Қазақтың классик жазушысы, біртуар тұлға Мұхтар Әуезов халқымыздың музыка өнері жайында: «Қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі ішекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс – тарих үшін елеулі бұйым» деген екен. Расында, бұл халқымыздың дәстүрлі музыка өнері атадан балаға мирас болып, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан рухани-мәдени байлығы.
Домбыра және дабыл
Біз қазақтың ұлттық аспаптарын есімізге алғанда бірден домбыра келеді. Домбыра — ұзын грифті, алмұрт тәрізді корпусы бар, екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспап.
Домбырада ойнаудың екі түрі бар: кейбір музыканттар ішекті ұрып, ал басқалары оларды түртіп ойнайды.
Бүгінде домбыра — дәстүрлі орындаушылар мен музыканттардың міндетті аспабы. Қазақстанда шілденің алғашқы жексенбісі — Ұлттық домбыра күні.
Дабыл — қазақтың дәстүрлі ұрмалы аспабы. Екі жағынан терімен қапталған және ұстауға болатын жиегі бар.
Дабылдың дауысы қатты шығады. Ежелде оны дыбыс беру үшін қолданған. Ежелгі аспапта әдетте қолмен немесе күйікпен ойнаған. Қазіргі уақытта оркестрлік дабылдардың екі түрі бар: ағаш корпусы бар кіші және мыс корпусы бар үлкен.
Жетіген
Қазақ музыкалық аспаптарының тағы бір белгілі атауы — қобыз. Ағаштан ашық кесе түрінде жасалады. Астынғы жағы терімен қапталады. Ішектері жылқы қылынан жасалады.
Қобыз жануарлардың дауысына ұқсайтын қалың барқыт дыбыс шығарады. Қазіргі уақытта қобызды қазақ халық аспаптарының ансамбльдері мен оркестрлерінде музыканттар пайдаланады.
Жетіген — жеті ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Ағаштан жасалады, тікбұрышты пішіндес. Ішектерде асық түріндегі сақиналар салынады, олардың көмегімен аспапты баптауға болады. Жетіген халық оркестрлері мен ансамбльдерінде әлі күнге дейін қолданылады.
ШЕРТЕР
Шертер — қазақтың ежелгі ішекті-шертпелі аспабы. Шертердің қысқа гриф бар. Аспап ағаштан иілген пішінде жасалады.
Қазақ халқының музыка мәдениетінің даму тарихы өзгеше. Музыка аспаптарының әр түрлілігі де соның бір айғағы.Ұмыт болған аспаптарды қайта өңдеу және оларды жетілдіре түсу , аспаптарды дамыту сондай –ақ осы аспаптарға байланысты ұлттық өнерімізді тұрмысымызға кеңінен енгізу біздің азаматтық парызымыз. Уақыт шаңына көміліп ұмыт қалған қазақтың көне аспаптарында ойнау тәсілдерін қайта өрбітіп , қалпына келтіру - әуезшілік шығармалардың мазмұнын жаңа көркемдік сатыға көтеріп қоймай , ұлттық мәдениетімізді байытып , оған дәстүрлік тұрпат беретіні сөзсіз.