аты Керлин (Керулен) өзенінің бойында қоныстанғандықтан керілер деп атаған. Жазба деректерде керілер тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Керейіттер батыс жағында наймандармен көршілес отырған ұйғырлармен тығыз қарым-қатынаста болды. ХІ ғасырдың екінші жартысында керейіт хандығының құрамына: керей, жиркин, қонкай, сақай, тутау, алабат, тунхай, қырқун атты сегіз тайпа кірген. Керей мемлекетінің шарықтау шегі Х –ХІІ ғасырлар аралығын қамтыды.. Монғолдың шежірелеріндегі деректерге қарағанда, керейіттер мен монғолдардың арғы аталары өзара бейбіт қарым –қатынаста болған. Алайда Керей билеушісі Торы мен Шынғыс хан арасындағы достық ұзаққа созылмады. 1202 жылы бұлар өзара жауласып, Шынғыс хан керейіттерді басып алады.
Жалайырлар-монғол шежірелеріндегі жалайыр тайпасының монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендерінің бойында және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүретіндігі айтылады. Жалайыр тайпасы 10 бөліктен тұрды. 1201 жылы Жамұқа Аргун өзенінің бойында құрылтайға шақырып, өзін «гурхан» жариялап, таққа отырған. Бұл жағдайды естіген Шынғыс хан кереіттер ханы Торымен одақ құрып, Жамұқаны жеңіп, жалайырларды қол астына қаратқан. Мұқылай – ақылды, шешен, батыр. Шынғыс ханның жарайыр тайпасының ішіндігі ең жақын адамы. Хан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін «күй үн чінсан тәйжі» деген атақ беріп, сол қанатының түменің басқартқан.
2. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды. Патша өкіметі құлатылған соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Большевиктік партияның қатарына С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Т. Рысқұлов, С. Арғыншиев және басқалары кірді. 1917 жылғы 21–26 шілдеде Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» съезде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т. б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5–13 (18–26) желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде қазақтың автономиясы – Алашорда Үкіметі – Ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. 1918 жылғы 5 қаңтарда Бүкілресейлік құрылтай жиналысының күшпен таратылуы Алаш автономиясын құру мүмкіншілігіне де зардабын тигізді. Алашорда басшылары мен большевиктер арасындағы қайшылық тереңдей түсті. Егер Алаш партиясы, біріккен ұлттық зиялылар большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат әлеуметтік тәжірибені күштеп танушы, қазақ жұртына іріткі салушы күш ретінде қараса, большевиктер Алаш қозғалысына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін қорғайтын төңкеріске қарсы кертартпа күш есебінде қарады.
Сөйтіп, қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісі – Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге тоталитарлық өктемдік пен империялық зорлық-зомбылықтың шабуылына көміліп, тарих қойнауында қала берді.
3.
Шуьбинка-ШҚО- Кейінгі тас ғасырының тұрақтары, өте жақсы өңделген қырғыштар, уақыты 25 мың жыл бұрын
Батпақ-Орталық Қазақстан- Кейінгі палеолитке жататын ескерткіштердің ішіндегі ең көрнектісі, мәдени қабаты 6 м, жасы –б.з.б.30-25 м.ж.300-ге таяу тас құрал табылды.
Майбұлақ-Орт Қазақстан- Жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақтар табылды
Достарыңызбен бөлісу: |